ЭҚК-і бар тізбек бөлімшесі үшін Ом заңы
Тармақталмаған сүлбенің бөлігінің тоғы үшін, еркінше ЭҚК-тері және кедергілері болғанда, егерде аяқтарындағы потенциалдар айырымы белгілі болса жазуға болады:
1.1-сурет
Егер токтың бағыты алдын-ала белгісіз болса, онда токтың бағытын еркінше таңдаймыз. Мұндай еркінше таңдалған токтың бағытын болымды деп атайды.
Мұнда - бөліктің қосынды кедергісі;
- потенциалдардың айырымы немесе бөліктің қысқыштар арасындағы кернеу;
- бөлікте әрекет ететін ЭҚК-терден алгебралық қосындысы.
1.3 Тармақталған тізбектерді есептеу үшін Кирхгофтың заңдарын қолдану
Тізбектеп қосылған ЭҚК-тердің көздерінен және кедергілерден құралған электр тізбектің бөлігі тармақ деп аталады.
Үш және одан көп тармақтардың қосылған орыны (нүктесі) электр тізбектің түйіні деп аталады.
Бірнеше тармақтардан өтетін тұйықталған жол электр тізбектің контуры деп аталады. Сонымен бірге қаралып тұрған контурда әрбір түйін бірақ рет кездеседі. Қандай да болған кескін үйлесімі бар электр тізбектің ережесі Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарымен толық белгіленеді.
Кирхгофтың бірінші заңы:
Түйіндегі тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең, яғни
Кирхгофтың екінші заңы:
Қандай да болған тұйықталған контурда осы контурға кіретін кедергілердегі кернеулердің алгебралық қосындысы сол контурға кіретін ЭҚК-тердің алгебралық қосындысына тең, яғни
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 1851;