ИНСУЛИНОМА
Инсулинома — ашқарынға гипогликемиялық синдромның дамуымен сипатталатын, Лангерганс аралшықтарының β-жасушаларынан дамитын инсулинөндіруші ісік (9.3 кесте).
Гипогликемиялық синдром — гипогликемияға әкелетін қандағы глюкоза деңгейін тұрақтандыратын жүйенің тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде дамитын симптомдар кешені. Гипогликемия деп қанда глюкоза деңгейі 2,2–2,5 ммоль/л-ден төмен болғанда айтамыз, бірақ гликемия деңгейі мен клиникалық симптоматика айқындылығы арасында әрдайым корреляция бола бермейді. Жиі гипогликемиялық бұзылыстар қантты диабетті емдеу барысында дамиды, бірақ бұл жағдай гипогликемиялық синдромға жатпайды және ол жеке қарастырылады (7.7.3 бөлімді қараңыз).
9.3 кесте.Инсулинома
Этиологиясы | 85–90% — қатерсіз солитарлы ісік; 10–15 % жағдайда бірнеше ісіктер және өте сирек жағдайда ҰБ-ден тыс (1 %) орналасады (көкбауыр қақпасы, бауыр, ұлтабар қабырғасы). 10% жағдайда І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде орналасады |
Патогенезі | Гликемия деңгейіне тәуелсіз автономды түрде ісікпен инсулиннің артық өндірілуі |
Эпидемиологиясы | Жаңа жағдайлар жиілігі жылына 1млн адамға 1 жағдай сәйкес келеді. 25-55 жас аралығында жиі диагностикаланады |
Басты клиникалық көрінісі | Тұрақты неврологиялық симптоматиканың дамуымен сипатталатын адренергиялық және нейрогликопениялық симптомдардың ұштасуы (интеллектің төмендеуі, психотикалық көріністер, амнезия және т.б.) |
Диагностикасы | 1. Үш күндік ашығу сынағы 2. Ісіктің топикалық диагностикасы |
Салыстырмалы диагностикасы | Ұйқыбез аралшықтарының β-жасушаларының диффузды гиперплазиясы, токсикалық гипогликемия, ауыр ағзалық жеткіліксіздік, ірі β-жасушалық емес ісіктер, постпрандиальды гипогликемиялық синдром |
Емі | Хиругиялық: ісіктің энуклеациясы, ісікпен бірге ұйқыбез бөлігін резекциялау. Операция орындалмайтын ісіктерге диазоксид, химиотерапия (стрептозотоцин) |
Болжамы | Орташа көлемдегі солитарлы инсулиноманы алып тастағанда болжамы қолайлы |
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 797;