АЭРО ЖӘНЕ КОСМОСТЫҚ ТҮСІРІСТЕРДІҢ ДЕШИФРЛЕУ ТЕОРИЯСЫ
Аэрофототүсіріс материалдары ауыл шаруашылығында 1931 жылдан бері қарай кеңінен қолданылып келеді. Бұндай қарқын негізінде ауыл шаруашылығындағы ірі әлеуметтік және әкономикалық өзгерістерге байланысты болды. Ауылшаруашылық өндірісінде ұжымдастыру өтті, мыңдаған колхоздармен совхоздар құрылды. Әр колхозбен совхоздың жер аумағын тиімді ұйымдастыру, пайдалану жерлерін қалыптастыру, жер бөліп беру сияқты мәселелер пайда бола бастады. Бұндай ірі мәселелерді тез және қысқа уақыт аралығында пландық-картографиялық материалдардың көмегімен орындай алуға болатын еді. Қысқа мерзімде пландық-картографиялық материалдарды тек аэрофототүсіріс тәсілімен алуға болатын болды. Қазіргі кезде бұндай жұмыстармен Мемлекеттік ауылшарушылық аэрофотогеодезиялық іздестіру институты айналысады.
Аэрофототүсіріс дайындық, аэрофототүсіру, фотолабораториялық және материалдарды фотограмметриялық өндеу жұмыстарынан тұрады.
Аэро және ғарыштық түсірулер келесі негізгі көрсеткіштермен класстарға бөлінеді: міндетіне, түсіру масштабына, көрністі көрсету тәсілдеріне, АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуына және фотосуреттердің санына қарай.
Аэротүсіріс міндетіне қарай топографиялық және арнайы болып екіге бөлінеді. Ғарыштық түсіріс негізінде арнайы түсіріске жатады. Топографиялық аэрофототүсіріс материалдары мен топографиялық және арнайы карталар халық шаруашылығының көптеген жерлерінде, сондай-ақ, жерге орналастыру бөлімшелерінде кеңінен қолданылады. Арнайы аэро және ғарыштық түсірістер жер беті туралы системалық немесе оперативті ақпарат алу, сондай-ақ, жер бетіндегі объектілер, жер қыртысы және әр түрлі құбылыстардың, процестердің өзгерісі туралы ақпарат алу үшін жүргізіледі.
Суретке түсіру масштабына қарай ірі масштабты (1:т>1:15 000), орта масштабты (1:16 000< 1:т <1:50 000) және майда масштабты түсіру (1:т<1:50 000) болып бөлінеді.
Көрініс тұрғызу тәсіліне қарай кадрлік, жарықшақ (щелевой) және аумақтық болып бөлінеді.
Кадрлік фототүсіруде жер бетінің көрінісі бөлек фототүсіруден тұрады. Ондай түсіріс кадрлік аэрофотоаппараттармен жүргізіледі, оларға топографиялық АФА жатады.
Жарықшақ түсіруде жер бетін үздіксіз түсіреді. Бұндай түсірісті жарықшақ аэрофотоаппараттармен жүргізеді және аэрофотопленка камераның жылжу жылдамдығына (жер бетіне қарағанда) сәйкес жүріп отырады. Жарықшақ аэрофотоаппараттарда затвор болмайды және түсіру уақыты объектив диафрагмасына және жарықшақ еніне қарай өзгеріп отырады.
Аумақтық түсіруде бөлек-бөлек жолақтардан тұратын көрініс жиынтығын айтады. Аумақтық фототүсіруде көрініс цилиндр немесе конус бетінде салынады. Аумақтық фототүсірудің артықшылығы көріністі өте жоғарғы ажырату қабілеттілігі.
АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуына байланысты түсіруді пландық және перспективалық деп екіге бөледі.
Пландъщ түсіруде АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуы 30 аспауы керек. Гиростабилизатор аспабының көмегімен ауытқу бұрышын 20/-40/ асырмай ұстайды. Пландық аэрофототүсіріс топографиялық план және карта жасауда негізгі түсіріс болып саналады.
Перспективалық түсірісте оптикалық осьтің көлбеу бұрышы түсірудің мақсатына қарай беріледі. Мысалы, оптикалық өс ұшу бағытына перпендикуляр бағытта бұрылып жер бетінің жіңішке жолағын көк жиекке дейін түсіруге мүмкіндік береді. Бұндай түсіріс негізінде әскерде барлау жұмыстарында немесе сызықтық құрылыстардың табиғи ортаға тигізетін әсерін зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданады.
Аэрофотосуреттердің санына және орналасуына қарай жеке кадрлі, маршрутты және көп маршрутты аэрофототүсірістер болып бөлінеді. Ғарыштық түсіріс, әдетте, жеке кадрлі немесе маршрутты болады.
Жеке кадрлі фототүсірісте жер беті бірімен бірі байланыспаған бөлек суреттерден тұрады. Бұндай суреттерді стереоскопиялық көрініс керек болмаған жағдайда түсіреді.
Маршрутты аэрофототүсірісте ұшу аппаратының бағытындағы жіңішке жолақ жер участкесін түсіреді. Суретке түсіру объектісінің пішініне қарай маршрут - түзу сызықты, сынық сызықты немесе қисық сызықты болуы мүмкін.
Жер бетіндегі участке ауданы бір маршрутқа симайтын болса, онда бірнеше маршруттан түсіреді, яғни, көп маршрутты аэрофототүсіріс қолданылады.
Маршрутты және көп маршрутты аэрофототүсіріс кезінде әр келесі суретте алдыңғы суреттегі түсірілген аймақтың біршама бөлігін қайта түсіреді, яғни, көрші суреттер бірін бірі жабады. Көрші суреттердің түсіру орталарының арасындағы ұзындықты суретке түсіру базисы дейді. ¦шу бағытындағы суреттердің бірін бірі жабуын бойлық жабу дейді. Ол суреттердің өзара байланысын көрсетеді.
Суреттердің бойлық жабуы жер бедеріне және суретке түсіру биіктігіне байланысты болады. Аэрофототүсіріс кезінде бойлық жабу 60 немесе 80% болып беріледі. Ең төменгі жабу 56 немесе 78% кем, ал ең жоғарғы жабу 70 немесе 85% көп болмауы керек.
Шеткі маршруттар осі түсіру участкесінің шекарасымен өтуі керек. Маршрут бойында түсіру участкесінің сыртында екі немесе үш суретке түсіру базисі артық болуы керек.
Дата добавления: 2016-06-02; просмотров: 5432;