Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым басшысының өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама коса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым басшысы соған өкілетті жауапты адамдарды бекітеді.
НҚ қабылдау актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жойылу құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да керсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою кұны негізінен шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында керініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда кезбен (визуально) анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде калады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі — есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды кабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру) актісі келтірілді.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және кұны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалык төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдык элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі кұралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде "Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі", ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға "Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі" негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін "Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері" негізінде жазылады.
Негізгі құралдарды есептен шығару яғни жиынтық есеп - шаруашылықты жүргізуші субъект колданылып жүрген зандарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапканда; табиғи қиыншылықтар мен апатгардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде (сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады. Объектілер толық немесе ішінара (объектіні кайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалык, жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады. [12]
Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын аныктау үшін, сондай-ақ қажетті қүжаттарды дайындау үшін (құрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің жиналысында кабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінін орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік келік инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдыктардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда коімиссияға арнайы салалық мамандар да катыстырылады.. Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі кұрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Негізгі кұрал-жабдықтарды есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы баскаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдыктарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі кұрал-жабдыктарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде акт екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдыктардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады. Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстыруы кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғьшады. Негізгі кұралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда "Негізгі құралдар" бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.
Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол "Негізгі құралдар" бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
4-кесте – Негізгі құралдар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
№ р/н | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1. | Жабдықтаушылар мен медігерлерден негізгі кұралдар кәсіпорынға келіп түсті: | 3310, 3390 | |
2. | Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алынды: | 3320, 3330 3340 | |
3. | Құрылтайшылардың (қатысушылардың) кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды | 5010, 5020, | |
4. | Заңды және жеке тұлғалардан өтеусіз негізде негізгі құралдар келіп түсті: | ||
5. | Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды: |
Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 3826;