Космогендік гипотезалар
Күн сәулесі мен күн жүйесі планеталарының пайда болуы туралы көптеген зерттеушілер әр уақытта өз тұжырымдамаларын берген. XVIII ғасырдың екінші жартысында және XIX ғасырларда неміс философы И.Канттың және француз физигі П.Лапластың тұжырымдамалары тарады. И.Канттың 1755 жылғы «Ньютон заңы негізінде әлемнің (ғаламның) пайда болуы немесе жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» кітабында барлық ғаламшарда құрылған материялар, планеталар және кометалар бастапқыда шашыраған элементарлы бөлшектер түрінде болды деген. П.Лаплас бойынша таралған материя тұман ретінде болған. Тұманда элементтер арасында тығыз конденсация орталықтары пайда болып, нәтижесінде элементарлы бөлшектер бір - біріне тартылып, қызып, айнала бастаған. Олардың ортасына күн пайда болып және айналасында планеталар қалыптасқан.
XX ғасырдың басында Кант-Лапластың тұжырымдамаларына қарсы болжамдар қалыптасты.
Қазіргі кезде академиктер О.Ю.Шмидт пен В.Г.Фесенковтың Жердің пайда болуы космогендік гипотезалары көпшілікке таныс. Олардың гипотезалары бойынша күн ғарыштағы бір шаң бұлтынан өткен, сол шаң бұлттың біраз материясы күннің айналасына көшкен. Сол шаңдар тығыздалып кейін планеталар пайда болған. Күннің жанында орналасқан жеңіл шаңды бөлшектер күн қысымының әсерінен өте тығыз планеталар түзген. Ал күннен алыс жатқан шаңды бөлшектер пішіні үлкен, бірақ аз тығыздықты планеталарды қалыптастырған. Академик О.Ю.Шмидттің (1881-1956) гипотезасында Жер және басқа планеталар жұлдызаралық метеориттік шаңын Күн тартысының аумағымен басып алуынан пайда болуы туралы айтылады. Күн Жерден бұрынырақ пайда болған. Жер біртіндеп метеориттердің жиналуынан пайда болған. О.Ю.Шмидттің болжамы бойынша Жер бастапқыда салқын болған, кейін жер астындағы радиобелсенді минералдардың ыдырауы нәтижесінде зор энергияның әсерінен қызуға ұшыраған. Эволюция Күннің нақтылы қатысуымен өткен. Академик О.Ю.Шмидт гипотезасының негізгі кемшілігі, бұл Күнмен планеталардың пайда болуында байланыстың жоқтығы.
Академик В.Г.Фесенковтың (1889-1972) гипотезасы бойынша Күн мен планеталар бір кезеңде газды шаңды тұмандықтардың эволюциясы арқылы пайда болған. Басында сол газды шаңды тұмандықтардың түйіртпегінен Күн пайда болды. Ол тез айналып, одан заттар бөлініп, планеталар пайда болған. Бірақ В.Г.Фесенковтың гипотезасы неге Күн салмағының 90% ең жеңіл элементтерден құрылады, ал Жер құрамында сол элементтер аз мөлшерде деген сұраққа жауап бермейді.
Қазіргі көзқарас бойынша әлем бір уақытта пайда болған жоқ, әр жұлдыздардың жасы әр-түрлі. Ғалымдардың ойы бойынша, басында Жер құрамы қабаттарға бөлінбеген және Жердің қабығы болмаған, ол мантияның дегазациясынан және балқуынан пайда болған. Жердің өсуі біртіндеп өткен: терең қабаттар сыртқы қабаттардан бұрын пайда болған. Осы көзқарас бойынша материктер перманентті болады, гидросфера мен атмосфера кейін пайда болған. Олар мантияның балқуы мен газсыздануынан пайда болған. Гидросфера мен атмосфера тарихы күрделі және ғалымдар арасында қалыптасқан ортақ пікір жоқ.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 3781;