Трансформаторлардың кернеулерін реттеу.

Реттелу принциптері.Трансформаторлардың жұмыс істеу барысында тұтынушылардың кернеулері тұрақты болу үшін екіншілік кернеулері өте жай реттеу керек. Бұл кезде екі жағдайды ажыратады:

1. Біріншілік кернеуді шамалы өзгерткен кезде (10-15 % номиналдан) екіншілік кернеуді өзгертпеу;

2. Біріншілік кернеу тұрақты болып тұрғанда екіншілік кернеуді кең көлемде реттеу.

Мұны орындау үшін біріншілік немесе екіншілік орамалардың орам сандарын өзгерту керек. Ол үшін трансформаторларда әртүрлі саны бар тарамдар жасалынады.

Орамалардың тарамдарын желіден ажыратқан кезде ауыстырып қосуға болады (қоздырусыз жағдайда ауыстырып қосу) немесе жүктеме бар кезде (жүктелген кездегі реттеу). Кернеулерді жатық реттеуге болатын (магнит ағынды өзгерту арқылы) трансформаторларда да бар:

а) трансформаторлардың орама тармақтарын қоздырусыз жағдайда ауыстырып қосу.

6.2-сурет. Реттемелік тарамдардың 6.3-сурет. Түйіспелі қосқыштың

трансформаторда жайғасуы. сүлбесі.

 

Бұл жағдайда -ға қарағанда -ға жоғары немесе төмен қарай реттейді, әдетте сатылары -ға тең болады, яғни трансформатордың бес реттеу сатысы бар.

Трансформаторларда ауыстырып қосу түйіспелі қосқыштар арқылы орындалады. Түйіспелі қосқыштың құрамына (6.3-сурет) орамдардың тарамдарымен қосылған қозғалмайтын түйіспелер (x, y, z) және фазалардың өзара жалғану сұлбасын қамтамасыз ететін жылжымалы (А, В, С) түйіспелері кіреді;

б) жүктелген трансформатордың орама тарамдарын ауыстырып қосу. Бұл реттеу әдісін қолданған кезде мынаны орындау керек:

1) бір тарамнан екінші тарамға ауысу кезде тоқтың үзілмеуін қамтамасыз ету;

2) екі тарам бір уақытта қосылған кезде олардың арасындағы ораманың бөлімінде қысқа тұйықталған тоғын шектеу.

6.3-сурет. Ток шектеуші L реакторы бар ауыстырып қосу құрылғысының сұлбасы.

Құрылғының ішінде L1 токты үзетін екі ажыратқыш Q1 мен Q2 және ток жоқ кезде ауыстырып қосуды жүзеге асыратын қосқыштар SA1 мен SA2. Кернеудің реттелуін 6.3-суреттен түсінуге болады.

 








Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2125;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.