Лекция №9 Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
Лекция мақсаты мен міндеті:Органикалық заттардың химиялық экологиясы мен қоршаған ортадағы органикалық заттар, олардың тірі ағзаға әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Лекция мәтіні: Химиялық ластану – қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттері-нің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі.
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.
Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларының;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар
Қоршаған ортаның ластануы–адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропо-гендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 286;