Терең ойықты асинхронды қозғалтқыш.
Терең ойықты қозғалтқышта токты ауа саңылау жағына ығыстыру үшін ойықтың биіктігін үлкейтеді, ол кеңдігін кішірейтеді. Ротор тізбегінің активтік кедергісін үлкейту үшін ойықтың биіктігін электромагнит өрісінің өткізгіштің ішіне кіру тереңдігінен көп болу керек, яғни
, (7.5) мұнда - ойықтың оқтамасының салыстырмалы кедергісі;
Гн/м – ауаның магнит өткізгіштігі.
Ішке кіру тереңдік: мысқа ; алюминийге . Егер де оқтаманың биіктігі болса, онда оның активтік кедергісі есе омдық кедергіден көп болады. Алюминий оқтаманың биіктігі мм тең болса, онда активтік кедергі 3-4 есе өседі.
Қозғалтқышты желіге қосқан кезде оның ротор тоғының жиілігі , яғни статор тоғының жиілігіне тең. Оқтаманың төменгі жағының индуктивтік кедергісі жоғары жақтың индуктивтік кедергісінен әлде көп.
7.9-сурет. Терең ойық (а) және оқтамада жіберу (б) мен номинал (в) тоқтарының тарауы.
Бұнын себебі – оқтаманың төменгі барлық магнит индукцияның сызықтармен ілініседі. Тоқ индуктивтік кедергісі аздау оқтаманың жоғарғы жағына ығысады. Бұл оқтаманың S көлемі азайғанға тең, яғни активтік кедергісінің өскеніне тең. Сол себептен жіберу иінкүштің үлкейгенін белгіленеді.
Ротордың жылдамдығы өскен сайын ротор тоғының жиілігі азаяды да, сонымен бірге индуктивтік кедергі азаяды. Оқтаманың ішінде токтың тарауы бір қалыпқа келе бастайды. Қозғалтқыш номинал ережеге келген кезде тоқтың көлденең кесудегі тығыздығы бірдей болады (7.4, в – сурет )
Бұл жағдайда қозғалтқыш бұрын қаралған қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыш болып қалады.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1096;