Ш фазалы токтарды түрлендіру.

Үш фазалы токты түрлендіру үш бір фазалы немесе бір үш фазалы үш оқтамалы трансформаторлар арқылы жүзеге асырылады:

а) үш фазалы топ.

Үш фазалы токты трансформациялау үшін үш бір фазалы трансформаторларды бір топқа қосады (6.1-сурет).

 

Жоғары кернеулі ораманың басты шықпаларын А, В, С қарыптармен белгілейді, аяққы шықпаларды X, Y, Z қарыптармен. Төмен кернеулі ораманың шықпаларына ораманың шықпаларына кіші қарыптар қолданады а, в, с және x, y, z.

6.1-сурет. Бір фазалы трансформаторлардан құралған үш фазалы топ.

б) Үш фазалы үш оқтамалы трансформатор.

6.2-сурет. Үш фазалы трансформаторды үш бір фазалы трансформатордан құралуын түсіндіретін схемалар.

Үш фазалы трансформаторды үш оқтамалы (1, 2, 3), үш мойынтырықты (4, 5, 6) үш бір фазалы трансформатор түрінде көрсетейік (6.2, а-сурет). Үш мойынтырықты бір мойынтырыққа біріктіруге болады (6.2, б-сурет). Бұл мойынтырық арқылы қосынды ағын ағады. Егер де біріншілік орамаға үш фазалы симметриялы кернеу жүйесі қосылса, онда кез келген уақытта . Сол себептен мойынтырықты алып тастап үш оқтамалы трансформаторды құруға болады (6.2, б-сурет).

Сол себептен үш оқтамалы, әрбір оқтамада біріншілік және екіншілік орамалары бар үш фазалы трансформаторды құрамыз (6.3-сурет);

6.3-сурет. Үш фазалы трансформатор.

 

в) орамаларды қосу сұлбалары.

Үш фазалы трансформатордың біріншілік және екіншілік орамалары «жұлдызша» (У), «нөлдік нүктесі шығарылған жұлдызша» (Ун) және «ұшбұрыш» (Д) қосу сұлбалары бойынша қосылады.

6.1-кесте

Орамалардың қосу сұлбалары ЭҚК векторлық диаграммасы Шартты түрде белгіленуі
ЖК ТК ЖК ТК
  У/Ун-0
      У/Д-11
      Ун/Д-11
      Д/Ун-11

6.2 Трансформаторлардың жалғану топтары.

Трансформаторлар электр жүйелерде жұмыс істеген кезде жоғары және төменгі кернеу орамаларының ЭҚК-терінің өзара бойынша ығысу бұрыштарын білу керек. Мысалы, трансформаторларды параллельді жұмысқа қосқан кезде бұл жағдайды білу өте қажетті.

Үшфазалы трансформатордың ЖК және ТК орамаларының желілік ЭҚК-терінің ығысу бұрыштары 300 еселі болып келеді. Сол себептен, бұл бұрыштарды градус немесе радиан арқылы емес, сағат цифрблаттың бөліктері арқылы көрсету ыңғайлы (6.4-сурет).

 


 

6.4-сурет.


Трансформаторлардың жалғану тобын анықтау.

Желілік ЭҚК-тердің арасындағы бұрыштары бірдей болған трансформаторлар бір жалғану топқа жатады. Олар өздерінің нөмірімен белгіленеді. Егерде ЖК ораманың ЭҚК-інің векторына минуттық тілін сәйкестіріп, ол векторды 12(0) сандық белгісімен беттестірсек, онда циферблатта ТК ораманың ЭҚК-тің векторына сәйкестірілген сағат трансформатордың жалғану тобының нөмірін көрсетеді. Мысалы, 6.4-суретте 11 топты көрсетіп тұр.


 


Жалғану тобы орамалардың жалғану сұлбасына, олардың оралу бағыттарына және қысқыштарына тақ болуына тәуелді. У/У және Д/Д жалғану схема кезінде жалғану топтары жұп нөмерлі, ал У/Д және Д/У жалғану сұлба кезінде топтары тақ нөмерлі болады.

Жалғану топтың нөмерін белгілеу үшін біріншілік және екіншілік кернеулердің векторлық диаграммаларын салу керек. Мысалы ретінде, 12 және 11 топтарды анықтау көрсетілген.

және векторлардың арасындағы бұрыш 00-қа тең, яғни 12(0) топ шықты.

және векторлардың арасындағы бұрыш 3300-қа тең, яғни 330/30=11 топ.

Қысқыштардың таңбалануын өзгертіп басқа жалғану топтарды құруға болады. Барлық топтардың саны 12, бірақ көбінесе 11 мен 12(0) жалғау топтар қолданылады.

 








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2279;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.