Жинау коэффициенті, координациялық сандар және координациялық конжақтар.
Кристалдарды талдаған кезде олардың атомдарының маңындағы көршілерінің саны,сорты,оларға дейінгі қашықтықты білудің зор маңызы бар, олар бір сөзбен айтқанда – координация деп аталады.
Координациялық сан (к.с) деп центр мен көрші атомдар санын, не атомнан не ионнан бірдей қашықтықта жатқан бір сортты атомдарды айтамыз.
Кристалдар құрылысында бөлшектер арасындағы күштерге байланысты . Металл құрлыстары жоғарғы координатаға иондық кристалдарға ұмтылады,бұл кезде әр ион өзінің маңына неғұрлым көп қарама-қарсы зарядталған ион жинауға тырысады. Тұрақты құрылыс сол кезде болады,егер әрбір ионның маңында теріс зарядталған иондар болса.Бұл кезде электр нейтралдылығы сақталу керек.
Металлоидтардың құрылымының координациялық саны аз 3-4. Металдар мен қарапайым иондық қосылыстарда және де басқа да жағдайларда берілген атомды қоршап тұрған көршілес атомдар симметриялы бірдей позицияда болады, сонда орталық атомнан арақашықтығы бірдей болады. Осындай жақын көршілестер саны немесе бірінші координациялық сферадағы олардың сандары координациалық сан болып табылады, ал келесі қашықтықтағы көршілестер екінші координациалық сфера құрайды т.с.с
Күрделі және төмен симметриялы құрылымдарда жақын көршілестер ара қашықтығы бірдей болмауы мүмкін, бірақ координация ұғымын қолдануға болады, егер осы ара қашықтықтардың жиынтығы келесі сферадағы атомдар жиынтығына дейін белгілі бір үзілісте болса. Егер бірінші және екінші сферадағы атомдар жақын орналасса, онда екі координациалық санды көрсетеді - мысалы 8+6 т.б.
Егер бірінші координациалық сферадағы орталықтары бір-біріне жақын атомдарды(иондарды) сызықпен қоссақ, барлық төбелері атомдардың (иондардың) бір сортымен толтырылған ,жазық қырлармен шектелген, координациялық көп қырлы (полиэдр) геометриялық фигураны аламыз. Координациялық полиэдрдың төбесі координациялық санға тең. Осы сферадағы атом аралық арақашықтық- төбесінен орталық атомға (ионға) дейін, ал полиэдрдің қабырғалары - орталық атомның жақын көршілестер арасындағы арақашықтығы. Координациялық полиэдрлердің түрлері 7 суретте көрсетілген. Осы суретте көрсетілгендей , бір координациалық санға әр түрлі координациялық полэдрлер сай келуі мүмкін.
Берілген қасиеттермен жаңа кристаллдық зату алуда, химиялық қосылыстардың жіктелуінде координациалық сандар маңызды мағынаға ие болады.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1804;