Трансформаторлардың параллельді жұмысы және кернеулерін реттеу, трансформаторлардың параллельді жұмыс істеу шарттары

 

Трансформаторлық қосалқы станцияларда екі немесе одан да көп параллельді жұмыс істейтін трансформаторлар орнатылады. Трансформаторлардың параллельді жұмыс істеуінің қажеттілігі мына себептерге байланысты:

1. Апат болып қалғанда немесе трансформатор істеуінің жөндеуге шығарылған кезде тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету қорын жасау қажеттілігі;

2. Қосалқы станциялардың жүктемесі азайған кездерінде оларда болатын шығындарды азайту мақсатында паралелльді жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың бір бөлігін ажыратып қоюдың қажеттілігі.

6.1-сурет. Бір фазалы трансформаторлардың параллельді жұмыс істеудің сұлбасы.

Трансформаторлардың параллельді жұмыс істеуі ең жақсы жағдайда өту үшін қосалқы подстанцияның жалпы жүктемесі параллельді істеп тұрған трансформаторлардың арасында олардың номиналды қуаттарына пропорционалды бөліну керек. Бұл үшін мына шарттар орындалу керек:

1 Орамалардың жалғану топтары бірдей болуы;

2 Біріншілік және екіншілік номиналды кернеулері тең болуы ( ), яғни трансформация коэффициенттері ( ) тең болуы;

3 Қысқа тұйықталу кернеулері тең болуы ( ).

Бірінші және екінші шарт орындалмаған жағдайда бос жүріс ережесінің өзінде де орамаларда теңгеру ток пайда болады. Бұл ток екіншілік орамалардан құралған тұйықталған контурмен ағады (6.1-сурет). Теңестіру ток апатқа әкеліп соқтырмаған жағдайдың өзінде трансформатордың жүктеме тоғымен қосылып трансформаторды әрқалай жүктейді де, ондағы шығындарды өсіріп, қызуын арттырады.

Үшінші шартты орындаған кезде трансформатордың жүктемелері біркелкі бөлінеді, яғни олардың номиналды қуаттарына сәйкес.








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1977;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.