Рама экологиялық мониторинг
Қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру болып, мониторинг жергілікті (локальды), аймақты және фондық мониторинг болып үшке бөлінеді. Кейде мұны мониторингтің сатылары деп те атайды: локальдық (шектеулі) немесе жергілікті), региональдық (аймақтық) және глобальдық немесе биосфералық.
Мониторинг бірінші локальдық сатысы биоэкологиялық мониторинг деп те аталады. (И.П. Герасимов.) Оның басты негізіне адам денсаулығы мен тұрғындарға қоршаған ортаның қаншалықты зиян әкелетіндігін бақылау жатады, өйткені адам денсаулығы қоршаған ортаның барлық әсерін қабылдайтын комплекстік көрсеткіш ретінде бағаланады.
Осыған байланысты экологиялық бақылаудың бұл системасына қоршаған орта үшін аса қауіпті болып табылатын ең бірінші қатардағы көрсеткіштер болып саналатын мынадай техногендік негіздегі ластануларды бақылау кіреді:
1) радионуклидтер;
2) газдықластықтар –CO2, CO, NO, NO2 ж.б.
3) минералдық ластықтар, сынап, қорғасын, мышьяк, фосфор, кадмий, фтор, нитриттер, нитраттар т.б. қосындылар;
4) органикалық полимерлік ластықтар: түрлі пестицидтер мен детергенттер (жуғыш заттар), мұнай көмірсутектері, микробтық ластықтар т.б. Бұл мониторингте және де зиянды салдарлар әкелетін физикалық факторлар – шу және электромагнит өрістерін де бақылау кіреді.
Бұның ішінде канцерогендік мониторинг те елеулі назарға ие, яғни канцерогендік әсерге мынадай химиялық қосындылардың топтары кіреді: полиароматтық көмірсутектер, нитроазоқосылыстар, циклдік аминдер, микотоксиндер. Бұл заттар тиісті жағдайларға қарай кейбір жерлерде көбейеді, кейбір жерлерде азаяды.
Биологиялық мониторингтің жүруіне жергілікті санитарлық-эпидемиялық қызметтер, ветеринарлық қызметтер, өсімдік қорғау қызметтері, гидробиологиялық бақылау органдары көп жәрдем тигізеді.
Мониторингтің екінші регионалды сатысын геоэкологиялық(табиғи-шаруашылықтық немесе геожүйелік)мониторинг деп атайды. Бұның себебі қоршаған ортаны құрайтын басты геожүйелердің өзгерістерін және оларды табиғи-техникалық (агрожүйелер, қала салу ж.т.б.) жүйелерге айналдыру құбылыстарын бақылау болып табылады. Геожүйелік мониторинг биоэкологиялық мониторингтің мазмұнын (маңызын) тереңдетугемүмкіншілікбереді, мысалы, қоршаған ортаның ретсіз ортасынна шарлатуға әкелетін құбылыстарды болдырмауға мүмкіншілік береді.
Геожүйелік мониторинг белгілі геофизикалық, гео- және биохимиялық әдістердің негізінде жұмыс істейді, яғни шектік рұқсат концентрациясы (ШРК), табиғаттың өзін-өзі тазалау қабілеті, энергиялық заттың баланс (тепе-теңдік), экожүйенің биологиялық өнім бергіштігі (ЭБӨБ) жәнет.б. мақсат негізінде жұмыс жүргізеді.
Осы мақсатты орындауға арналған әрбір табиғат аймақтарында немесе ірі табиғаттық-шаруашылық аймақтарында бір-бірполигондар жұмысі стейді. Бұл полигондар үлкен болмауы мүмкін, бірақ олар жеткілікті түрде айқын мәліметтер беретін болуы керек.
Осындай полигондар топтарының негізгі қадағалау объектілеріне мыналар жатады: трофиктік (тамақтық) байланыстар, биологиялық айналымдар, олардың бұзылыстары, зиянды заттардың концентрациясы, биологиялық өнімбергіштік қасиеттері жәнет.б. Геожүйенің «жоғарыкатегориялы» топтары қоршаған ортаны сақтау және оны жақсарту және табиғат жағдайларымен оның қорларын адамдар мүддесіне пайдалану мүмкіншіліктерін зерттейді.
Мониторингтің үшінші (глобалды) сатысына биосфералық мониторинг жатады. Бұның міндеті мүмкін болатын өзгерістерді қадағалауды, бақылауды және болжауды дүниежүзілік аумақта, яғни бүкіл биосфера бойынша жүргізу болып табылады. Өйткені бұл ортада бүкіл адамзаттың өмірі өтеді, мұнда бүкіл адамдардың тіршілігі мен келген өзгерістер орыналады.
Параметрлерді зерттеудің еңбасында күн радияциясының геофизикалық сипаттарын зерртеу тұрады. Бұған геотофизикалық мәліметтерден басқа озондық экранның күйі жөнінде және радиациялық энергияағынының атмосферадан өту жағдайларын зерттеуде кіреді. Биосфералық мониторингтің негізгі параметрлеріне, сондай-ақ, атмосфераның шаңдануын, құрлық топырағы мен әлемдік мұхит суларының биологиялық өнім бергіштігін қадағалаумен өлшеу кіреді. Қадағалау объектісіне ылғалдылық, маңызды химиялық элементтердің бүкіл әлемді кайналыстары кіреді, бұған міндетті түрде топырақ қабатын бақылау кіреді.
Биосфералық мониторинг геологиялық аймақтық және регионалдық полигондар системасының негізінде және де арнайы географиялық жағдайларда тұрған бірқатар станциялардың негізінде жұмыс істейді.
ТМД елдерінде фондық экологиялық мониторинг бағдарламасы
7 биосфералық қорықтарда жүргізіледі, олар: Березинск (Белоруссия), Кавказ, Репетек, (Түркіменстан), Сарышелек (Қырғызстан), СихотЭ-Алин (ҚиырШығыс), Орталық қаратопырақты жер және Оқажағалауы – Терррас қорықтары. Бұдан басқа фондық бағалау Бурабайда (Қазақстан), Орта Азия биіктау мұздақтарында, Солтүстік Атлантикадағы Госкомкидрометтің ауа-райына арналған кемелерінде және деластау көздерінен алыста жатқан аудандарда (Берлинг теңізі, т.б.) жүзетін ғылыми-зерттеу кемелерінде жүргізіледі.
ТМД елдерінде атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын станцияторлары – 15100, ішкі суқоймаларын бақылайтын станциялар – 3343, теңіз ластануын бақылайтын станциялар – 1500, топырақ ластануын бақылайтын – 2000 посттар (нүктелер) жұмыс істейді.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады: 1) бақылау объектісін белгілеу; 2) бақылауға белгіленген объектіні тексеру; 3) бақылау объектісіне информациялық модель құрастыру; 4) өлшеуді жоспарлау; 5) бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін құрастыру; 6) бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау; 7) мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыға тапсыру. Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты – жиналып алынған мәліметтерді негізге алып: 1) адам тіршілік ететін ортаның және экожүйелердің жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер мен функционалдық бүтіндіктің сақталуына баға беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау; 2) осы көрсеткіштердің өзгеру себептерін анықтау және осы өзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді түзетуге қажетті шараларды белгілеу; 3) зиян тигізілмей тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, олармен қамтамасыз ету. Қазақстанда бірнеше ведомстволық мониторинг жүйелері қызмет атқарады, мыс., қоршаған ортаның ластануын анықтайтын гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрылыстағы, көліктегі бақылау пункттері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және т.б.
Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы аланған мәліметтер дұрыс қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланылатын жолдарды тауып іске асыруға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әр түрлі басқару орындарының қызметін біраз қиындатып отыр.
Адам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеруге су объектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, т.б. объектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңыз зор. Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына қоршаған ортаның сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы – адам организмінің физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы қатаң белгіленген табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам кез-келген табиғи жағдайда өмір сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек қана физикалық жағынан ғана емес, сондай-ақ, сол табиғат жағдайларына ыңғайлы тұрмыстық заттектер көмегімен де бейімделеді.
Ластайтын көздер |
Қоршаған орта |
Аэроғарыштық бақылаулар |
Тұрғындардың денсаулық жағдайы |
Әлеуметтік мәселелер |
Жылжымалы лабораториялар |
Стационарлық датчиктер |
Мәліметтерді жинау |
Мәліметтерді сақтау және өңдеу |
Экологиялық жағдайларды модельдеу |
Мәліметтерді ұсыну |
Басқарушы шешімдерді қабылдау |
1 – сурет. Бірлестірілген экологиялық жүйенің құрылымы |
Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық ережелер мен нормалауды сақтауға бағытталған талаптарды күшейтумен қатар, белгілі жүйелердің нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам жасау арқылы қорғау шаралары жүйесін іске асыруға және экологиялық қауіп-қатерлілікті төмендетуге мүмкіндік туғызады.
Экологиялық мониторингтің негізгі зерттеу объектісіне «экологиялық науқастық» жатады. Экологиялық науқастық – антропогендік науқастық жолмен қоршаған ортада нормадан тыс мөлшерде жинақталған химиялық элементтер мен т.б ластағыштардың кез-келген адамның денсаулығына тигізген әсерлерінен туындайтын ауру-сырқаулық болып табылады. 1-кестеде кейбір науқастардың пайда болу жолдары туралы келтірілген.
1-кесте – Қоршаған ортаның химиялық элементтермен ластануы. Ластаушы көздер және олардың адам денсаулығына әсері
Элемент | Көз | Әсер |
Мышьяк | Өнеркәсіп | Дерматиттер, тері қабатының меланозы, ішек-қарын жолының зақымдануы, кеңсіріктің тесілуі, қатерлі түзілістің дамуы мен орын алуына қатысуы |
Бериллий | Өнеркәсіп, көмір жағу | Өкпенің ерекше зақымдануы, лимфа тамырлары мен бездерінің үлкеюі, жүдеу |
Кадмий | Өнеркәсіп, тыңайтқыштар, шылым шегу | Тыныс алу және ас қорыту мүшелері функциясының бұзылуы, анемия қан қысымының жоғарылауы, бүйректің зақымдануы, итай-итай ауруы, остеопороз (сүйек құрылысының өзгеруі), мутагендік және канцерогендік әсер. |
Мыс | Өнеркәсіп, көмір жағу, тыңайтқыш | Мамандықпен байланысты аурулар |
Алюминий | Алюминий өнеркәсібі, көмір жағу | Тіс флюорозы, сүйек флюорзы (Сүйектің ерекше өзгеруі) |
Сынап | Өнеркәсіп, өміржағу,цемент | Безгек,пневмония, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (марганец паркинсонизмі) |
Никель | Өнеркәсіп, көмір жағу, тыңайтқыштар, шылым шегу | Дерматиттер, қан түзілудің бұзылуы, канцероген, эмбриотоксикоз |
Хром | Өнеркәсіп | Дерматиттер, канцероген |
Қорғасын | Өнеркәсіп, өмір жағу, автокөлік, көмір йінділері, бояулар, тыңайтқыштар | Қорғасын энцефалонейропатия |
Селен | Руда байыту, күкірт қышқы лының өндірісі, көмір жағу | Депрессия (сарыуайымға түсуі), бас айналу, бас аурулары, сары ауру, мұрыннан қан кету |
Ванадий | Көмір мен мұнай жағу, өнеркәсіп | Жүрек-тамыр жүйе аурулары |
Марганец | Өнеркәсіп көмір жағу | Безгек, пневмания, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (марганец паркинсинозмі) |
Қоршаған орта жай-күйі үшін бақылаулар.
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар желісі.
Республиканың 28 елді-мекеніндегі стационарлық бақылау пунктерін қамтиды.
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйі үшін бақылаулар желісі.
45 метеостансаларды қамтиды.
Беткі сулардың жай-күйі үшін бақылаулар желісі.
81 су объектінде 192 тұстаманы, оның ішінде 57 өзенді, 9 көлді, 12 су қоймасын, 3 арнаны қамтиды.
Радиациялық мониторингтің бақылау желісі.
43 метеостансада жиынтық бета-белсенділікті анықтау.
79-метеостансада гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеу.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.
Оқытудың әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1деңгей. Қоршаған ортаның химиялық элементтермен ластануы. Ластаушы көздер және олардың адам денсаулығына әсері туралы жазыңыз.
2-деңгей. Экологиялық мониторинг жайлы түсіндіріңіз.
3-деңгей. Бірлестірілген экологиялық жүйені көрсетіңіз.
ОБСӨЖ тапсырмалары: Табиғи нысаналардың химиялық ластануын анализдеу әдістері.
СӨЖ тапсырмалары: Озон қабаты және озон тесіктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.
2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.
3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.
4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 260;