Лекция №14 Қоршаған орта мониторингі.
Лекция мақсаты мен міндеті:Мониторинг түсінігі және оның маңызды профилактикалық бағыты мен түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.
Лекция мазмұны:Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды. Мониторинг үш деңгейге ажыратылады:
1. Санитарлық-токсикологиялық мониторинг -қоршаған ортаның күйін, табиғат нысандарының зиянды заттармен ластану деңгейін, осы ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді.
2. Экологиялық мониторинг -экожүйелердегі, табиғи кешендердегі өзгерістерді, олардың өнімділігін бақылау.
3.Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдық- өзгерістерді: радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның мөлшерін, жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т.б. өзгерістерді бақылау.
Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып, 1999 жылы қалпына келтірілді.
Қоршаған ортаның міндеттеріне және зерттеліп отырған құрауыштарына байланысты қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі мыналарды:
· Атмосфералық ауа мониторингісін;
· Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингісін;
· Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;
· Топырақ жай-күйінің мониторингісін;
· радиациялық мониторингті
· трансшекаралық су ағыстарының мониторингісін қамтиды.
Атмосфералық ауаның мониторингі
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың барынша ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады.
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың 27 елді-мекеніндегі 69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар мыналар бойынша:
· толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет- жергілікті уақыт бойынша сағ. 07,13,19);
· толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет- жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19);
· үздіксіз режимде жүргізіледі.
Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б анықталды.
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг.Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:
- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар;
- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний;
- микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла
- қышқылдығы
- меншікті электр өткізгіштігі анықталады.
Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі.Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі. Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі 38 метеостансаны қамтиды.
Радиациялық мониторинг
Атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.
Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды:
- 43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;
- 79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.
Топырақ жай-күйінің мониторингі
Топырақ жай-күйіне бақылаулар 20 өнеркәсіптік қалаларда жүргізіледі.
Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың(қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады.
Беткі сулардың сапалы жай-күйі үшін мониторинг.
Құрлықтың беткі суларының ластануы үшін бақылау пунктерінің көбі гидрологиялық стансалар және бекетттермен біріктірілген. Бұл ретте, тек қана гидрохимиялық емес, сондай-ақ гидрологиялық сипаттамаларды (су өтімі мен деңгейінің, ағыстың орташа жылдамдығын) анықтау міндетті болып табылады.
Беткі сулар жай-күйі үшін бақылау желісі 81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.
Алынатын су сынамаларындағы құрлықтың беткі суларының ластануын зерделеген кезд, су сапасының 40-тан астам физикалық-химиялық көрсеткіштерін(аммонийлі азот, жүзбе заттар, гидрокарбонаттар, сульфаттар, хлоридтер, кальций, қаттылық, магний, натрий, калий, жалпы темір, кремний қос тотығы, марганец, жез, мұнай өнімдері, нитраттар, нитриттер, сутегі көрсеткіші, ерітілген оттегі, иіс, оттегінің биохимиялық тұтынуы (ОБТ5), оттегінің химиялық тұтынуы (ОХТ), фенолдар, жалпы фосфор, меншікті электр өткізгіштік, фторидтер, синтетикалық беткі-белсенді заттар(СББЗ), роданидтер, цианидтер, мырыш, хром және т.б.) анықтайды.
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг.Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған.
Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі.
Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады.
Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді.
Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
· биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
· дистанционды (авиациялық және космостық);
· аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
· қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
· биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай бейнелеуге болады:
Өлшеу
Талдау
Сипаттау
Моделдеу
дұрыс жолын таңдау.
Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән. Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 383;