Эксперименталды зерттеу кезеңдері
Кез келген ғылыми эксперимент кезеңдердің тұйықталған шеңберінен тұрады, ол көбінесе жеті буынмен беріледі (сурет 4.1). Сызбада көрсетілгендей, әр кезең келесі кезеңді туындатса, кейінгі кезең өзінің алдыңғы кезеңмен логикалық байланыста болады.
Сурет 4.1. Эксперимент кезеңдерінің тұйықталған сызбасы
Мұнда әр кезең зерттеу нысанымен тікелей және кері байланыста болады.
Эксперименттің негізгі және бастапқы кезеңі эксперимент міндетін қалыптастыру және қою болып табылады, ол көбінесе зерттеу мәселесі бойынша бұрындары қабылданған гипотезамен және әзірленген теориямен негізделеді.
Екінші кезең бірінші кезеңнен логикалық байланыста туындайды және ол эксперимент жоспарын әзірлеу деп аталады (бұл сұраққа оқулықтың 4.2 бөлімі арналған).
Экспериментке дайындық – эксперименттің үшінші кезеңі. Осы кезең шегінде жабдықтар іріктеледі, оны қолдану қажеттілігі негізделеді, ол зертханаға, эксперименталды қондырғыға, стационарлы не жылжымалы тензозертханаға орнатылады, жабдықты калибрлеу, тарирлеу сияқты жабдықтарды, құралдар мен құрылғыларды дайындау жұмыстары жүргізіледі, эксперимент сызбасы жасалады және ол жүзеге асырылады.
Төртінші кезең – экспериментті тікелей жүргізу кезеңі. Бастапқы үш кезең де осы кезеңге қызмет етеді және осы кезеңнің дұрыс іске асуы және нәтижесінің дұрыс болуы алғашқы үш кезеңге байланысты. Бұл орталық кезең, бірақ соңғы емес, себебі осы кезеңде алынған жалпылама деректер, тіпті магнитті не жарық сезгіш таспаға үздіксіз жазылса да, одан арғы өңдеуді талап етеді.
Эксперименттің бесінші кезеңі эксперименталды деректерді өңдеуден тұрады. Зерттеу үдерісі заңдылығын талдау мен анықтау мүмкіндігін негіздейтін эксперимент жүргізу нәтижелерін математикалық өңдеудің көп әдістемесі бар.
Зерттеудің алтыншы кезеңі – эксперименттің өңделген нәтижелерін талдау, негізгі ғылыми ережелер мен заңдылықтарды, регрессия теңдігін, бағалау функциясын әзірлеу.
Жетінші соңғы кезең – шешім қабылдау. Осы кезең шегіндегі зерттеушілер әрекеті зерттеу міндетіне сай әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, бұл кезеңге белгілі бір жалпылама тән, бұл кезеңде зерттеу нысанын жетілдірудің жалпы не дербес (зерттеу міндетіне байланысты) бағыты әзірленеді, ол теориялық және эксперименталды зерттеудің алдыңғы кезеңдерімен логикалық тұрғыда байланыста болады.
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 10423;