Здама тәрізді артрит

Құздама тәрізді артритбелгісіз себептердендамитын аутоиммундық дерт. Содан буындардың (негізінен сілемейлі қабығының) және ішкі ағзалардың жүйелік сүлде қабынуы дамиды.

Этиологиясы әлі толық анықталмаған. Бүгінгі таңда жорамал бойынша оның пайда болуында:

√ тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы бар. Жақын туыстардың арасында бұл дерт 16 есе жиі кездеседі. Құздама тәрізді артрит дамуы мен HLA тін үйлесімділік жүйесінің DR1, DR4, DRW4, DW4, DW14 антигендерінің арасында тікелей байланыс болатыны белгілі. Организмнің иммундық жауабына қатысы бар бұл антигендер әртүрлі микробтарға иммунитеттің жасушалық және сұйықтық тетіктерін әсерлендіріп артрит дамуына әкелуі мүмкін;

√ вирустардың (Эпштейн-Барр вирусы, ретровирустар, қызамық, ұшық вирустары; цитомегаловирус т.б.) және микобактериялардың маңызы бар.

Вирус синовиоциттерді тікелей бүліндіруі мүмкін немесе вирус жұқтырған лейкоциттер буын қуысына өтуден олардан босап шыққан вирус синовиоциттермен фагоциттелініп сілемейлі қабықты бүлдіреді – деп есептеледі.

Патогенезі. Құздама тәрізді артрит пайда болуында, Т-супрессор лимфоциттердің қызметі төмендеуімен көрінетін, жүре пайда болған иммундық тапшылықтан дамитын аутоиммундық жайылмалы сүлде қабынудың маңызы бар. Әлі анықталмаған себепкер ықпал макрофагтармен, CD4+Т-лимфоциттерімен әрекеттесіп иммундық серпіліс туындатады. Макрофагтар, тін үйлесімділігінің II-түрдегі үлкен кешенімен бірігіп, антигенді Т-хелпер жасушаларына таныстырады. Макрофагтар өндіретін IL-1, IL-12 CD4+ хелпер жасушаларын әсерлендіріп, олардың өсіп-өнуін арттырады. Содан буынның сілемейлі қабығына Т-хелпер лимфоциттері, плазмалық жасушалар, макрофагтар сіңбеленеді. Әсерленген CD4+ хелпер жасушалары IL-2 өндіріп В-лимфоциттерінің өсіп-өнуін және олардың плазмалық жасушаларға нақтылануын сергітеді. Плазмалық жасушалар сілемейлі қабықта өзгерген және өзара жабысқан IgG өндіре бастайды. Организмнің иммундық жүйесі бұл иммундық глобулинді бөтен текті антиген ретінде танып, сілемейлі қабықтың, лимфалық түйіндердің, көкбауырдың плазмалық жасушаларында оған қарсы IgM түріндегі антиденелер өндіреді. Бұл антиденелер құздамалық фактор делінеді. Ол құздама тәрізді артритпен ауыратын науқастардың 70-80%-да анықталады. Құздамалық фактор шамалы мөлшерде дені сау адамдарда да, жүйелі қызыл жегі, аутоиммундық сүлде гепатит, Шегрен синдромы, гемобластоз, өспе өсуі кездерінде де анықталуы ықтимал. Кейде құздама тәрізді артрит кезінде қанда басқа (ДНҚ молекуласына, жасуша ядросына, қан жасушаларына, коллагеннің II түріне т.б.) аутоантиденелер де табылады.

Өзара жабысқан IgG құздамалық фактормен әрекеттесуінен иммундық кешен құрылады. Бұл иммундық кешенді сілемейлі қабықтың макрофагтары мен нейтрофилдері фагоциттейді. Содан нейтрофилдер бүлініске ұшырап, олардан лизосомалық ферменттер, қабыну медиаторлары (гистамин,, серотонин, кининдер, простагландиндер мен лейкотриендер т.б.) босап шығады. Бұлар сілемейлі қабық пен шеміршекті бүліндіреді. Сонымен қатар, иммундық кешендер, тромбоциттердің агрегациясын, микротромбтар қалыптасуын туындатып, микроциркуляцияны бұзады. Бұл кезде буын антигендеріне қарсы аутоантиденелер ұдайы өндірілуіне байланысты қабыну сүлде түрде өтеді. Дәнекер тіннің және басқа ағзалар мен жүйелердің бүліністері иммундық кешендердің әсерінен васкулит дамуымен байланысты болады – деп есептеледі.

Құздама тәрізді артрит даму патогенезінде цитокиндердің маңызы өте зор. Буын тіндерінде және сұйығында IL-1, IL-6, өспені жоятын альфа-фактор, гранулоциттер мен макрофагтардың колония құруын сергітетін фактор т.б. цитокиндер көптеп анықталады. Бұл цитокиндер сілемейлі қабық жасушаларында, макрофагтар мен фибробластарда өндіріледі және келесі жолдармен қабыну дамуын күшейтеді:

√ қабыну дамытатын простагландер түзілуін арттырады;

√ сілемейлі қабық жасушаларында адгезиялық молекулаларды (селектиндер, интегриндер, тамыр жасушалық адгезиялық молекулаларды -VCAM-1, жасуша аралық адгезиялық 1 және 2 молекулаларды - ICAM-1 және 2) әсерлендіріп бұл қабыққа лимфоциттер, моноциттер мен макрофагтар жабысуын күшейтеді;

√ шеміршектер мен сүйек тінін ыдырататын (коллагеназа, желатиназа т.б.) ферменттердің белсенділігін көтереді;

√ әртүрлі жасушалардың мембранасында тін үйлесімділігі үлкен кешені II түрінің молекулаларын қатты өршітіп, аутоиммундық үрдіс дамуына мүмкіншілік туындатады;

√ гранулоциттер мен макрофагтардың колония құруын сергітетін фактордың әсерінен нейтрофилдер мен макрофагтарда липидтердің асқын тотығуы қатты көтеріледі; иммундық кешендерді фагоциттейтін лейкоциттер буын қуысына шығады;

√ сілемейлі қабықта жаңа тамырлар құрылуын (ангиогенезді) күшейтіп буын қуысына лейкоциттердің шығуын арттырады.

Сонымен бірге, IL-1 және өспені жоятын бета-фактор IL-6 өндірілуін қатты күшейтеді. Ол өз алдына бауыр жасушаларында жіті кезеңдік нәруыздар (С-реактивті нәруыз, фибриноген т.б.) түзілуін көбейтеді, буын сүйектерінде остеопороз дамуын, В-лимфоциттерінің плазмалық жасушаларға нақтылануын және құздамалық фактор түзілуін туындатады.

Осылармен қатар, құздама тәрізді артрит дамуында эндотелий жасушаларының қатысуы да өте маңызды орын алады. Олар цитокиндер (IL-1, 6, 8, тромбоциттік өсу факторы т.с.с.) өндіріп иммундық қабыну дамуын реттейді, қабынудың жіті және сүлде кезеңдеріне қатысады.

Қорыта келгенде, құздама тәрізді артрит кезінде аутоиммундық қабыну дамуынан буынның бүлінуі сілемейлі қабықтың қабынуымен (синовит) басталып, артынан буындарда белсенді өсіп-өнетін фибробластардан, лимфоциттерден, макрофагтардан және жаңадан пайда болған көптеген қан тамырларынан тұратын және қатты өсіп-өнетін қызылшақа (грануляциялық) тін қалыптасады. Осы жағдайды паннус (лат. pannus-жамау, мата кесіндісі) дейді (- сурет). Бұл тін қарқынды өсіп сілемейлі қабықтан шеміршекке тарайды және оны коллагеназа т.б. протеолиздік ферменттерімен ыдыратады. Содан буын ішіндегі шеміршек біртіндеп жоғалады, оның орнында қызылшақа тін болуынан шорбуындық дамиды. Буын қабы, байламдары, сіңірлерінің сүлде қабынуынан буынның сыртқы пішіні өзгереді, шалатаюы, сіресіп қалуы байқалады.

 

 

- сурет. Құздама тәрізді артрит кезіндегі жасушалардың қатты өсіп-өнуінен қызылшақа тін (паннус) қалыптасуы.

 

Құздама тәрізді артрит даму жолдарында аутоиммундық құбылыстар дерттің бастапқы сатыларында маңызды орын алып, соңғы кезеңдерінде иммундық емес тетіктердің (паннустың өсу қабілеті, буын шеміршектеріне жайылуы және оларды бүлдіруі) маңызы артады – деген пікір кездеседі.

Қорыта келе, құздама тәрізді артрит даму патогенезі – сызбанұсқа мен - суретте келтірілген.

Бұл артрит кезінде остеопороз дамиды. Бұл кезде моноциттер мен макрофагтарда өндірілетін IL-1, IL-6, IL-11, өспені жоятын фактор т.б. цитокиндердің сүлде қабыну дамытуы және остеокластарды әсерлендіруі, буын қимылының азаюымен қабаттасып остеопороз дамытады.

 

- сурет. Құздама тәрізді артриттің патогенезі

 

 








Дата добавления: 2015-05-08; просмотров: 2728;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.