ТРАНСМИССИЯНЫҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ СХЕМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ

Қазіргі кездегі автомобильдерде механикалық трансмиссия кең тараған (2.1-кесте).

Механикалық трансмиссияның құрылысы мен орналасуы автомобильдің доңғалақтық формуласына байланысты болады. Трансмиссия механизмдеріне мыналар жатады: ілініс муфтасы мен берістер қорабы, жетекші белдік пен кардан берістері, сонымен қатар, толық жетекті автомобильдерде үлестіргіш қораптар болады.

Артқы белдік жетекші болатын трансмиссияны автомобильдердің барлық түрлерінде қолданады. Осындай автомобильдердің массасы үлкейгенде трансмиссияның схемасы мен агрегаттардың сипаттамалары өзгереді: берістер қорабының сатылар саны үлкейеді; бір сатылы негізгі қорап орнына екі сатылы немесе таратылған негізгі қорап қолданады. Өте кіші және кіші жүк көтергіштікті автомобильдерде толық біркелкілендірген 4...5 сатылы берістер қорабын қолданады.

Тек қана жоғарғы берістерде біркелкілендірген берістер қорабын сирек қолданады. Толық массасы 12 т дейінгі автомобильдердің трансмиссияларында жоғарғы берістері тікелей болатын бес сатылы берістер қорабын пайдаланады. Орташа жүк көтергіштікті автомобильдердің трансмиссияларында бір сатылы негізгі берістерді қолданады. Үлкен жүк көтергіштікті автомобильдер үшін бір сатылы, екі сатылы және таратылған негізгі берістер пайдаланады. Өте үлкен жүк көтергіштікті автомобильдерде гидравликалық немесе гидравликалық - пневматикалық күшейткіштері бар бір дискілі немесе екі дискілі ілініс муфталарын қолданады. Берістер қорабы 8...16 сатылы болады. Көп сатылы берістер қорабы негізгі төрт сатылы, бес сатылы берістер қорабын екі немесе үш сатылы редуктормен біріктіру арқылы жасалады.

Көп осьді автомобильдердің трансмиссияларын екі топқа бөлуге болады: толық жетекті емес және толық жетекті.

Толық жетекті емес автомобильдерде (6х4, 8х4), әдетте, екі жетекші белдіктен тұратын жетекші арбаша қолданады. Арбаша белдіктері бөлек жетекті немесе аралық белдік өтетін жетекті болуы мүмкін. Бірінші схеманың негізгі артықшылығы болып жетекші белдіктер бірыңғайлануы жоғары дәрежеде болады, ал кемшілігі ретінде кардан байланысының көп саны мен дербес агрегат (үлестіргіш қорап) қою керектігін айтуға болады. Екінші схема бойынша орындалған трансмиссия белдіктерінің арасында қуат бөлетін агрегатпен салыстырғанда үлестіргіш қораптың құрылысы күрделі және ауыр болады. Сондықтан бөлек жетекті трансмиссия құрылымы үлкен метал сыйымдылықты иемденеді және техникалық қарау бойынша үлкен жұмыс көлемін керек етеді. Өтетін жетекті белдік схемасында белдіктер арасындағы бірыңғайлану төмен дәрежеде болады. Бөлек жетекті схема бойынша КрАЗ автомобильдерінің трансмиссиясы орындалған (255, 257 модельдері), ал өтетін жетекті белдік схемасы бойынша МАЗ, КамАЗ, ЗИЛ автомобильдерінің трансмиссиялары жасалған.

Жалпы қажеттікті 6х4, 8х4 автомобильдерінде арбашаның жетекші белдіктерінің арасындағы байланыс, әдетте, дифференциалды болады. 6х4, 8х4 автомобильдері толық жетекті автомобильдердің модификациясы болғандықтан, олар, әдетте, белдіктер арасында бір тұтастанған байланысты иемденеді.

Кіші және орташа жүк көтергіштікті 4х4 жүктік автомобильдерінде дифференциалды немесе бір тұтастанған жетекті белдіктері бар трансмиссияларды қолданады. Бұлардың берістер қорабы төрт сатылы, алты сатылы және де бір немесе екі төмендететін берістері бар екі сатылы үлестіргіш қораппен біріктірілген. Негізгі беріс бір сатылы болады. Егер 4х4 автомобилінің жалпы массасы 8...9 т болса, онда белдіктер жетегі бір тұтастану механизмі бар дифференциалды болып келеді. Негізгі беріс әдейі екі сатылы немесе таратылған түрде болады. Доңғалақтар арасында бір тұтастанатын дифференциал кеңінен пайдаланады.

Көп осьді толық жетекті автомобильдер трансмиссиясы үшін, әдетте, келесі екі схема қолданады: белдікті және бортты. Қиыстырылған трансмиссия схемалары белгілі. Белдікті схема бойынша жасалған жетек көп тараған. Белдіктер арасында момент үлестіру бір немесе бірнеше үлестіргіш қораптар арқылы іске асады. Бөлек жетекті белдіктер және өтетін жетекті белдіктер схемасы пайдалануы мүмкін. Бортты жетекті трансмиссия сирек тараған, негізінде арнайы автомобильдерде қолданады. Бортты схема жетегі көтеретін шанақты автомобильдердің үйлесімінде қолданған ыңғайлы болады. Бұл схеманың негізгі артықшылығы болып трансмиссия агрегаттары автомобильдің екі жағында орналасуы және автомобиль тұрқысы орта бөлігі тасымалданатын жабдық үшін пайдалану мүмкіндігі табылады. Бір қозғалтқыш болған жағдайда берістер қорабынан соң симметриялы дифференциалды механизмі бар борт аралық үлестіргіш қорап қойылады. Әрі қарай айналдырғыш момент борттық редукторларға және доңғалақтық берістер арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі.

Толық жетекті автомобильдердің трансмиссиялары дифференциалды және бір тұтастанатын болуы мүмкін. Бір тұтастанатын трансмиссияның артықшылығы болып құрылысының қарапайымдылығы мен өте ауыр жол жағдайларында автомобильдің жоғары жүргіштігі болатыны табылады. Ал кемшілігі ретінде жетекші доңғалақтардың кинематикалық үйлесімі болмағанда қуат айналымы болуын айтуға болады. Дифференциалды трансмиссия пайдаланғанда автомобиль қозғалысы кезінде аздау қуат шығындары болады және тетіктер қосымша жүктелуден арылады, әрине, бұл дифференциалды трансмиссияның артықшылығы болып саналады. Ал дифференциалды трансмиссияның негізгі кемшілігі ретінде оның құрылысының күрделі болуын және жоғары құндылығын айтуға болады. Дифференциалды трансмиссиялы автомобильдің тарту қасиеттерін дифференциалдарды еріксіз бір тұтастандыру немесе әртүрлі өз бетінше бір тұтастанатын дифференциалдар пайдалану арқылы жақсартуға болады.

Жоғары жүргіштікті автомобильдерде екі қозғалтқыш болуы мүмкін. Көп жағдайларда екі қозғалтқыш пайдалану жеткілікті қуаты бар қозғалтқыш болмағанда орын алады.

Толық жетекті автомобильдердің механикалық трансмиссияларында механикалық, гидравликалық немесе гидравликалық - пневматикалық жетегі бар бір дискілі немесе екі дискілі құрғақ ілініс муфталарын қолданады. Берістер қорабы төрт сатылы, алты сатылы болады. Бір немесе екі төмендеткіш сатылары бар екі сатылы үлестіргіш қораптарды пайдалану кеңінен тарап отыр.

Жоғары жүргіштікті автомобильдердің негізгі берістеріне өте жоғары талаптар жүктеледі, яғни жеткілікті жолға дейінгі саңылауды қамтамасыз ету. Сондықтан бір сатылы негізгі берістермен қатар екі сатылы және таратылған негізгі берістер қолданады. Үлкен жүк көтергіштікті толық жетекті автомобильдерде, әдетте, екі сатылы таратылған негізгі берістер пайдаланады. Бортты жетекті трансмиссияларда негізгі беріс жұмысын бортты редукторлар атқарады, ал олардың әрбіреуі қозғалысты бір доңғалаққа береді. Доңғалақтық редукторлар қолданғанда доңғалақтар жетегінің негізгі берістері мен кардан топсаларының өлшемдерін азайтуға мүмкіндік береді, сонда доңғалақтарды тәуелсіз аспаларға қоюға мүмкіншілік туындайды. Қолданыстағы доңғалақтық редукторлар планетарлық немесе ішкі немесе сыртқы іліністі цилиндрлік жұптан тұратын редукторлар түрінде орындалады. Әртүрлі жүк көтергіштікті жүктік автомобильдердің трансмиссияларында алты...сегіз сатылы гидромеханикалық берістер қолданады, ал жоғары жүргіштікті көп осьді автомобильдерде үш...бес сатылы гидромеханикалық берістер қолданады.

2.1-кесте- Автомобиль трансмиссияларының схнмалары

Схема Автомобиль
    Артқы доңғалақтары жетекші болатын 4х2 автомобильі
    Бөлек жетекті 6х2 автомобильі
    Өтетін белдікті 6х2 автомобильі
    Үдестіргіш қорапты 4х4 автомобильі
Үлестіргіш қорабы жоқ 4х4 автомобильі
  Жетекші доңғалақтарының бөлек жетегі бар 6х6 автомобильі
  Ортаңғы белдігі өтетін болатын 6х6 автомобильі
  Үлестіргіш қораптар арқылы жетекші доңғалақтарға бөлек жетек келтірілген 8х8 автомобильі
  Өтетін белдіктері бар 8х8 автомобильі
    Ортасында үлестіргіш қорап қойылған бортты жетегі бар 8х8 автомобильі

 

 

а-ВАЗ-2101; б-ГАЗ-24; в-ГАЗ-53, УАЗ-451; в-ЗИЛ-130; г-КамАЗ ЯМЗ-14; е-JFA «W50L»; ж-Eaton «D-203»; д-Zahnradfabrik «AK6-80»; zвщп, zвмп, zвщ1, zвм1-аралық білік (п) және бірінші берістің (1) жетегінің жетекші (вщ) және жетеленетін (вм) тісті доңғалақтарының тістерінің саны

2.1-сурет. Кіретін және шығатын біліктер бір осьде орналасқан үш білікті берістер қораптарының схемалары

а-Сitroen «GS»; б-AUDI; в-Hillman Imperial; г-Запорожец 968

2.2-сурет. Екі білікті берістер қораптарының схемалары

а-бөлетін редуктор алдына қойылған тоғыз сатылы; б-білікті редуктор артына қойылған сегіз сатылы; в-планетарлық редуктор артына қойылған тоғыз сатылы; г-сегіз сатылы; д-бөлгіш редуктор алдына және білікті редуктор артына қойылған он алты сатылы ; zвщд, zвмд-бөлгіш редуктордың жетекші және жетеленетін тісті доңғалақтарының тістер саны ; zвщб, zвмб, zвщт, zвмт-сол сияқты артқы редуктордың тез айналатын және жәй айналатын жұптары ; zвщп, zвмп-сол сияқты негізгі берістер қорабының аралық білік жетегінің жұптары

2.3-сурет. Көп сатылы берістер қораптарының схемалары

2.4-сурет. Екі сатылы гидромеханикалық беріс

2.5-сурет. Үш сатылы гидромеханикалық беріс

 

 

а-УРАЛ-375; б-КамАЗ-4310; в-Zahnradfabrik «VG-380»

2.6-сурет. Дифференциалды жетегі бар үлестіргіш қораптардың схемалары

а-ГАЗ-66; б-Aystin Gipsy; в-ЗИЛ-131

2.7-сурет. Шығатын біліктері бір осьде емес және бір тұтастанатын жетегі бар үлестіргіш қораптардың схемалары

а-Tatra-138; б-Henschel; в-Timken; г-МАЗ-7310

2.8-сурет. Шығатын біліктері бір осьге қойылған және бір тұтастанатын жетегі бар үлестіргіш қораптардың схемасы

 

а-КрАЗ-255; б-ЗИЛ-157к; в-Magirus Deutz; г-Т-70 (США); д-Berliet; е-Magirus D-15

2.9 сурет. Қиыстырылған үлестіргіш қораптардың схемалары

 

а-артқы белдігі жетекші автомобиль; б-екі белдігі жетекші толық жетекті автомобиль; в-белдіктердің дербес жетектері бар толық жетекті автомобиль; г-өтетін ортаңғы белдігі бар толық жетекті автомобиль; д-алдыңғы белдігі жетекші автомобиль; 1-берістер қорабы; 2, 4,7, 9, 10-кардан білігі; 3-кардан білігінің аралық тірегі; 5-артқы белдік; 6-үлестіргіш қорап; 8-ортаңғы жетекші белдік; 11-алдыңғы жетекші белдік; 12-кардан топсасы

2.10-сурет. Кардан берістерінің схемалары

 

2.11-сурет. Бір сатылы негізгі берісі бар алдыңғы жетекші белдік

2.12-сурет. Екі сатылы негізгі берісі бар алдыңғы жетекші белдік

2.13-сурет. Таратылған негізгі берісті алдыңғы жетекші белдік

2.14-сурет. Бортты цилиндрлік редукторы бар алдыңғы жетекші белдік

2.15-сурет. Жұмыр дифференциалы бар алдыңғы жетекші белдік

2.16-сурет. Планетарлық редукторлы алдыңғы жетекші белдік

2.17-сурет. Екі сатылы негізгі берісі бар артқы жетекші белдік

2.18-сурет. Таратылған негізгі берісі бар артқы жетекші белдік

2.19-сурет. Доңғалақтық планетарлық редукторы бар артқы жетекші белдік

2.20-сурет. Жетегі бір ізбен қойылған ортаңғы және артқы жетекші белдіктер

2.21-сурет. Ось аралық дифференциалы бар ортаңғы және артқы жетекші белдіктер

2.22-сурет. Паразитті тегершігі бар ортаңғы және артқы белдіктер

 

1-жетеленетін доңғалақ; 2-қозғалтқыш; 3-ілініс муфтасы; 4-берістер қорабы; 5-кардан берісі; 6-негізгі беріс; 7-жетекші доңғалақ; 8-жартылай ось; 9-дифференциал

2.23-сурет. Доңғалақтық формуласы 4х2 болатын автомобильдің кинематикалық схемасы

2.24, 2.25 және 2.26-суреттерінде кейбір толық жетекті автомобильдердің кинематикалық схемалары көрсетілген. Бұл схемалар шет елдік жеңіл автомобильдерінде көп кездеседі.

2.24-сурет. Үлестіргіш қорабы бар толық жетекті автомобиль трансмиссиясының схемасы

2.25-сурет. Ось аралық дифференциалы бар толық жетекті автомобиль трансмиссиясының схемасы

2.26-сурет. Ось аралық дифференциалы толық жетекті автомобиль трансмиссиясының кинематикалық схемасы

Автомобиль трансмиссиясының кинематикалық схемасының сызбасы 2.23-суретіне сәйкес келуі тиіс, сонда курстық жобада берілген тақырыпты басшылыққа міндетті түрде алу керек және сызбада көрсетілген құрастырушы агрегаттар мен тораптар сызба бетінде жасалған спецификацияға тіркелуі қажет.








Дата добавления: 2016-11-22; просмотров: 3011;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.028 сек.