Экспериментке қойылатын талаптар
Зерттеу нәтижесі дәл, эксперимент дұрыс қойылған болуы үшін ол келесідей талаптарға сай болуы керек:
1. Экспериментті жүргізу жағдайының табиғилығы. Эксперимент зерттеу нысаны (машина, технология, жүйе т.б.) жасалатын аймақтың табиғи жағдайында орындалуы керек. Мысалы, зерттеу материалдары бойынша мезорельефті аудандарға арналған кең қармауышты шарнирлі-мүшелі сепкіш жасалды. Оның жұмысының сапалы көрсеткіштерін зерттеу бойынша экспериментті нақты жағдайда – мезорельефті ауданда жүргізу керек.
2. Эксперименттің жарамдылығы – эксперимент жүргізу шартының оның міндеттеріне сай келуі. Ұсақ тұқымды дақылды себуге арналған сепкіш тұқымды топыраққа шағын тереңдікке тегіс себуі керек. Бұл үшін агроталаптарға сәйкес себудің алдында топырақ мұқият таңдалып, тегістелуі керек. Сәйкесінше, эксперимент талаптарына сай келе отырып, жасалған ұсақ тұқымды сепкіш жақсы өңделген, тегістелген топырақта, тұқым себу тереңдігінде сыналуы керек, олай етпесе, нәтиже сынақ міндеттеріне жауап бермейді.
3. Эксперименттің перспективтілігі – бұл экспериментте қазіргі озық техника мен технологияны ғана емес, болашақтағы озық техника мен технологияны да қолдануды талап етеді.
Ауданды механикаландыруға лайықты құралды анықтау бойынша экспериментте тек заманауи техника үлгілерін ғана қосып қоймай, олардың жақын және алыс болашақтағы жағдайын да ескеру керек.
Мәселен, Оңтүстік Орал мен Заволжье аймағындағы комбайн паркінің қызметі бағытын анықтау үшін эксперимент жүйесіне тек отандық «Нива», «Енисей», «Дон» сияқты комбайндар ғана емес, «Вестерн» заманауи комбайн типі де, оны болашақта дамыту мақсатында «Кейс» комбайн тобы да енгізілді.
4. Эксперименттің мақсаттылығы – экспериментте нысанның тек зерттеліп отырған факторы ғана түрлендіріліп, басқа факторлар өзгеріссіз қалуын талап етеді. Жер жырту агрегатының қозғалыс жылдамдығының соқамен кедергісін зерттеу кезінде экспериментті қанша қайталаса да, жоспар бойынша тек агрегаттың қозғалыс жылдамдығы ғана өзгеріп, басқа параметрлер, мәселен, өңделетін топырақ тереңдігі, топырақ қасиеті және т.б. параметрлер тұрақты сақталуы керек.
5. Факторлар есебінің толықтығы. Зерттеу нәтижелерінің дұрыстық деңгейін арттыру мақсатында эксперимент мұқият жоспарланады, ондағы негізгі талаптардың бірі зерттеліп отырған нысан қызметінің барлық факторын толық есептеу болып табылады. Келесі нәтижелерде экстремальды экспериментті оңтайлы жоспарлау әдісі толық сипатталған.
6. Эксперименттің нақтылығы. Эксперимент жүргізгенде сынақ нәтижесі бойынша параметрлер мәнін олардың шынайы мәніне жуықтату деңгейін арттыруға ұмтылу керек. Қате теориясы бар, оның негізгі ережелерін ұстану және білім сынақтың нақтылығын арттырумен негізделеді.
7. Әр экспериментте барлық қажетті құжаттарды жүргізу керек. Эксперименттің маңызды құжаттарының бірі – жоспар, онда зерттеу тақырыбының ғылыми негіздемесі, эксперимент сызбасы, барлық қажетті нұсқалардың сызбасы, есеп және бақылау әдістемесі, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспары қамтылады. Эксперимент жүргізгендегі маңызды әрі міндетті құжаттың бірі – алғашқы материалдар, ол жоспар бойынша жазба түрінде болады және онда қандай да бір фактордағы өзгерісті үздіксіз тіркеліп отырады.
Эксперименттің нақтылығына негіз болатын, міндетті түрде жүргізілуі керек құжатқа сынақ журналы мен зертханалық талдау жатады. Журналда барлық зерттеу нәтижесі жазылады. Жазба ыңғайлы болуы үшін барлық қажетті формалар мен кестелер сызылып, онда сынақ сызбасы, қайталануы, деректерді математикалық өңдеу нәтижелері т.б. көрсетіледі.
Эксперименттің соңғы құжаты ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп болып табылады.
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 5041;