Эпидемиологиясы. Гастринома — пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат
Гастринома — пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамитын сирек сырқат. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді, көп жағдайда ер адамдар (60%) сырқаттанады.
Клиникалық көрінісі
· Қарапайым терапияға рефрактерлі қайталамалы пептикалық ойық жара.
· Диарея және стеаторея (50 % жағдайда).
· Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60%).
9.4 кесте.Гастринома
Этиологиясы | 90 % жағдайда қатерлі метастатикалық ісік, жиі (80 %) ұйқыбезінде орналасады, сирек жағдайда— онекі елі ішек қабырғасында (15%). 25 % жағдайда гастринома көптеген эндокринді неоплазия синдромының І типі шеңберінде кездеседі |
Патогенезі | Бақыланбайтын гастрин өндірілуі париетальды жасушалардың гиперстимуляциясына, гиперплазиясына және тұз қышқылы өндірілуінің жоғарылауына әкеледі |
Эпидемиологиясы | Пептикалық ойық жаралар көрініс берген науқастардың 1%-да дамиды. Жаңа жағдайлардың даму жиілігі жылына 1 млн халыққа 0,5 жағдай сәйкес келеді |
Басты клиникалық көрінісі | · Қарапайым терапияға рефрактерлі рецидив беруші пептикалық ойық жара · Диарея және стеаторея (50 % жағдайда) · Қатерлі гастриноманың бауыр мен басқа мүшелерге метастаз беруі (60 %) |
Диагностикасы | 1. Гастрин деңгейі кем дегенде 3 есе жоғарылайды 2. Интакті асқазанда тұз қышқылы секрециясының базальды деңгейі 15 ммоль/сағ.дейін, ал резецирленген асқазанда деңгейі 5 ммоль/сағ. дейін жоғарылайды 3. Ісіктің топикалық диагностикасы |
Салыстырмалы диагностикасы | Ойық жара ауруы |
Емі | Ісік резекциясы, операция орындауға келмеген жағдайда —антипролиферативті (октреотид) және симптоматикалық (омепразол) терапия |
Болжамы | 5-жылдық өмір сүру көрсеткіші радикальды операцияланған науқастарда 90%-ды; ал метастаз бергенде — 20 %-ды құрайды |
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 685;