Геология ғылымының қысқаша даму тарихы
Жердің шар тәрізді екенін Аристотель (384-322 б.д.д.) дәлелдеген. Геологияның аяғына тұруы ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басына жатады. Бұл ғылымның негізін салушы - М.В.Ломоносов. Ол тау жыныстарын пайда болуына байланысты жіктеген, жер қыртысының тербелмелі қозғалысы, тау жыныстарының геологиялық жасы, минералдардың пайда болуы және жер сілкінудің себептері туралы тұжырымдар жасаған. Прогрессивті ілімдердің дамуына ат салысқан И.Кант (1755 ж.) болды. Ол Жер мен Күн жүйесінің даму тарихы бар екенін айтты. Бұл көзқарасты Англия ғалымы Д. Геттон дамытты, ол Жердің ішкі күштеріне көп көңіл аударған (плутонизм, Плутон көне римдіктерде жер астының құдайы).
Неміс ғалымы А.Г. Вернердің (1750-1817 ж.ж.) айтуы бойынша жердің барлық құрамындағы заттар су ерітіндісінен пайда болды. (Нептунизм – теңіз құдайы). Оның ойы бойынша Жерді су басқан, сол судан біртіндеп гнейстер, граниттер пайда болды деген. Оны минералогияның негізін салушы ғалым деп санайды. ХІХ ғасырдың басында Ж.Кювьеннің апаттар ілімінің (материктер теңізге бірден батып, жер бетіндегі жануарлар өлген) орнына геологияда Ж.Б.Ламарктың, Ч.Лайельдің, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімдері пайда болды. Ағылшын ғалымы Ч.Ляйель (1797-1875 ж.ж.) 1883 жылы «Геологияның негізгі бастамасы» атты кітабы шықты. Мұнда Ж.Бюффон - Ж.Кювье және Л.Орбиньидің жер шары мен тау жыныстарының пайда болуы қайталаланған апаттардың әсерінен деген көзқарасты теріске шығарып, олардың пайда болуы және қалыптасуы әр түрлі геологиялық үрдістердің әсерінен деп, тұжырымдама жасады. Эволюциялық көзқарасқа Э.Зюсс, А.П.Карпинский, В.А.Обручев, И.В.Мушкетов, А.П.Павлов, А.Е.Ферсман, А.Д.Архангельский біраз атсалысқан ғалымдар. Австралияның геологы Э.Зюсс (1831-1914 ж.ж.) жер шарының құрылысы туралы зерттеп, оны «Жер келбеті» атты үш томдық еңбегінде баяндаған.
А.П.Карпинский (1847-1936 ж.ж.), өз кезеңінде геологиялық зерттеулердің барлық тәсілдерін толық меңгерген. Ол палеонтология, геология, петрография, тектоника ғылымдарына үлес қосқан. Палеогеография ғылымының негізін салушы және 1881 жылы Бүкіләлемдік геологиялық конгрессте қарастырып, бекіткен геологиялық карта легендасын құрастырған ғалым.
И.В.Мушкетов Орта Азияда, В.А. Обручев Шығыс Сібірде және Орталық Азияда үлкен зерттеулер жүргізген. Осы зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметтер негізінде, динамикалық және тарихи геология жөнінде теориялық нұсқау және табиғи байлықты пайдалану туралы тәжірибелік ұсыныстар жасалды. Е.С.Федоров (1853-1919 ж.ж.) кристаллографиялық зерттеулер әдістемесін қалыптастырған орыс ғалымы. В.И.Вернадский (1863-1945 ж.ж.) минералдардың жіктеуін жасаған, суды табиғи минералды дене деп қарастырған, геохимия ілімінің негізін салған ғалым. Е.А.Ферсман (1883-1945 ж.ж.) В.И.Вернадскийдің геохимиялық ілімін толықтырып дамытқан. Қарақұм, Орал, Кавказ аумақтарында геологиялық зерттеулерді жүргізген.
1- сурет. Қ.И.Сәтбаев Қазақтың алғашқы инженер-геологы
(1899-1964)
Қазақстанда XX ғасырда геология ғылымының дамуына, еліміздің жер қойнауындағы табиғи байлықтарды барлап, аса бағалы кен орындарын тауып, өндіріс орындарын ашу жұмыстарының қарқынды жүруіне қазақтың тұңғыш инженер - геолог ғалымы КСРО академиясының және Қазақ Ғылым академиясының академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) орасан зор еңбек сіңірді. Қ.И.Сәтбаев баянды еңбегінің ескерткіші ретінде соңынан Үлкен Жезқазғанды, Геология ғылыми зерттеу институтын, Қазақ ғылым академиясын қалдырды. Сонымен бірге оның қажырлы тынымсыз зор еңбегінің нәтижесі ретінде Қарағанды металургия заводын, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатын, Алтай және Қаратау кендерінің игерілуін, Ертіс–Қарағанды каналының салынуын көреміз. Ол Қазақ Ғылым академиясында 1944-1970 жылдары 1500 – ден аса ғылым кандидаттары, 150–ге жуық ғылым докторы дайындалуына жағдай жасады. Қ.А.Сәтбаев 641 орыс тілінде 98 қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалар дайындады.
Аты әлемге әйгілі қазақтың данышпан геолог – ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зор еңбегі құрметіне 1979 жылы Қырым астрофизикалық обсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан Марс пен Юпитер аралығындағы кіші планетаға академик Қ.И. Сатпаев аты берілді. Ғалымның аты Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шыңға, жаңадан табылған минералға берілген.
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4648;