Таужыныстарының су сіңіргіштігі

Таужыныстары өзінің кеуектілігінің салдарынан бойына су сініру қасиетін таужыныстарының су сіңіргіштігі деп атайды.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер мен есептеулер нәтижесіне таужыныстарының су өткізгіштік қасиеті үлкен әсер етеді. Жекеленген таужыныстарының су өткізу дәрежесі су өткізгіштік коэффициентімен (коэффициент фильтрации) К, сипатталады. Оның физикалық мәні мынада: таужыныстарында судың жылжуы тек қана мынадай шартта жүреді: Егер екі нүктедегі сулардың қысымдары (Н1> Н2) әртүрлі болса, онда су жылжиды.

Екі нүктедегі сулардың қысым айырмашылығы неғұрлым көп және арақашықтықтары ( L) жақын болған сайын судың жылжу жылдамдығында (V) өседі.

Таужыныстары судың жылжуына (ағуына) кедергі жасайды, кедергінің шамасы арақашықтыққа тура пропорциональды болады және таужыныс-тарының гранулометрикалық құрамына, кеуектерінің мөлшеріне, т.с.с. факторларға тәуелді болады.

Сондықтанда бірікпеген таужыныстарының ішіндегі судың жылдамдығын мына формула бойынша анықтауға болады.

(1)

 

ал мына шама:

гидравликалық еңіс немесе гидравликалық градиент деп аталады. (Орысша: гидравлический уклон или гидравлический градиент).

болғанда:

 

Басқаша айтқанда, таужыныстарының суөткізгіштігін сипаттайтын суөткізгіштік коэффициентін (коэффициент фильтрации) градиент шамасы бірге тең таужыныстары сілеміндегі судың жылжу жылдамдығы деп түсінуге болады. Осыған орай суөткізгіштік коэффициентті деген ұғым негізсіз емес. Оның нақты мәні судың жылжу жылдамдығының деңгейін сипаттайды (м/сек; м/сағ; м /тәулік).

Таужыныстарының суөткізгіштік коэффициентінің шамалары кең деңгейде өзгеріп отыруы мүмкін.

Әртүрлі таужыныстарының су сіңіру және су өткізу қасиеттері бір бірінен өзгеше. Мысалы, кеуек қуыстары жоқ кристалданған таужыныстары, метафорфиялық кристалданған сланецтер және кристалданған шөкпе таужыныстары (мрамор, кварцит) су сіңірмейді және су өткізбейді. Пластикалық саздардың су сіңіргіштік қасиеті жоғары, бірақ-та олар су өткізбейді. Бөлшектерінің ірілігі 0,1-0,2 мм-ден жоғары үгілмелі таужыныс-тары суды тез сіңіреді және мол мөлшерде су өткізеді.

Таужыныстарының құрамында су болуы олардың физикалық-механика-лық қасиеттерінің өзгеруіне үлкен әсер етеді.

Бекем таужыныстарына су әсер еткен жағдайда, олардың құрамындағы бөлшектері суға шайылып, таужыныстары кеуекті болып су өткізеді.

 








Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1415;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.