Гілмелі таужыныстары
Үгілмелі таужыныстары (сыпучие горные породы) деп шамалары (өлшемдері) және пішіндері бірдей немесе әртүрлі өзара бірікпеген таужыныстарының қоспаларын атайды. Мұндай таужыныстары әдетте бөлшектерінің ірілігі бойынша бөлінеді. Мысалы, 1 – кестеде көрсетілгендей.
1-кесте
Таужыныстары | Ірілігі, мм |
Ірі құмтас (галька) | > 40 |
Ұнтақ құмтас (галька) | 40-20 |
Ірі шиыршық тас (грави) | 20-10 |
Ірілігі орташа шиыршық (гравий) | 10-4 |
Ұнтақ шиыршық тас (гравий) | 4-2 |
Ірі кұм | 2-1 |
Ірілігі орташа құм | 1-0,5 |
Ұнтақ құм | 0,05-0,25 |
Шаңтәрізді құм | 0,25-0,1 |
Шаң | 0,1-0,01 |
Тұнба (ил) | 0,01-0,001 |
Саз | 0,001-деп кіші |
Механикалық немесе гранулометриялық құрам таужыныстарындағы жекеленген фракциялардың (бөлшектердің ірілігі бойынша топтары) өзара сандық қатынастары арқылы сыйпатталады.
Жерасты қазбаларын жүргізу тұрғысынан қарағанда осы таужыныстары-ның арасында ең оңтайлысы тығыз, бір құрамды құмтасты таужыныстары болып табылады.
Құрамында шаң түйіршіктері бар суға қаныққан құмдар судың гидростатикалық тепе-теңдігі бұзылған кезде сусымалы жағдайға ұшырайды.
Сусымалы таужыныстары
Сусымалы таужыныстарына (плывучие горные породы) сулы өзара байланыссыз таужыныстары жатады. Осындай сілемді жерасты қазбалары кесіп өткен кезде таужыныстары сусып қазба забойын басып қалады немесе қазба кеңістігіне лек-легімен келе береді.
Осы топқа жататын таужыныстарын анықтай келе сусымалы таужыныс- тарына уақ түйіршікті және өте ұнтақ түйіршікті арасында шаң тұнбалары бар құмдарды жатқызуға болады.
Сонымен қатар, нақты сусымалы таужыныстарын мен жасанды, алдамшы сусымалы таужыныстарынан (псевдоплывуны) айыра білу керек.
Жасанды немесе алдамшы сусымалы таужыныстарына, әдетте, ұсақ түйіршіIкті, бірақ құрамында шаң тұнбалары мен саздары жоқ құмдар жатады. Оларға сусымалық қасиет жерасты суларының жылжуы арқылы беріледі.
Нақты сусымалы таужыныстарының құрамы уақ түйіршікті және ұнтақ түйіршікті құмдар мен органикалық немесе органикалық емес тұнбалардан тұрады. Тұнбалар, әдетте, қоспада әрқашанда болады және оның біраз бөлігін құрайды. Олардың ірілігі 0,01 мм-ден кіші болады.
Нақты сусымалы таужыныстарын оның құрамындағы судың табиғатына және режиміне байланысты қысымды және қысымсыз сусымалы таужыныстары деп бөледі.
Қысымсыз сусымалы таужыныстарын суда еріген құрамында белгілі бір мөлшерде саз бен тұнбалар бар қоспа түрінде елестетуге болады. Олар беткейлерге жабыспайды, бірақ-та құрамындағы суды жоғалтпайды. Суға қанныққан дірілдек массадан тұратын мұндай қысымсыз сусымалы таужыныстарында меншікті салмағы үлкен ерітінділердің қасиеттері бар.
Қысымды сусымалы таужыныстарының құрамы қысымсыз сусымалы таужыныстарының құрамындай, бірақ-та олар қысымды сулардың әсеріне ұшыраулары мүмкін.
Дата добавления: 2016-10-17; просмотров: 1111;