Диагностикасы. 1. Үш күндік ашығу сынағы инсулиномаға тән Уиппл үштігін провокациялау мақсатында орындалады:

1. Үш күндік ашығу сынағы инсулиномаға тән Уиппл үштігін провокациялау мақсатында орындалады:

— ашқарынға гипогликемия ұстамаларының дамуы;

— қанда ұстама кезінде глюкоза деңгейінің 2,5 ммоль/л –ден төмен түсуі;

— көктамырға глюкозаны енгізу арқылы ұстаманы тоқтату.

Ашығу уақытының басталуы соңғы тағам қабылдау уақытына сәйкес келеді. Науқасқа тек су қабылдауға рұқсат етіледі. Сынақ барысында қандағы глюкоза, С-пептид деңгейі әлсін-әлсін зерттеледі. Глюкоза деңгейін экспресс әдіс арқылы глюкометрмен анықтаумен салыстырғанда зертханада анықтаған ақпаратты. Сынақтың бастапқы кезінде қан әрбір 6 сағат сайын алынады, ал глюкоза деңгейі 3 ммоль/л-ден төмен болғанда интервал қысқартылады, ашығу глюкоза деңгейі 2,5 ммоль/л-ден төмен болғанда тоқтатылады, егер гипогликемия симптомдары анықталса көктамырға глюкоза енгізеді.Тек глюкоза деңгейінің төмендеуіне қарап, гипогликемиялық симптомдар көрініс бермей-ақ сынақты тоқтатуға болмайды, бұл жағдайда сынақтың дигностикалық құндылығы төмендейді. Егер науқаста 72 сағат бойы гипогликемия симптомдары көрініс бермей және қандағы глюкоза деңгейі 2,5 ммоль/л-ден төмендемесе, сынақ тоқтатылып, нәтижесі теріс деп бағаланады. Науқастардың басым көпшілігінде Уиппл үштігі сынақ басталған соң 12–18 сағаттан кейін дамиды (9.3 сурет).

2. Инсулиноманың топикалық диагностикасы ашығу сынағы оң болғанда ғана орындалады. Аса маңызды ақпаратты зерттеуге эндоскопиялық зерттеу мен интраоперациялы УДЗ жатады; қажет болған жағдайда портальды жүйе көктамырынан селективті жолмен қан алумен ангиография жүргізіледі ( 9.2 бөлімді қараңыз).

 

9.3 сурет.Үш күндік ашығу сынағы кезінде қандағы инсулин мен глюкоза деңгейі: А — қалыпты; Б — инсулиномамен ауыратын науқас

Қалыпты жағдайда ашығудан 12 сағаттан кейін инсулин деңгейі біршама төмендеп, глюкоза деңгейі 3,4 ммоль/л-ге дейін жоғарылайды. Ал инсулинома кезінде ашығудан 15–18 сағаттан кейін гликемия 2 ммоль/л-ге дейін төмендейді, ал инсулин деңгейі сынақ жүргізу барысында гипогликемиялық жағдайдың дамуына қарамастан, үдемелі түрде жоғарылады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 776;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.