Лемдік кеңістікте Жердің және Күн жүйесінің орны

 

Ғарыштық кеңістікте жүздеген миллион галактика бар. Олардың бірі Құс жолы галактикасы. Бұл галактика құрамында Күн жүйесі орналасқан. Күн жүйесінің ортасында Күн және оның айналасында 9 планета - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон бар (2 сурет).

 

2-сурет. Күн жүйесінің планеталары.

 

Күн – диаметрі 1млн. 341 мың. км болатын аса үлкен ыстық газды шар. Оның диаметрі Жер диаметрінен 109 есе үлкен. Үстінгі бетінің температурасы 60000С, ішкі құрылысының жылулығы 20 000 0000С. Спектр талдауының нәтижесі Жердегі белгілі элементтердің көбі Күн атмосферасында кездесетінін көрсетті. Осылардың ішінде сутегі 80%, гелий - 18% алады, ал қалған элементтер 2% құрайды.

Күн әлем кеңістігіне орасан зор (әр секунтта 0,38 дж) қуат шығарады және ол секунд сайын өз салмағының 4 млн. тоннасын жоғалтады. Бірақ жалпы салмағының өте үлкен болуына байланысты ол 2 млрд. жыл ішінде өзінің барлық салмағының тек қана 1/7500 бөлігін жоғалтқан.

Күннен бөлініп шыққан қуаттың Жерге тек қана ½ трил. 200 млн. бөлігі келіп жетеді. Бірақ осы жеткен күн энергиясының қуаты Жер ғаламшарында қолайлы климатты қалыптастырады.

Физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің барлық планеталарын екі топқа бөлуге болады: Күнге жақын орналасқан, жер типті планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) және сыртқы, Күннен алыс орналасқандар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон).

Жер типті планеталардың ерекшелігі – көлемі үлкен емес, айналуы баяу және тығыздығы жоғары, ал сыртқы планеталардың көлемі – жер типті планеталардың көлемінен ондаған есе жоғары, өз осі бойынша тез айналады (Мысалы, Юпитердің айналу кезеңі – 9 сағат 50 мин) және тығыздығы төмен.

Жер ғаламшарының орташа диаметрі 12756 км, оның жанында серігі Ай бар. Олардың ара қашықтығы 384400 км. Айдың диаметрі жердің диаметрінен 4 есе кіші, көлемі Жердікінен 50 есе төмен, Ай тығыздығы 3,3 г/см3, оның салмағы Жер салмағының 1/82 бөлігін құрайды. Ай тартысы Жер тартысынан 6 есе төмен, сондықтан оның атмосферасы жоқ. Ай Жерге және оның құбылыстарына әсер етеді.

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4098;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.