Этиологиясы. Гинекомастияның дамуына көптеген аурулар мен сыртқы ортаның түрткілері әкелуі мүмкін
Гинекомастияның дамуына көптеген аурулар мен сыртқы ортаның түрткілері әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары төмендегі 6.10 кестеде көрсетілген.
Патогенезі
Гинекомастияның патогенезінің астарында ер адам ағзасында шектен тыс абсолютті немесе салыстырмалы түрде эстрогендердің артық болуы жатыр. Жаңа туылған нәрестелердің гинекомастиясы қан арнасында айналымды жүрген плацентарлы эстроген әсерінен дамиды және сирек жағдайда ғана ұзақ сақталады. Ал жасөспірімдік кезде дамитын гинекомастия тестостеронның эстрогенге конверсиясын (айналуын) қамтамасыз ететін ароматаза белсенділігінің жоғары болуынан көрініс береді.
6.10 кесте.Гинекомастия себептері
Физиологиялық гинекомастия | — Неонатальды — Пубертатты — Отбасылық — Идиопатиялық |
Дәрілік заттар | — Эстрогендер, антиандрогендер, тестостерон — Спиронолактон, ААФ-ингибиторлары, дигоксин, кальций антагонистері. — Алкилирлеуші агенттер. — Алкоголь, марихуана, героин, метадон. — Циметидин. — Кетоконазол, метронидазол, туберкулезге қарсы дәрілік заттар. — Трициклдік антидепрессанттар, дофамин антагонистері, опиаттар, бензодиазепиндер |
Гипогонадизм | Біріншілік, екіншілік (6.3 бөлімді қараңыз). |
Ісіктер | — Эстроген- и андрогенөндіруші аталық без және бүйрек үсті безі ісіктері — ХГ-өндіруші аталық без (эктопирленген герминома) |
Эндокринді аурулар | — Тиреотоксикоз — Кушинг синдромы — Акромегалия |
Жүйелік аурулар | — Бауыр циррозы —Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі — ВИЧ-инфекция |
Тағы басқалар | — Кеуде қуысының жарақаттары —Кеуде аймағындағы Herpes zoster —Семіздік |
Гинекомастия гипогонадизмнің барлық түрлерінде дами береді. Туа біткен түрлерінде бүйрек үсті безі андрогендерінің шектен тыс ароматизациясы тестостеронның тежеуші әсерінің тапшылығынан немесе оның болмауынан дамиды. Екіншілік гипогонадизм мен гиперпролактинемия кезінде гинекомастия өте сирек көрініс береді.
Гинекомастия жиі созылмалы жүйелік аурулар кезінде дамиды. Бауыр циррозында эстроген мөлшері жыныс гормондарын байланыстырушы глобулин синтезінің артуы нәтижесінде андростендион ароматизациясының артық болуынан жоғарылайды. Тиреотоксикоз кезінде гинекомастияның дамуына андрогендердің шеткі ароматизациясының күшеюі себеп болуы мүмкін.
Эстрогенді дәрілер көкірек безінің өсуін сөзсіз ынталандырады. Спиронолактон эстрадиол рецепторларының антагонисті бәсекелесі болып табылатын канренонға метаболизденеді. Циметидин тек антиандрогенді әсер көрсетіп қана қоймай, 2-гидроксилденген эстрадиол мөлшерін төмендеді, ал ол өз кезегінде алғашқысының мөлшерін 20%-ға арттырады. Басқа дәрілік заттар тестостерон синтезінің ингибиторы (кетоконазол) ретінде әсер етіп гипогонадизмді және Лейдиг жасушаларын зақымдап (цитостатиктер) гиперпролактинемияны шақырады (нейролептиктер).
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 888;