Дәріс. Кермелеу кезіңдегі операциялар саны және олардың бірізділігі. Кермелеу коэффициенті

Технологиялық үрдістерді жобалау кезіңде және кермелеу қалыптарды жасау кезіңде, кермелеу бір операцияда өтеді немесе бірнеше бірізділі операциялар санын қажет ете ме деп Осы шешімнің дұрыстығынан кермелеу жұмыстарының үнемділігі, сапасы және созылатын бүйымның беріктігі байланысты болады.

Кермелеу кезіңде операциялар санын анықтаған кезде барлық операциялар біріншісінен бастап бұйымның көлденен өлшемдерін азайтып алып, (толық илемділік қасиеттерін қолданғанда) материалдағы кернеуі беріктік шегінен аспайтындай ғып жасауға тырысу керек. Бұл дегеніміз кермелеудің әрбір операциясыңда деформацияның максималды мүмкін дәрежесін алуымыз қажет, оны кермелеу кезіңде мына формуламен анықтайды.

бірінші кермелеу үшін

(131)

 

n-ші және арықарай операциялар үшін

(132)

 

мұндағы ε1 және ε2 — бірінші және n-ші операциялар кезіңде деформация дәрежесі; F1, . . ., Fn-1, Fn — созылатын бұйымдырдың сәйкес операциялардағы көлденен қима ауданы мм2-мен; d1, ., dn-1, dn — сәйкес операцияларда бұйымның диаметрлері мм-мен; т1 және тп — бірінші және n-ші операциларыңдағы кермелеу коэффициенттері; К1 және Кп — кермелеу коэффициентіне керісінше мөлшері – кермелеу дәрежесі, т.б. К =1/m; K>1.

Ары-қарай бірінші операциясыңдағы кермелеу коэффициентін т1, кермелеумен алынған іші қуыс цилиндрд диаметрінің d1, жазық дайындама диаметріне D-ға арақатынасын айтамыз

(133)

Келесі операциялар үшін кермелеу коэффициенттерін алдыңғы іші қуыс цилиндрдің артыңғысына арақатынас арқылы анықталады, т.б.

(134)

Әрбір деформация дәрежесі кермелеу кезіңде пайда болған мөлшері ретіңде анықталады, ал осы коэффициентер кезіңде пайда болған кернеулер кермелеу коэффициентін т (немесе кермелеу дәрежесін) материалдың үзілуіне уақытша кедергісінен аспайтындай ғып таңдауы қажет. (К немесе) т мөлшерін таңдауы кермелеудің технологиялық үрдісін жобалау кезіңде қажетті және күрделі момент болып табылады. Іс жүзіңде көрсетілгендей, кермелеудің келесі операцияларыңда аралық босаңдатуды қолдану жағдайында кермелеу коэффициентерін жуықты түрде есептеу кезіңде бірдей алунуы мүмкін, т.б.

(135)

Ал дәлірек талдау жасаған кезде бұл коэффициентті бір кермелеуден екінші кермелеуге дейін жөғарлатуға болады. Берілетін коэффициент мөлшері кермелеу операция санын және бірізділігін анықтайды. Кермелеу коэффициенті m1 немесели m ' аз болған сайын, материалдың илемділік қасиеттері жақсы қолданылады және кермелеу операциялар саны да азаяды.

Берілген жағдайы үшін кермелеу m1 және m'коэффициенттерінің кішкене мүмкін мөлшерлері мына факторлардан байланысты болады:

1) кермелеу әдісінен (қыспақпен, қыспақсыз);

2) материал сапасынан, түйіршіктер өлшемінен, бет күйінен және т.б.;

3) материал қалыңдығы s және қалыңдықтың жазық немесе іші қуыс дайындама диаметріне арақатынасы (салыстырмалы қалыңдығы s/D• 100 немесе s/dn-1• 100);

4) бұйымның пішінінен және диаметрінен;

5) ұяқалып және сотан жиегінің жұмырлау радиусынен rм және гп;

6) сотан және ұяқалып арасыңдағы саңылау zв;

7) кермелеу үрдісінің басыңда және аяғындағы жылдамдығы;

8) кермелеу қалыптың материалынан, жұмыс бөліктерінің бет күйінен, майлаудың түрінен және дәрежесінен;

9) кермелеу операцияларының реттік нөмірі п және саны.

Кермелеу әдісінің байланыстылығын орнату үшін кермелеу коэффициенттеріне мына тәжірибелер жүргізілген. Бұл тәжірибеде кермелеу дәрежесі K1 = 1/m1=D/d1 көп жағдайларда қыспақсыз кермелеуден қарағанда, қыспақпен кермелеуі көп қолданылады.

Кермелеу әдісін таңдаудың бір критериясы салыстырмалы қалыңдық болады.

бірінші операциясы үшін

(136)

келесі операциялар үшін

(137)

Зауыттардың тәжірибе мәліметтері негізіңде Δ және Δ' келесілерді қондырған дұрыс. Егер Δ <1,5 болса бірінші операциясы үшін қыспақпен кермелеуді қолдану керек, ал Δ > 2,0 – қыспақсыз. Δ мөлшері 1,5—2,0 шектеріңде екі варианты мүмкін, ал осы сұраққа аяққы шешім табу үшін әрбір бөлек жағдайының қосымша ерекшеліктерін және жоғарыда келтірілген факторларды ескеру керек. Л. А. Шофман бойынша қыспақсыз кермелеу болуы мүмкін, егер D — d1 < 22s немесе арақатынас кезіңде

(138)

Егер Δ' <1,0 болса келесі операциялар үшін, қыспақпен кермелеу жұргізу қажет, ал егер Δ' > 2,0 болса — қыспақсыз.

Δ' = 1÷2 аралығында Δ' 1 ден 1,25 аралығы негізінде қыспақты кермелеуді қолданады және Δ' 1,25 тен 2 дейін аралығында қыспақсыз кермелеу қолданады.

Сол бірінші операциясына сияқты кермелеудің аяққы әдісін таңдау үшін берілген бұйымның қойылған нақты шарттарымен анықталады. Негізінен ескеретініміз, созылатын материалдың өз қалыңдығы және салыстырмалы қалыңдығы, илемділігі үлкен болған сайынсоғурлым кішкене кермелеу коэффициентін аламыз. Бірақ, ұяқалып және сотан жиегінің үлкен жұмырлау радиусы m1 азайтуға мүмкіндік береді. Бірақта, олардың көп мөлшеріңде қыспақ астыңда дайындаманың тек аз ғана беті болады, бұл бүрмелердің пайда болуына және жоғарысапалы бұйымды алуға мүмкіндік бермейді. Сурет 35 келтірілген қисықтар жоғарыда келтірілген жағдайларды күәландырады. Ол ұяқалып және сотандардың жұмырлау радиусының немесе олардың салыстырмалы мөлшерінің (ам = rм/s; ап = rп/s) кермелеу коэффициентінің mпред шекті мәндеріне байланыстылығы. Осы қисықтарға сәйкес rм/s өскен сайын кермелеу коэффициенті басында азаяды – ал rм/s аз арақатынастарда – лезде тез, содан – үлкен арақатынастарда - rп/s әртүрлі бөлек бөліктердің қатынастарыңда ең кішкене мәніне ұмтылып, ақырындайды.

Ұяқалып және қыспақтың тегіс (жылтыратқан) бетін, кермелеу жылдамдығы аз мөлшеріңде, нормалды саңылау және керек майлауды ескеретін болсақ, бұл m1 мөлшерінің азаюна ықпал жасайды.

Ернемексіз цилиндрлі тетіктерді кермелеу. Диаметрі D жазық дайындамадан сурет 36 келтірілген диаметрі dn және биіктігі hn іші қуыс бұйым жасау керек болса, онда жоғарыда келтірілген арақатынастар негізіңде аламыз.

(139)

45 –сурет. Егер dx = 30 мм, қалыңдығы s = 1 мм жезден жасалған тетікті ұяқалып және сотан жиегіне жұмырлау радиусының кермелеу коэффициентіне әсері

46 –сурет. Диаметрі D жазық дайындамадан диаметрі dп және биіктігі hn іші қуыс тетіктерді алу сүлбесі

 

осыдан, аяққы теңдеуін логарифтеп, аламыз

(140)

Жіңішке материалдар үшін (s < 1,5 мм) dn және hn сыртқы диаметр және ішкі биіктігі бойынша немесе ішкі диаметр және сыртқы биіктігі бойынша есептейді; қалың материалдар үшін dn сыртқы диаметр бойынша есептейді.

 

5 – кесте. Ернемексіз цилиндрлі тетіктерді кермелеу коэффииценттері (қыспақсыз кермелеу)

Салыстырмалы қалыңдығы Операциялар бойынша кермелеу коэффициенттері
s/D• 100 %-пен m1 m2 m 3 m 4 m5
2,0—1,5 0,48—0,50 0,73—0,75 0,76—0,78 0,78—0,80 0,80—0,82
1,5—1,0 0,50—0,53 0,75—0,76 0,78—0,79 0,80—0,82 0,82—0,84
1,0—0,6 0,53—0,55 0,76—0,78 0,79—0,80 0,81—0,82 0,84—0,85
0,6—0,3 0,55—0,58 0,78—0,79 0,80—0,81 0,82—0,83 0,85—0,86
0,3—0,15 0,58—0,60 0,79—0,80 0,81—0,82 0,83—0,85 0,86—0,87
0,15—0,08 0,60—0,63 0,80—0,82 0,82—0,84 0,85—0,86 0,87—0,88

Созылатын материалдың илемділігіне, салыстырмалы қалыңдығына (дайындамалардың геометриялық ұқсастығын сипаттайтын) s/D• 100 немесе s/dn-1• 100, ұяқалыптың жұмырлау радиусыне және кермелеу әдісіне (кыспақпен немесе қыспақсыз) кермелеу коэффициенттерінің мәндері байланысты болады бірінші және келесі операциялар үшін кесте 4 және 19[1] келтірілген.

Ұсынылған әдебиет:Нег. 1[207-219] қос. 3[566-577]








Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1773;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.015 сек.