Электр желінің жиілігін өзгерту арқылы ротордың айналу жиілігін реттеу.
Желінің жиілігін өзгерту үшін қозғалтқышты жиілік түрлендіргіш арқылы қамтамасыз ету керек. Бұл түрлендіргіш электр желімен статор арасына орнатылады. Қазіргі уақытта, түрлендіргіштер жартылай өткізгіштерден (тиристорлардан) құралады.
Негізгі мынадай реттеу жағдайлар бар:
1 Тұрақты иінкүш, яғни кезде реттеу.
2 Тұрақты қуат, яғни кезде реттеу.
Механикалық сипаттамалардың қаталдығы жоғары болу үшін және жеткілікті жүктеу қасиетті сақтау үшін желінің жиілігі -мен бірге статордың кернеуі -те сәйкесті өзгеру керек, яғни магнит өріс тұрақты болу керек ( ).
Жиіліктің және иінкүштің тәуелдігіне қарай кернеудің өзгерту заңы мынадай болады
(7.1)
мұнда - жиілікке сәйкес кернеу және иінкүш.
Егер де қозғалтқыштың білігінде иінкүш тұрақты болса, онда
(7.2)
яғни статордың кернеуі жиілікке пропорционалды өзгеру керек.
Қозғалтқыштың білігіндегі қуат тұрақты болғанда иінкүш жиілікке қайта пропорционалды, яғни . Бұдан шығатын кернеуді өзгерту заңы
(7.3)
Жиілікті өзгерту арқылы реттеу қозғалтқышты тобын реттеу кезде қолданады (мысалы, тоқыма тармақта). Бұл реттеу түрі жылдамдықты кең диапозанда (10:1-20:1) ырғақты өзгертуге мүмкіншілік береді.
7.10 Статордың орамасының полюстер санын өзгерту арқылы ротордың айналу жиілігін реттеу.
Мұндай әдіс көп жылдамдықты деп аталатын арнайы асинхронды қозғалтқыштарда қолданады. Көп жылдамдықты қозғалтқыштар жылдамдықты сатылы өзгерткен кезде қолданады (металл өңдеу станоктар, т.б).
7.12-сурет. Статор орамасын әртүрлі полюстер санына жалғау.
Төрт полюске (16.1, а), ораманың екі секциясы тізбектеліп қосылғанда (16.1, а-сурет) магнит өрісі төрт полюсті болады ( ), ал екі секция параллельді қосылғанда (16.1, б-сурет) магнит өрісі екі полюсті құрады. Егер де статорда осындай екі ораманы орналастырсақ, онда төрт жылдамдықты қозғалтқыш болады.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1553;