Селитебтік аумақтар ауасының ластануы

Ауа бассейні ластануының қолайсыз әсері екі негізгі жолмен болады, олар болатын ықтимал экологиялық зілзаланың аймақтарын зерттеу кезінде ескерілуі тиіс:

-ластанған ауамен тікелей байланыс нәтижесінде;

-атмосферадан ластаушы заттардың түсуі және су мен топырақтың қайталама ластануының нәтижесінде.

Әсер етудің кеңістік ауқымы ластану көздерінің және әсер ету объектілерінің сипаттамасынан тәуелді өте кең шектерде ауытқиды.
Жеке жергілікті көздерден ластаушы заттардың шоғырлануы қоспалардың бытырау және түсу процестерінің нәтижесінде арақашықтықпен тезірек кетеді. Ең көп шоғырланулар құбырдың шамамен 20 биіктігінің арақашықтығында белгіленеді. Сондықтан, осындай көздерден адам денсаулығы үшін қауіпті шоғырланулар, әдетте, 10-100 км 2 аспайтын ауданда байқалады. Адаммен салыстырғанда атмосфераның ластануына сезімталдығы бірнеше есе жоғары болатын қылқан жапырақты ормандар үшін өсімдіктің зақымдану алаңы 100-1000 км 2 дейін жетуі мүмкін.

Ірі өнеркәсіптік агломерацияларда жеке көздерден ластанудың жиналуы болады және қолайсыз әсердің жалпы алаңы агломерацияның өз алаңына жақын немесе одан асып түсуі мүмкін.

Атмосфералық ауа ластануының дәрежесі қауіптілік сыныбын, ауа ластануларының биологиялық іс-әрекетінің сомалануын және ШРШ асуларының жиілігін ескере отырып, ШРШ асуының еселігі бойынша белгіленеді.
Қолданыстағы ШРШ сәйкес, ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін соңғы бірнеше жылдар бойы, бірақ кемінде 2 жыл іс жүзіндегі ең көп бір жолғы және орта тәуліктік шоғырланулар пайдаланылады.
Өлшеулердің нәтижелері әрбір қадағалау бекеті, заты және жылы үшін бөлек өңделеді және ұсынылады. Әрбір зат бойынша кемінде 200 қадағалау (сынама) болуға тиіс:

1) орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау;

ластану дәрежесін бағалау үшін бірдей уақыт аралығы арқылы 24 сағат ішінде үзіліссіз аспирация немесе ең аз дегенде тәулігіне 4 рет үзілісті аспирация жолымен алынған орташа тәуліктік сынамалар пайдаланылады.
Әрбір орташа тәуліктік шоғырлану үшін асудың еселігі»"Е" есептеледі. Сарапталған кезең (жыл) ішінде»"Е" көрсеткіші бойынша есептелген қатар 2.4-кестеде келтірілген өлшемдерге сәйкес бағаланады. Сомалау әсері бар заттар комбинациясы болған кезде келтірілген Отс бол. орташа тәуліктік шоғырлануы (2.2) формулаға ұқсас есептеледі. Бағалау Отс бол. бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген критерийлері ескере отырып, аумақтар атмосфера ластануының барлық түрлері бойынша материалдар ұсынады, олардың негізінде аумақты осы немесе өзге аймаққа жатқызудың сараптамалық бағасы жасалады.
Орташа тәуліктік шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау критерийлері

 

Қауіп- тілік сыныбы Экологиялық зілзала Төтенше экологиялық жағдай
Е Е-мен тәулік (N) Е Е-мен тәулік (N)
I > 3 7 < N < 20 қатар 2 - 3 7 < N < 20 қатар
II III IV > 5 > 7,5 > 12 7 < N < 20 қатар > 30 қатар > 30 қатар 3 - 5 5 - 7,5 8 - 12 7 < N < 20 қатар > 30 қатар > 30 қатар

2) барынша көп - бір жолғы (бір жолғы) шоғырланулар бойынша атмосфералық ауаның ластануын бағалау.
Өлшеулер нәтижелерін бағалаудың сенімділігін арттыру және кездейсоқ шамаларды алып тастау үшін материалды статистикалық өңдеу пайдаланылады, ол шоғырланулар вариацияларын ескере отырып, оның сондай мәнін алуға мүмкіндік береді, ол 95% жағдайда есепті шоғырланудың деңгейінде немесе төмен болады (О95).
Асудың еселілігі (Е) барынша көп бір жолғы ШРШ (О95) бөлу жолымен (2.1) формуласы бойынша есептеледі:

Е= O 95
---- (2.1)
ШРШ

Атмосфералық ауада биологиялық іс-әрекет сомасының әсері бар заттар болған жағдайда (2.2) формула бойынша сомаланған заттардың біреуіне келтірілген шоғырлану (О95бол) есептеледі:
ШРШ1 ШРШ1 ШРШ1
O95бол = O1+O2 ---- + O3 ---- + K + On ---- (2.2)
ШРШ2 ШРШ3 ШРШn

Сомаланатын заттардың комбинациясы үшін атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау келтірілген шоғырлану бойынша жүргізіледі. Осындай заттардың сомасын қауіптіліктің неғұрлым қолайсыз сыныбы бар заттарға келтіру ұсынылады.
Ескертпе:
1. Атмосфералық ауаның бенз/а/пиренмен (БАП) ластануының тек қана өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан аумақтарда жетекші мәні бар болуы мүмкін, олар үшін БАП шығарындының бірден бір жетекші құрауышы болып табылады (анод зауыттары, алюминий өнеркәсібі, кокс-пек өнеркәсібі және басқалары);
2. Көрсетілген критерийлер бойынша ластану асып кеткен кезде өлшенген заттар бойынша бір уақытта заттардың физикалық-химиялық қасиеттері туралы деректер ұсынылады.

Көрсет- кіштер Экологиялық зілзала Төтенше экологиялық жағдай
Е Е-ден жоғары өлшемдер % Е Е-ден жоғары өлшемдер %
I сынып II сынып III сынып IV сынып > 5 > 7,5 12,5 20,0 > 30 > 30 > 50 > 50 > 3-5 > 5-12,5 8-12,5 12,5-20 > 30 > 30 > 50 > 50


3) кешенді көрсеткіш бойынша атмосфералық ауаның орташа жылдық ластануын бағалау.
Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың орташа жылдық шоғырланулары есептеледі немесе қалалар мен өнеркәсіптік орталықтар ауасының ластануының жай-күйі туралы бірнеше жылға, бірақ екі жылдан кем емес деректер пайдаланылады.
Ауа ластануының дәрежесі заттың орташа жылдық ШРШ асу еселілігін, олардың қауіптілік сыныбын, берілген деңгей шоғырлануларының рұқсат етілген қайталануын, ауада бір уақытта болатын заттардың санын және олардың комбинацияланған іс-әрекетінің коэффициентін ескере отырып, есептеледі.
ШРШж орташа жылдық мәндері орташа тәуліктік ШРШот мәні арқылы қатынас бойынша көрінеді:

ШРШж=аШРШ от

"а" коэффициенттерінің әртүрлі заттар үшін мәні:

Заттар "а" коэффи- циенті
Аммиак, азотоксиді, азотдиоксиді, бензол, бенз(а)перен, марганец диоксиді, озон, күкірт диоксиді, күкіртті көміртек, синтетикалық майлы қышқылдар, фенол, формальдегид, хлоропрен
Трихлорэтилен 0,4
Аминдер, анилин, өлшенген заттар (шаң), көміртек оксиді, хлор 0,34
Күйе, күкірт қышқылы, фосфорлы ангидрид, фторидтер (қатты) 0,3
Ацетальдегид, ацетон, диэтиламин, толуол, фторлысутегі, хлорлысутек, этилбензол 0,2
Акролеин 0,1

Ауаның әр түрлі сыныптағы қауіптілік заттарымен ластануының дәрежесі ШРШ бойынша нормаланған олардың шоғырлануларын қауіптіліктің 3-сыныбы заттарының шоғырлануына»"келтірумен"»мына формулаға сәйкес анықталады:

Ш3сын = Шjn

мұнда n-изотиімділік коэффициенті, j - қауіптілік сыныбы (j=1 үшін n=2,3; j = 2 үшін n=1,3, j = 4 үшін n=0,87). ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар шамасы 1-сынып үшін 2,5-тен жоғары, 2-сынып үшін 5-тен жоғары, 3-сынып үшін 8-ден жоғары, 4-сынып үшін 11-ден жоғары, 3-сыныпқа»"келтіру" болған кезде ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар мәндерін тиісінше 3,2; 1,6; 1 және 0,7 көбейту жолымен жүзеге асырылады).
Егер атмосфералық ауа қауіптіліктің әртүрлі сыныптарына жататын заттармен ластанған болса, кешенді көрсеткіштің есебі Е жүргізіледі.
Кешенді көрсеткіш есебі Е мына формула бойынша жүргізіледі:

E = Sqrt (Sum(K^2j))

мұнда Sqrt (Sum(K^2j)) - 3-сыныптың заттарын осындай шоғырлануларға әкелген ШРШ бойынша нормаланған шоғырланулар квадраттардың сомаларынан квадратты түбір, j-заттың нөмірі.
Бұл ретте егер кешенді көрсеткіште заттардың кез келгенінде бір зат үшін көрсеткіштің шамасынан асатын мән болса, онда мұндай жағдайда ластанудың дәрежесін бағалау осы зат бойынша да жүзеге асырылады.

Кешенді көрсеткіш бойынша атмосфералық ауаның орташа жылдық ластануын бағалау үшін кешенді көрсеткіш

Заттар саны үшін Е Параметр Салыстыр- малы қанағат- танарлық жағдай
эколо- гиялық зілзала төтенше экология- лық жағдай
1 зат 2-4 зат 5-9 зат 10-15 зат 16-25 зат 16 астам 32 астам 48 астам 64 астам 80 астам 8-16 16-32 32-48 48-64 64-80 1 2 3 4 5







Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 238;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.