Фазалы роторы бар асинхронды қозғалтқышты орнынан жіберу.

Қозғалтқыш орнынан қозғалғанда жіберу ток номиналды токтан 6-7 есе үлкен болады. Бұл жағдай, кернеуді төмендетумен бірге қозғалтқыштың ішінде едәуір динамикалық күшті тудырады. Жіберу кезде токтың ырғуын төмендету үшін ротордың тізбегіне реостатты (активтік кедергіні) қосады. Реостат қосылғанда ротордың кедергісі тең болады. Жүктеме тұрақты кезде қозғалтқыштың тайғанауы мына заң бойынша өзгереді.

(7.1)

 

 

7.7-сурет. Ротор тізбегінде әртүрлі активтік кедергі бар кездегі механикалық сипаттамалар.

Жүргізу иінкүш ең үлкен Мү мен ең аз Ма мағынада өзгереді.

Жіберу сатыларының саны m-ге тең. Бірінші сатыда тайғанау S=1, ал иінкүш Мү болу үшін мына жағдай орындалу керек

(7.2)

7.6-суретте m=4 кездегі қозғалтқыштың механикалық сипаттамалардың тұқымдастары көрсетілген.

Қисық 1 сәйкес сипаттама жіберу иінкүш Мү басталады да кейін азайады. Ма иінкүшке жеткенде реостаттың бір сатысы жұмыстан шығады да қисық 2 сәйкес сипаттамаға ауысады. Ақырында, табиғи ( ) шыққанда қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыш сияқты болады.

Сатыдан сатыға көшкенде Ма иінкүш Мн иін күштен көп болу керек, ал жіберу ток ұйғарған шамадан аспау керек.

 








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1578;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.