ГИНЕКОМАСТИЯ

Гинекомастия - ер адамдарда көкірек безінің диаметрі 2 см-ден артық болатын қатерсіз ұлғаюы. Гинекомастия жеке сырқат ретінде дамымайды, ол басқа сырқаттардың симптомы ретінде көрініс береді. Шынайы гинекомастияны жалған гинекомастиядан немесе липомастиядан ажырата білу қажет. Соңғысы май тінінің ұлғаюы есебінен дамиды. Шынайы гинекомастия кезінде көкірек безі бөліктік сүт түтіктердің гиперплазиясы, бездің дәнекер тінінің гипертрофиясы есебінен ұлғайып, макроскопиялық тіннің бездік және стромалық құрылымдарының артуымен көрінеді. Шынайы гинекомастия физиологиялық (жаңа туылған нәрестелерде, пубертатты және қарттық) және патологиялық болып жіктеледі (6.9 кесте).

 

6.9 кесте.Гинекомастия

Этиологиясы Физиологиялық (неонатальды, жасөспірімділік), дәрілік заттар (эстрогендер, спиронолактон, алкоголь, наркотиктер), ісіктер (эстроген- және ХГ-өндіруші), эндокринді аурулар (тиреотоксикоз, Кушинг синдромы), жүйелік аурулар (бауыр циррозы) және т.б  
Патогенезі Эстрогендердің абсолютті немесе салыстырмалы артық болуы
Эпидемиологиясы Пубертатты гинекомастия — 13–14 жас аралығында сау ер балалардың 50–70 %-да көрініс береді. 30жастан кіші ер адамдардың 30 %-да, ал 45 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды
Басты клиникалық көріністері Көкірек безінің ұлғаюы, қысу сезімі, көкірек безі ұштарының тітіркенуі
Диагностикасы 1. Көкірек бездерінің, аталық бездерінің пальпациясы, гипогонадизм, жүйелік аурулар. 2. Тестостерон, эстрадиол, ЛГ, ФСГ, пролактин, ЖГБА, ХГЧ, бауырлық трансаминазалар. 3. Көкірек және аталық бездердің УДЗ-сі  
Салыстырмалы диагностикасы Көкірек безінің қатерлі ісігі, жалған гинекомастия, гинекомастияның даму себептерін анықтау
Емі 1. Неонатальды және пубертатты гинекомастия емдік шараларды қажет етпейді және өздігімен жазылады. 2. Мүмкін болса — гинекомастия дамуына себеп болған түрткіні жою. 3. Косметикалық мәселелер мен\немесе көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты тұрақты сақталған гинекомастия кезінде мастэктомия жасалынады
Болжамы Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Басқа жағдайларда гинекомастияның дамуына әкелген себептерге тәуелді

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 929;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.