Этиологиясы. ЖА дамуына генетикалық бейімділіктің әсер ететіні сөзсіз: бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 50 %

ЖА дамуына генетикалық бейімділіктің әсер ететіні сөзсіз: бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 50 %, ал егіз болып табылмайтын апалы-сіңілілерде — 20 %. Генетикалық бейіміділік, тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, эмоционалды лабильділік, психопатизация, «мінсіз дене пішіні» жөніндегі қоғамда қалыптасқан пікір ЖА дамуына әкеледі. Фрейдизм тұрғысынан қарағанда ЖА дамуы «жыныстық өмірден ессіз қашу», «балалық шаққа қайта оралғысы келу», «жүктіліктен бас тарту» деп түсіндіріледі. Жеке тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, отбасыдағы тәрбие, науқастың физикалық және психикалық дамуы, әлеуметтік түрткілердің де маңызы үлкен. ЖА-ға жиі жоғарғы интеллекті, эмоциональді лабильді, депрессияға бейім, клептомания, фобияға жақын, истероидты, шизодты, параноидальды типке жататын қыз балалар ұшырайды. ЖА сирек жағдайда психикалық аурулары бар ер адамдарда дамиды. Әдетте, ЖА перипубертатты кезеңде, эндокринді жүйеде дамитын физиологиялық өзгерістер көрінісінде жарыққа шығады. ЖА-ның булимиялық түрі гипоталамус-гипофизарлы жүйенің преморбидті ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

 

Патогенезі

Жоғарыда көрсетілген түрткілер науқастардың тағам қабылдаудан бас таруына әкелетін тұрақты дисморфомания мен дисморфофобияға әкеледі. ЖА түрлерінің бірі жүйкелік булемия болып табылады. Жүйкелік булемияұзақ уақыт бойы ашығу эпизодтары ретсіз көп мөлшерде тағам қабылдаумен ауысып отырады, кейін жасанды түрде құсу рефлексін шақырып, асқазанды шаюмен сипатталады. Жүдеуге әкелетін ашығу екіншілік нейроэндокринді және метаболикалық өзгерістердің дамуына жол ашады. Менстуральды цикл аменореяға дейін бұзылады, бұл гонодотропты гормондардың төмендеуімен түсіндіріледі, яғни олардың бөлінуі пубертаттық кезеңге дейінгі қыздардікімен бірдей болады. Ауыр ЖА-ға гипокалиемия, калийдің абсолютті тапшылығы, сусыздану, жасушаішілік ацидоз тән. Кенеттен дамитын науқастардағы өлім себебі, элекролитті бұзылыстармен байланысты.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1105;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.