Пластикалық таужыныстары
Пластикалық қасиет деген ұғым заттардың оларға түсірілген күштердің әсерінен опырылмай, сынбай кез-келген белгілі бір пішінді қабылдап алып және осы күйін жаңадан басқа күштер түскенше сақтап қалу қабілетін білдіреді.
Барлық таужыныстары олардан жоғары жатқан таужыныстары түсіретін белгілі бір қысым күштердің әсерінен пластикалық жағдайға көшуі мүмкін. Бірақ-та, жүргізілген зерттеулер көрсеткендей мұндай қысым күштер жерасты қазбалары жүргізілетін деңгейлерден көп төмен тереңдікте туындайды.
Саздарда және сазды таужыныстарында су келімінің салдарынан пластикалық қасиет пайда болады.
Сазды таужыныстарына тән ерекше қасиеттердің бірі олардың ісінуі және соның салдарынан қазбаға сұғына енуі (ісінуі-вспучивание, «пучение»).
Сазды таужыныстарына тән бұл құбылысты олардың құрылымы арқылы түсіндіруге болады. Зерттеулерде көрсеткендей, сазды таужыныстары бекем (қатты) бөлшектерден және судан құралады. Олардың өзара байланысы негізінен қабықша және тамшы суларының арасында капиллярлық қысым мен сыртқы тартымдылық күштерінің (сил поверхностного натяжения) болуында.
Сазды таужыныстарында, бүйірлік жазықтықта ұлғаю мүмкіндігі болмаған жағдайда, тік және жазық бағыттарда түсетін қысым күштерінің арасында мынадай тәуелділік болады:
,
мұнда
мұнда - сазды таужыныстарының ішкі үйкеліс бұрышы, град.
Кезінде проф.Н.М.Герсеванов коэффициентін бүйірлік қысым коэффициенті деп атауды ұсынған. Саздар үшін оның мәні 0,70-0,75 шамаларында болады.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1258;