НҚ, олардың жіктелінуі

Негізгі құралдар – бұл тауарларды шығаруда (қызметтерді көрсетуде), басқа адамдарға жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын және бір жылдан астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы құнын орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке немесе дайын болған өнімге амортизация есептеу жолымен біртіндеп өткізіп отыратын материалдық активтерді айтады.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдарға жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын өнімдер болып саналатын жабдықтар мен машиналар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар жатпайды.

Негізгі құралдар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:

1. Өндіріске қатысуына қарай:

- өндірістік НҚ – бұл өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, станоктар, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы да басқалары жатады.

- өндірістік емес НҚ – бұл өндірістік процеске тікелей қатыспайтын, бірақ ұйым қызметкерлеріне мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін (тұрғын үй-коммуналдық, емдеу, дәрігерлік көмек көрсету, мәдениет үйі, порт алаңы, бала бақшалар т.с.с.) негізгі құралдар

2. Кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай:

- Меншігіндегі НҚ - бұл ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар

- жалға алынған НҚ – бұл белгіленген мерзімге келісім-шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.

3. Пайдалану сипатына қарай

- жұмыс істеп тұрған

- жұмыс істемей тұрған - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал

4. Заттық құрамына қарай:

- мүліктік – бұл санауға және өлшеуге болатын нқ

- мүліктік емес - пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары т.б. жатады.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол НҚ салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөңдеуге кеткен және де басқа да қажет болып саналатын шығындар НҚ бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығына ретінде есепке алынады.

Ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

· Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен алдағы келісім бойынша;

· Ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;

· Ұйымдар негізгі құралдары басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен;

Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл ұйымның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл ұйымның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есептілік ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Сату (өткізу) құны - мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жойылу (ликвидациялық) құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі кұралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдык құндылықтардың құны

Амортизациялық құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы,

 








Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 1856;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.