Тақырыбы: Үшфазалы трансформаторларды параллель жұмысқа қосу.
Жоспар: 1.Үш фазалы трансформаторларды параллель жұмысқа қосу
шарттары.
2. Үш фазалы үшорамалы трансформаторлар.
Үшфазалы трансформаторларды пареллель жүмысқа қосу. Техникалық немесе экономикалық тиімділігіне қарай инженер-лік тэжірибеде бір трансформатордың орнына жалпы куаттылығы бір трансформатордың куаттылығына тең бірнеше трансформатор қойы-лып оларды параллель іске қосады. Мұндай жағдайда жүктеменің қосындысына қарай жүктеменің технологиялық қалыпты тэртібін қамтамасыз ете алатын керекті трансформатор санын ғана жұмысқа қосады. Трансформаторларды паралель қосқанда олардың бірінші жэне екінші жагынын орамалары өздерінің ортақ шиндеріне жалғанады.
Транс форматорларды параллель жұмыс істеуге косу үшін белгілі шарттарды сақтау керек олардың негзілері мына үшеуі:
- параллель жұмыс Істейтін трансформатордың жалғануы бір топқа
жатуы;
- параллель жұмыс істейтін трансформаторлардын қалыпты бірін-
ші жэне екінші кернеулері тең болуы;
- параллель тұйыкталудың қалыпты кернеулері олардың арифме-
тикалық орташа мәніне тең болуы немесе одан айырмашылығы
10 % -дан аспауы тиіс.
Егер трансформатор жоғарыдағы шарттарды толық қанағаттан-дырса ортақ шинадағы жүктеменің қосындысы әрқайсысының қуат-тылығына сэйкес бөлінеді.
Қатар істейтін трансформаторлардын қуаттылығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ үш еседен артпауы тиіс. Мұндайда қуаттылығы төмен транс форматордың қысқа тұйықталу кернеуінің uк %-тік мэні жоғары болуы тиіс. Олардың қуаттылығының айырмасы неғұрлым жоғары болса, қолайлы жағдайда жұмыс жасау мүмкіншілігі де азая түседі.
Қысқа тұйықталу кернеуінің их % мэндері эртүрлі болып ке-летін параллель істейтін трансформаторлар арасындағы жүктеменің бөлінуі мынадай қатынаста болады:
S1/S2=S1Н/ S2Н uк
uк-үлкен трансформатор аз деңгейде жүктеледі бірақ куаттылығы
аз трансфордың толық жүктелмеуі жүйенің жалпы куаттылығына,
қуаттылыгы жогары трансформатордың толық жүктелмеуіне карағанда, аз деңгейде эсер етеді.
Үшфазалы үшорамалы трансформаторлар. Әдетте үш-орамалы трансформаторлардың бір орамасы бірінші ораманың орнына жүреді, ал қалған екеуі екінші орама орнына жүреді. Іс жүзінде үшорамалы бір трансформатор екі ораманы екі трансформатордың ор-нын басады, бұл оларды қолдану экономикалық жағынан тиімді етеді.
Егер электр станциясынан екі желі шығатын болса, екі орамалы екі транс форматордың орнына үшорамалы бір трансформатор қоюға болады, бір орамасы жоғары кернеулі (ЖК) және екі орамасы төменгі кернеулі (ТК) эртүрлі желімен куаттылықты эртүрлі қашықтықта та-сымалдау үшін олардың стандарттық шамасы да эртүрлі болуы тиіс. Мұндайда, егер екінші орамадан көректенетін түтынушылардың бір-мезгілдік жэне ұзақ мерзімдік толық жүктемесі болмаса, онда бірін-ші ораманың қалыпты қуаттылыгын екінші орамалардың қалыпты қуаттылығының қосындысынан төмен етіп алу керек, Үшорамалы трансформатордың қалыпты қуаттылығы ретінде қуаттылығы жоғары ораманың қалыпты қуаттылығы алынады.
Үшорамалы трансформаторлардың орамаларын жалғау сұлбасы мен топтары екі орамлы трансформаторлардыкіндей. Үшорамалы трансформаторлардың екінші орамаларының, бірінші орамаға қарағанда орналасуы олардың кернеулерінің өзгеруіне айтарлықтай эсер етеді. Екінші орамалар қатар орналасса, онда олардың біреуіндегі жүктеменің өзгеруі, екіншісіндегі кернеудің шамасына айтарлыктай әсер етеді.
Лекция
Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 4253;