АЭС авариясынан (қирауынан) пайда болған радиациялық жағдайды бағалау.

Радиациялық жағдай жергілікті радиациялық ластану салдарының жиынтығы, оның шаруашылық объектілері жұмысына, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсері деп түсінеді. Радиациялық жағдай көлемділігімен (зонаның мөлшері) және ластану мінездемесімен (радиация деңгейі) сипатталады. Осы екі параметр радиациялық зарарланудың адамдарға қауіптілік дәрежесінің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

 

 

 

Радиациялық жағдайды бағалау әрекеті келесі жұмыстарды қамтиды:

- радиациялық зарарланудың көлемділігі мен радиация мінездемесін анықтау;

- олардің объектілерге, АҚ күштеріне және халыққа тигізетін әсеріне талдау жасау;

- адамдарға радиациянық зақым келтірмеуге бағытталған әрекеттердің ең тиімді жолын таңдап алу.

Радиациялық бағалау, болжау және барлау мәліметтеріне сүйену тәсілдерімен өткізіледі.Ластанған жерде радиация деңгейінің өзгеруі, жалпы алғанда,

Рt = Р0(t/t0)-n (1)

тәуелділігіне бағынады;

Осында, Р0 - авария немесе жарылыстан «t0» уақыт сәтінде тіркелген радиация деңгейі;

Рt - авариядан (жарылыстан) кейін, қарастырылып отырған уақыт сәтінде өлшеген радиация деңгейі;

n - дәреженің көрсеткіші, радионуклидтердің құрамына байланысты болып, радиацияның уақыт өте төмендеуін сипаттайды. (Ядролық жарылыс n=І, 2 мөлшерімен сипатталады).

АЭС авариясына қатысты радиация төмендеуі, оның изотоптық құрамы басқа болғандықтан, радиациялық барлау мәліметтеріне қарай анықталады. ЧАЭС авариясына қатысты «n» мағынасын, шамалап, авариядан кейін жарияланған мәліметтерге сүйеніп анықтауға болады.

Сондай-ақ, (1) формуладан:

 

(2)

қатынасты шығарамыз;

Осында: Р12 - радиация деңгейдің бірінші өлшемдегі мағынасының екінші өлшемдегісіне қатынасы;

t1/t2 - авариядан кейін жасалған өлшемдердің уақыттар қатынасы.

Мәліметтерден шығарылған n мөлшері n » 0,4.

Басқаша айтқанда уақыт 7-есе ұлғайғанда радиация деңгейі 2-есе төмендейді (ядролық жарылыста ол 1О-есе төмендейді).

Сонымен, АЭС авариясынан туындаған радиациялық жағдайды бағалауда:

Pt=P0(t/t0)-0,4 (3)

 

деп қабылдауға болада; ондай болса t1 ден t2 дейін уақыт арасында сәуле шарпу мөлшері (дозасы):

;

құрайды; ал радиацияны әлсірету коэффициентін есепке алсақ:

. (4)

Бұл жолы барлау мәліметтерге қарап радиация жағдайын бағалау әдісі ядролық жарылыс жағдайындағы сияқты, бірақ АЭС авариясында радиацияның төмендеу заңын көрсететін кестелер пайдаланады (1 және 2 кестелерді қараңыз).

 

1 кесте - АЭС авариясынан кейінгі “t” уақытына радиация деңгейін келтіру коэффициенттері Kt=t-0,4

 

t, сағ Kt t, сағ Kt t, сағ Kt t, сағ Kt
0,5 1,32 4,5 0,545 8,5 0,427 І6 0,33
0, 525 0,417 0, 303
1,5 0 ,85 5,5 0,508 9,5 0,408 1тәулік 0,282
0,76 0,49 0,4 2 тәулік 0,213
2,5 0,7 6,5 0,474 10,5 0,39 З тәулік 0,182
0,645 0,465 0,385 4 тәулік 0,162
3,5 0,61 7,5 0,447 11,5 0,377 5 тәулік 0,146
0,575 0,434 0,37 6 тәулік 0,137

 

2 кесте - АЭС авариясынан соң радиациямен ластанған аймақта адамдардың шектелген болу ұзақтығы

 

Авария сәтінен бастап сәулеленудің басталуына дейін өткен уақыт; tH, сағ  
 
 
0,2 7,3 8,35 10,0 11,30 12,30 14,0 16,0 21,0  
0,3 4,50 5,35 6,30 7,10 8,00 9,00 10,30 13,30  
0,4 3,30 4,00 4,35 5,10 5,50 6,30 7,30 10,00  
0,5 2,45 3,05 3,35 4,05 4,30 5,00 6,00 7,50  
0,6 2,15 2,35 3,00 3,20 3,45 4,10 4,50 6,25  
0,7 1,50 2,10 2,30 2,40 3,10 3,30 4,00 5,25  
0,8 1,35 1,50 2 ,10 2,25 2,45 3,00 3,30 4,50  
0,9 1,25 1,35 1,55 2,05 2,25 2,40 3,05 4,00  
1,0 1,15 1,30 1,40 1,55 2,10 2,20 2,45 3,40  

 

АЭС аваридсынан түзілген радиациялық жағдайды бағалауға арналған есеп шығару әдістемесін қарастырып көрелік.

1 есеп.

АҚ жасағына Т=6 сағат жұмыс істеуге тура келіп отыр (радиациялық ластанған жерде, КӘЛС=1). Жасақ құрамасы зонаға авариядан кейін tH= 4 сағат өткенде кіреді, бұл сәтте радиация деңгейі РН=5 рад/сағ. Адамдар қабылдайтын сәулелену дозасын анықтау керек.

Шешімі:

Қабылдаған дозаны (4) формула арқылы табады. Ол үшін алдын ала “tK” және “РK” табамыз:

 

tK=tВ+Т=4+6=10 сағат.

 

Р1ННКК – қатынасы арқылы

 

рад/сағат

анықталады. К10 мен К4 мағыналарын 1 кестеден аламыз.

Сонда: Д = 1,7×(3,5×10 - 5×4 )=25,5 рад.

 

2 есеп.Радиациялық ластанған жерде, оған кірер алдында (tН=2 сағ. авариядан кейін) радиация деңгейі Р2=3 рад/ сағ. Берілген доза ДБЕР=10 рад., КӘЛС=1. Адамдардың болуы шектелген ұзақтылығын анықтау керек.

Шешімі:

1)

қатынасын таптық. К2 мағынасы 1 кестеден табылды (авариядан tН=2 сағ, өткенде К2=0,76).

2) кестеден “а” = 0,4 және tH= 2 сағ. қиылысынан Т=4 сағ, жұмыс ұзақтығын табамыз.

 








Дата добавления: 2017-06-02; просмотров: 1410;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.