Материалды емес активтердің кірістелу есебі
Материалды емес активтер есебі үшін «Материалды емес атктивтер» 2700 подраздел келесі шоттар арналған:
2710 «Гудвилл»;
2730 «Басқа да материалды емес активтер».
Осы шоттар дебеті бойынша айдың басы мен аяғына материалды емес активтердің қалдығы, олардың келіп түсуі бойынша операциялары; кредиті бойынша – материалды емес активтердің жойылуы көрсетіледі.
Материалды емес активтер сауда ұйымдарына келесі жағдайларда келіп түсуі мүмкін:
· жақтардың келісімі бойынша құрылған ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымы есебінен енгізілген жағдайда;
· сатылымның нақты өндірілген шығындар есебінен (төленген жабылмаған салықтар мен алымдарды қоса) заңды және жеке тұлғалары үшін төлем арқылы алынған жағдайда;
· заңды және жеке тұлғалардан және мемлекеттен ақысыз алынған немесе мемлекеттік субсидия есебінен алынған жағдайда – нөлдік немесе номиналдық құны бойынша;
· ұқсас немесе ұқсас емес активтермен алмасқан жағдайда – сәйкесінше сату құны немесе алмасқан активтің баланстық құны бойынша;
· ұйымның өзімен жасалған жағдайда.
Материалды емес активтердің келіп түсуін «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісімен» (ф.№НОК-1) рәсімделеді. Актіде материалды емес активтердің дұрыс атауы, оның қысқаша сипаттамасы, қабылданған және өткізілген жақтардың атауы, объектінің сатып алу (құрылу) мерзімі, оның бастапқы құның пайдалану мерзімі, тозудың нормасы мен соммасы, өткізудің себебі және т.б. көрсетіледі.
Материалды емес активтерді қабылдаған кезде, акт әр бір қабылданған объектіге бір данада құрылады. Бірнеше біртипті материалды емес активтер келіп түскен кезде, жалпы актіні құруға рұқсат етеді.
Есепке алынған материалды емес активтердің әр бір объектісі белгілі бір объективті нысанында көрсетілуі тиіс. Сонымен, осы объектіге құқық, материалды объектіге деген меншік құқығымен байланыссыз болады. Егер тауар белгісіне құқық сатып алынатын болса, онда тауар белгісінің иесі осы құқықты кірістеу ұшін негіз ретінде куәлік болып табылады, ал тауар белгісіне құқығын иенің өзі басқа бір тұлғаға берген жағдайда, онда тауарлық белгіге иенің құқығы расталатын немесе сауда ұйымына пайдалануға бері фактісін растайтын лицензиялық келісім болып табылады. Куәлік және лицензиялық келісім бекітілген Заңнамаға сәйкес рәсімделуі және Қазпатентте тіркелуі керек.
Ұқсас құжаттармен сонымен қатар, сауда ұйымымен сатып алынған басқа да материалды емес активтер расталуы тиіс. Осы құжаттарда объектінің сипаттамасы, оның пайдалану ережесі, сонымен қатар, осы объектілерге қатысты ұйымның басқа да мүліктік құқығы беріледі. Осы құжаттар (куәлік, лицензиялық келісім, патент, лицензия және т.б.) «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісіне» толықтырылады.
Актіге материалды емес аткитвтерді қабылдап алған материалды жауапты тұлғалар қолын қояды және ол қосымша құжаттармен ұйымның бухгалтериясына тапсырылады. Актінің дұрыстығын тексергеннен кейін, оған бас бухгалтер қол қояды және сауда ұйымының басшысымен немесе өкілетті тұлғалармен бекітіледі.
Материалды емес активтер есепте сатып алыну, өндіру және жоспарланған мақсаты үшін пайдалануға жарамды жағдайға келтіру бойынша шығындар соммасында көрсетіледі.
МЕА кіріске алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
№ | Шаруашылық операциясының мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
Дт | Кт | ||
Жарғылық капиталға құрылтайшылардың салымы есебінен енгізілген әр түрлі МЕА кіріске алу | 5110 Төленбеген капитал | ||
Заңды тұлғалардан төлем арқылы кірістелген МЕА ҚҚСалығынсыз | |||
ҚҚСалығына | |||
Алынған материалды емес активтер үшін жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактураларын төлеген кезде | 1010, 1030 | ||
Бюджетке төленетін төлемді азайту үшін есепке алынған ҚҚС сомасына | |||
МЕА мемлекеттен, заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынғанда | Мемлекеттік субсидиялардан түскен табыс 6160 «Қаржыландырудан түскен басқа да кірістер» | ||
Жасалған келісім шартқа сәйкес, құрылтайшылық құжаттарды дайындау және кәсіпорынды тіркеу, сонымен қатар кеңес беру қызметі үшін заңды фирмаларға есептелген төлем соммасына | Басқа да кредиторлық берешек | ||
Мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік баждар мен алымдар соммасына | Өзге де салықтар | ||
Құрылтайшылық құжаттарды көбейту, мөрді дайындау және т.б. шығындар сомасына | |||
Ұйымды құру бойынша жоғарыда келтірілген қызмет бойынша қосылған құн салық сомасына | |||
Ұйымды құру бойынша заңды және басқа да фирмаларға көрсетілген қызмет үшін төлемді төлеген жағдайда | 1010, 1030 |
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 2866;