Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз суымен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау
Сумен жабдықтау көздерінің үдемелі ластануының және рекреациялық мақсаттағы су объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйінің салдарынан ауыз су сапасының адам денсаулығы үшін қауіпті төмендеуі адам мекендейтін орта өзгеруінің маңызды факторы болып табылады және аумақтардың экологиялық қолайсыздық дәрежесін анықтаған кезде маңызды рөл атқарады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қолайсыздықтың дәрежесі туралы қорытынды жеткілікті ұзақ кезең (кемінде бір жыл) ішінде негізгі көрсеткіштердің қолайсыз мәндерінің тұрақты сақталуы негізінде жасалуы мүмкін. Бұл ретте, әдетте, нормадан ауытқу бірнеше өлшемдер бойынша байқалуы мүмкін, су көздерінің және ауыз судың патогенді микроорганизмдермен және паразитті аурулар қоздырғыштарымен, сондай-ақ ерекше уытты (төтенше қауіпті) заттармен ластану жағдайларын қоспағанда, қолайсыздық туралы қорытынды бір өлшемдер негізінде жасалуы мүмкін болғанда. Су көздерінің және ауыз судың қауіптіліктің үшінші және төртінші сыныптарына жатқызылған заттармен ластануын сипаттайтын көрсеткіштер, сондай-ақ физикалық-химиялық қасиеттер және судың органолептикалық сипаттамалары қосымшаларға жатады. Қосымша көрсеткіштер негізгі көрсеткіштер бойынша анықталған су көздерінің антропогенді үдемелі ластануының дәрежесін растау үшін пайдаланылады.
Ауыз судың және ауыз сумен жабдықтау көздерінің химиялық заттармен ластануының санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілігін бағалау үшін көрсеткіштер.
Р/с N | Көрсеткіш | Параметр | Салыстыр- малы қанағат- танарлық жағдай | |
экология- лық зілзала | төтенше эколо- гиялық жағдай | |||
1. Негізгі көрсеткіштер | ||||
1.1 | Қауіптілігі бірінші сыныптағы уытты заттардың құрамы: (төтенше қауіпті заттар) бериллий, сынап, бенз(а) пирен, линдан, 3,4,7,8-диоксин 2 , дихлорэтилен, диэтилсынап, галлий, тетраэтил- қорғасын, тетраэтилқалайы, трихлорбифенил ШРШ нормативтеріне еселі еткен. | >3 | 2-3 | Гигиеналық нормативтер шегінде (ШРШ) |
1.2 | Қауіптілігі екінші сыныптағы уытты заттардың құрамы: (қауіптілігі жоғары заттар) - алюминий, барий, бор, кадмий, молибден, күшән, нитриттер, қорғасын, селен, стронций, цианидтер, ШРШ-ге. | >10 | 5-10 | Гигиеналық нормативтер шегінде (ШРШ) |
2. Қосымша көрсеткіштер | ||||
2.1 | Қауіптілігі үшінші және төртінші сыныптағы уытты заттардың құрамы: (қауіпті орташа қауіпті заттар) - аммоний, никель, нитраттар, хром, мыс, марганец, мырыш, фенолдар, мұнай өнімдері, фосфаттар, (ШРШ-ге) | >15 | 10-15 | Гигиеналық нормативтер шегінде |
2.2 Физикалық-химиялық қасиеттері | ||||
2.2.1 | рН | <4 | 4-6 | 6-9 |
2.2.2 | Фенолды индекс (мг/л) | >0,75 | 0,75-0,25 | 0,25 |
2.2.3 | Үстірт белсенді заттар (ҮБЗ), анионды белсенділер (мг/л) | >2,5 | 2,5-0,5 | <0,5 |
2.2.4 | Жалпы минералдану (құрғақ қалдық, мг/л) | >5000 | 5000-1000 | <1000 |
2.2.5 | Жалпы қаттылық (мг-экв/л) | >21 | 21-7 | <7 |
2.2.6 | Жалпы альфарадио- белсенділік (Бк/л) | >0,5 | 0,5-0,1 | <0,1 |
2.2.7 | Жалпы бетарадио- белсенділік (Бк/л) | >5 | 5-1 | <1 |
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 211;