ЖОБАЛАНАТЫН АВТОМОБИЛЬДІҢ ҮЙЛЕСІМДІК СХЕМАСЫН ЖАСАУ
2.1 және 2.2-суреттерінде екі осьді және үш осьді автомобильдердің үйлесімдік схемалары көрсетілген.
а-кабина қозғалтқыштан кейін; б- кабина қозғалтқыш үстінде | а-кабина қозғалтқыштан кейін; б- кабина қозғалтқыштың үстінде |
2.1-сурет. Екі осьді автомобильдің үйлесімдік схемасы | 2.2-сурет. Үш осьді автомобильдің үйлесімдік схемасы |
2.3 және 2.4-суреттерінде автомобильдердің жалпы үйлесімдері келтірілген.
Автомобильдің үйлесімінде оның негізгі тораптары мен агрегаттарының өзара орналасуы қарастырылады, атап айтқанда, қозғалтқыш, трансмиссия агрегаттары, алдыңғы және артқы белдіктер,аспалар, жүктік платформа және т.б.
Рисунок 2.3. Компоновка легкового автомобиля | Рисунок 2.3. Компоновка грузового автомобиля |
Сондықтан автомобильдің көрсетілген тораптары мен агрегаттары автомобильдің жалпы көрінісінің сызбасында көрсетілуі тиіс, сонымен қатар бұл сызбада автомобильдің негізгі габариттік өлшемдері мен оның профильді жүргіштік параметрлері көрсетілуі керек.
Жолаушылар салонының өлшемдері антропологиялық талаптарға сәйкес жолаушылардың ыңғайлы орналасуынан, салон ішіндегі ауаны алмастыру саны мен ұзақ уақыт автомобильде қозғалғанда комфортты жағдайлар қамтамасыз етуден таңдалады.
Жүктік платформаның өлшемдері жобаланатын платформаның тасылатын жүктің класына байланысты, жүктің платформаға орналасуы мен габариттік шектеулерді ескеру керектігінен таңдалады.
2.5, 2.8 және 2.7-суреттерінде жеңіл автомобильдердің үлгілік үйлесімдері мен олардың кинематикалық схемалары көрсетілген.
2.5-сурет. Жеңіл автомобильдің классикалық үйлесімі
2.6-сурет. Жеңіл автомобильдің артқы жетекті үйлесімі
2.7-сурет. Жеңіл автомобильдің алдыңғы жетекті үйлесімі
Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 968;