БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

1.1 Автомобильдің түп тұрқысын таңдау және баяндау

Автомобильдің түп тұрқысын таңдау үшін бастапқы мәліметтер болып мыналар табылады: ең үлкен жүк көтергіштік (таңдап алынған автомобильдің жүк көтергіштігі тапсырмада берілген жүк көтергіштіктен кем болмауы керек), қозғалтқыш түрі және автомобильдің қажеттігі. Таңдап алынған автомобиль өзінің техникалық сипаттамалары бойынша курстық жоба тақырыбында берілген жағдайларға мейлінше жақын болуы тиіс. Таңдап алынған автомобильдің баяндамасында оның негізгі техникалық сипаттамасын көрсету керек:

- қозғалтқыш түрі мен оның қуаты;

- берістер қорабының құрылыстық көрсеткіштері;

- автомобильдің жылдамдық көрсеткіштері;

- отын - экономикалық көрсеткіштері;

- машинаның геометриялық көрсеткіштері (габариттік өлшемдер, із, табан);

- таңдап алынған автомобиль маркасының автокөліктік құралдардың қабылданған жіктелуіне сәйкес көрсетілуін беру керек.

1.2 Автомобильдің толық массасын анықтау

Автомобильдің қажеттігін басшылыққа ала отырып, бастапқы мәліметтерді талдайды және жобалау үшін керекті бастапқы мәліметтерді керек болса түзетеді, пайдалану жағдайларын баяндайды және автомобильдің құрылысы мен оның үйлесімдік схемасы сәйкес болатын негізгі талаптарды тұжырымдайды.

Автомобильдің үйлесімдік схемасын жасау алдында оның массасы мен осьдер санын анықтайды.

Автомобильдің толық массасы мына формула бойынша анықталады:

(1.1)

мұндағы - жабдықталған автомобильдің өзіндік салмағы, кг; - кабинадағы отыратын орын саны; - тасылатын жүктің ең үлкен салмағы, кг.

Тұғырлы тартқыштың толық салмағын анықтау үшін жүктелген жартылай тіркеменің ең үлкен салмағы мен тартқыштың өзіндік салмағын ескеру керек.








Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 1080;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.