Екі торлы асинхронды қозғалтқыш.
Бұл қозғалтқыштың роторында екі қысқа тұйықталған орама бар. Ораманың оқтамалары екі қатарлы ойықтарда жатады, бір-бірінен жіңішке шлицпен бөлінеді (15.5 – сурет ).
7.10-сурет. Екі торлы қозғалтқыштын ротор орамасы.
Оқтамалардың екі жақтарындағы ұштары шығыршықтарға қосылады. Жіберу (жоғары) тордың көлденең кесуі жұмысшы (төменгі) тордың көлденең кесуінен аз болып жасаланады; ал сол себептен жіберу тордың активтік кедергісі жұмысшы тордың кедергісінен үлкен болады.
Жұмысшы торды магнит өрістің күш сызықтарының барлығы кесіп өтеді; сол себептен оның индуктивтік кедергісі жіберу тордың кедергісінен қарағанда жоғары болады.
Қозғалтқышты орнынан жіберген кезде тайғанау -ге тең болады; сол себептен бұл кезде индуктивтік кедергі активтік кедергіден әлде үлкен. Сондықтан жіберу кезде ток жіберу орамадан ағады.
Номинал ереже кезде S тайғанау тапшы, сол себептен индуктивтік кедергі активтік кедергіден аз болып қалады да роторы тоғы жұмысшы орамамен ағады.
Сонымен, екі торлы қозғалтқыштың жіберу тоғы азаяды, ал жүргізіп жіберу иінкүші өседі.
Жіберу орамансының иінкүші
(7.6)
Жұмысшы орамасының иінкүші
(7.7) 715.7-суретте екі торлы қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы келтірілген.
7.11-сурет. Екі торлы қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы.
Екі торлы қозғалтқыштар арнаулы қажетте орындалады, мысалы, егерде қарсылас иінкүш механизмді қозғаған кезде өте үлкен болса. Мұндай механизмдерге келесілер жатады: конвейерлер, компрессорлар, уатқыштар, т.б.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1660;