Эксперимент орны
Эксперимент орны өте кең ұғым, әсіресе, ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру саласында оның түсінігі ауқымды. Ғылымның түрлі саласында эксперименттер орны қатты ерекшеленеді, мәселен, химиялық эксперимент және «Кировец» типті трактордың сепкіш агрегатының қозғалысының тұрақтылығын зерттеу бойынша жүргізілетін техникалық не технологиялық эксперимент орындары әртүрлі болады. Бірінші жағдайда колба сияқты зертханалық жабдықты қолданатын химиялық зертхана болса, екінші жағдайда сепкіш агрегат, жылжымалы тензозертхана сияқты «зертханалық жабдығы» бар егіс даласы.
Классикалық түсінікте эксперимент орны эксперименттің, жабдықтың не зерттеу нысанының қызметі таралатын жұмыс кеңістігі болып табылады.
Эксперимент орны зерттеу нысаны орналасқан, қажетті эксперименталды құралдармен жабдықталған, зерттеушілер тобымен қызмет көрсетілетін зертхана, өндірістік үй-жай, полигон, егіс учаскесі болуы мүмкін.
Эксперимент орны стационарлы, уақытша стационарлы, мобильді және мобильді-стационарлы болуы мүмкін. Стационарлы орынға стационарлы егіс сынағы (өндірістік үй-жай, зауыт, цех, шеберхана, машина ауласы, отын базасы және т.б.) орналастырылған егіс жатады; уақытша стационарлы орынға уақытша полигондар, уақытша көшпелі зертханалар т.б. жатады; мобильді орынға жылжымалы зертханалар, жүріс сынағы кезінде қолданылатын теңіз не өзен кемелері жатады; мобильді-стационарлы орынға мобильді ауылшаруашылық агрегатпен сыналатын егіс даласы жатады, онда қозғалыссыз (стационарлы) егіс және жұмыс істейтін агрегат экспериментте біртұтас дүние ретінде қызмет етеді.
Зертхана – жұмыс кеңістігінің эксперименттік зерттеу толық не ішінара жүргізілетін, арнайы жабдықталған үй-жай түріндегі бөлігі. Эксперимент талаптары мен шарттарына сәйкес зертхананың екі түрі: стационарлы және мобильді түрі болады.
Стационарлы және мобильді зертхана жабдықтары бірдей, тек мобильді зертханада орынның тығыздығына байланысты жабдықтар минимумға дейін шектелген, қысқартылған.
Егіншілік механикасын зерттеу саласындағы мобильді (жылжымалы) зертханалар келесі жабдықтар минимумынан тұрады: электр қорек көзі (сыйымдылығы 100-120 ампер/сағат және кернеуі 12 мен 24 В болатын аккумулятор батареялары), егер кернеуі 220 В болатын умформері (тұрақты-ауыспалы ток) бар генератор болса тіпті жақсы, осциллограф, күшейткіштер, тіркейтін құралдар, жарықсезгіш таспа, үнтаспа, блок-күшейткіш-жинағыш, диаграмма өңдейтін құрал, фотоқұралдар жинағы, минифотозертхана.
Мобильді зертхана зерттелетін агрегат пен зертхана арасындағы байланысты іске асыру үшін сөйлесу құралымен да жасақталуы керек.
Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 2657;