ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

1. Жоғары жиілікті тербелістерді қолдану дене…

a) молекуласының айналмалы қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

b) жылулық және электрлік әсеріне негізделген...

c) молекуласының бағдарлау мен ерекше әсеріне негізделген...

d) жылулық және арнайы әсеріне негізделген..

e) молекуласының ілгермелі қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

2. Дециметрлік толқынды терапия деп ...

a) метрлік диапазонда жататын, жиілігі жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

b) метрлік диапазонда жататын, жиілігі төмен электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

c) дециметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

d) сантиметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

3. Сантиметрлік толқынды терапияда …

a) жиілігі 40,6 мГц, ұзындығы 65 см. толқын қолданылады..

b) жиілігі 2375 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

c) жиілігі 1000 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

d) жиілігі 460 мГц, ұзындығы 65 см . толқын қолданылады..

4. Дециметрлік толқынды терапияда ….

a) Луч-2, Луч-56. құралдары қолданылады..

b) Луч-2, УВЧ-66, Волна. құралдары қолданылады..

c) Луч-2, Ранет, Волна. құралдары қолданылады..

d) Ранет, Волна, Ромашка . құралдары қолданылады..

5. Жоғары жиілікті (УВЧ) терапия кезінде ұлпаларда, ішкі мүшелерде және т.б. адам ағзаларында бөлінетін жылу мүшелері …

a) электромагниттік тербеліс жиілігі мен ұлпаның электрлік қасиеттеріне тәуелді.

b) ұлпаның көлемі мен тығыздығына тәуелді.

c) электромагниттік тербеліс жиілігі мен ұлпаның электрлік қасиеттеріне тәуелді емес.

d) ұлпаның сызықтық өлшемі және массасына тәуелді.

6. Coblation-технология....

a) ЖЖ токтың жылулық әсері қолданылатын әдісті атаймыз.

b) ЖЖ ток өрісінің әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ» пайда болатын әдісті атаймыз.

c) ЖЖ токтың жылулық әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ» пайда

болатын әдісті атаймыз.

d) төменгі жиілікті ток өрісінің әсерінен ұлпада «плазмалық аймақ»

пайда болатын әдісті атаймыз.

7. Coblation-технология....

a) «COBLATOR» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін құрал арқылы орындалады.

b) «COBLATOR» атты 200 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

c) «ЭХВЧ -350-4» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

d) «Martin ME 400» атты 200 кГц жиілікте жұмыс істейтін, құрал арқылы орындалады.

8. Ультра жоғарғы жиілікті УЖЖ (УВЧ) - терапия...

А) 20-20 000 МГц аралығындағы айнымалы электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

В) 30-300 МГц аралығындағы айнымалы электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген.

С) 10-30 МГц аралығындағы тұрақты электр өрісіменен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

D) 10-30 МГц аралығындағы тұрақты электр тоғымен ағзаға және ұлпаға әсерге негізделген

Е) Дұрыс жауаптар С және Д

9. УЖЖ ток әсерінен электритте бөлінетін жылу мөлшері....

А) Q = E2/r

В) Q = w×E2×e×e0×tga

С) Q = E2 ×r

D) Q = w×E2 / e×e0×tga

Е) дұрыс жауап С және D.

10. Аса жоғары жиілікті электромагниттік өріс энергиясы әсерінен...

А) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі иондар тербермелі қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

В) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі молекулалар тербермелі қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

С) ағза ұлпалары мен бұлшық еттердегі электрондар айналмалы қозғалыстарға түседі де осының нәтижесінде....

1. ... осы ортада жылу бөлінеді.

2. ... орта электрленеді.

3. ... ортада ток пайда болады.

11. ЖЖ токтың жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны .....

a) балқыта отырып кесуді немесе жапсыруды электрокоагуляция деп атайды.

b) балқыта отырып жылытуды электротомия деп атайды.

c) жапсыруды электрокоагулияция деп атайды.

d) балқыта отырып кесуді немесе жапсыруды электротомия деп атайды.

12. Жергілікті дарсонвализация …

a) 140 кГц жиілікте жұмыс істейтін УВЧ, СВЧ құралдарымен жүргізіледі..

b) 40 кГц жиілікте жұмыс істейтін УВЧ, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

c) 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

d) 50 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

e) 110 кГц жиілікте жұмыс істейтін Искра-1, Искра-2 құралдарымен жүргізіледі...

8 дәріс. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ ЖІКТЕУ

(КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ)

Лекция жоспары:

1. Медициналық техникалар(МТ) туралы түсінік.

2. МТ жіктеу принципі.

3. Диагностикалық, терапиялық және зертханалық медициналық

құралдарды жіктеу.

4. МТ түрлері мен қолдану саласы.

 

Лекция мақсаты: денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды жіктеудің негізгі принциптерімен танысу және МТ жіктеу.

 

Өткен лекцияда денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық техникаларды пайдалану мақсаттары мен оларда қолданылатын физикалық факторлардың табиғаты бойынша әртүрлі топтарға бөлінетіндігін айтқан болатынбыз. Осы ойды ара қарай тарқатайық, яғни медициналық техника деп нені айтамыз, олар қандай топтарға, түрлерге бөлінеді деген сұрақтарға жауап іздейік.

Біз алдымен медициналық техника деген ұғымға түсінік берейік. Мұндай ұғым медициналық ЖОО арналған медициналық биофизика және т.б. оқулықтарда келтірілген, бірақ олардың басым көпшілігенде ғылым мен техниканың дамуы мен cолардың әсерінен медициналық техниканың дамуының жаңа деңгейге көтерілу нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жаңа сипаттағы және түрдегі медициналық техникалардың пайдалануға екндігі ескерілмеген. Оның үстіне бұл мәлімет көздерінің бірі медицинада қолданылатын қондырғылады медициналық құрал деп атаса, екіншісі оған медициналық аппаратдеген ат берген, ал тағы бірі онымедициналық электроника деп атаған, сонымен қатар бұл оқу құралдары негізінен медициналық техникалардың ішінде терапиялық бағыттағы құралдарға басты назар аударған, ал диагностикалық бағыт нашар қамтылған.

«Техника» гректің techne - өнер, шеберлік деген сөзінің мағанасына сәйкес келеді. Энциклопедиялық сөздікте техника - қоғамның талабын қанағаттандыру үшін қолданылатын құралдар жиынтығы дегенді білдіреді, олай болса «техника» термині арқылы адамзаттың талаптарын қанағаттандыратын, кез келген саладағы күрделі немесе қарапайым құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, аппараттарды және т.б. атайды.

Осы тұжырымды басшылыққа алып және жоғарыдағы аталған медициналық техникаға берілген әр түрлі түсніктерді ескере келе, медициналық техникадеп - биологиялық объектілер мен адам ағзасындағы физиологиялық, анатомиялық, биохимиялық, физикалық өзгерістердіанықтайтын, өлшейтінжәне олардытіркейтін,сонымен қатар оларда кездесетін биологиялық сипаттағы ауытқуларға (патологиялық) табиғаты әр түрлі физикалық факторларменәсер ету арқылы қалпына келтіру мақсатында қолданылатын техникалар, аппараттарменқұралдартобын атаймыз.

Болашақ дәрігерлердің медицина саласында қолданылатын техникалар бойынша білім дәрежесін арттыруда, медициналық құралдардармен орындалатын іс әркеттерді меңгеруді жақсартуда, медициналық құралдардың мүмкіншілігін толық пайдалануда, диагноздау мен емдеу ісіне медициналық құралдарды дұрыс таңдай алуда, физикалық фактор мен медициналық құралдардың арасындағы тікелей байланыстарды терең саналы түрде білуде медициналық құралдарды жіктеудің негізін қарастыру болашақ дәрігерлердің танымдық әрекетін арттыруда үлкен роль атқарады.

Физикалық факторларды қолдануға бағытталған медициналық саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығында дерлік емдік шаралар белгілі бір физикалық фактор төңірегінде жұргізіледі. Мысалы, перифериялық нерв жүйесін кешенді емдеуде электромагниттік толқынды қолдану, панкреатитті емдеуде миллиметрлік толқындардың оң әсері болатындығын ұсынған т.б. зерттеу жұмыстары көптеп кездеседі[217]. Соңғы жылдары бірнеше физикалық факторлармен бір мезгілде әсер ету арқылы емдеу шараларын жүргізу медицина саласында кең түрде қолдануда және бұл бағыт одан ары кеңей түсетін түрі бар, мысалы іріңдеу процесін тоқтауда магнит өрісі мен лазер сәулесін бір мезгілде пайдалану жақсы әсер бететіндігі анықталып отыр.

Осы фактілерді ескере отырып қолданылатын физикалық факторларға сәйкес медициналық құралдарды мынандай топтарға жіктедік:

1. Механика(тербелістер мен толқындар) және молекулалық физика құбылыстарына негізделген (жылу мен суық көздері) факторлар (ММФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

2. Тұрақты электромагниттік (электр/магнит өрістер, тұрақты ток, кедергі) факторлар (ТЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

3. Импульсті (айнымалы төменгі, жоғары, ультра жоғары, аса жоғары, қиыр шеткі тербелістер немесе толқындар) электромагниттік факторлар (ИЭМФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

4. Оптикалық факторлар (ОФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы,

5. Атомдық және ядролық факторлар(АЯФ) қолданылатын медициналық құралдар тобы

6. Кванттық физика (кванттық/информациялық медицина) факторлары (КФ) қолданылатын медициналық техникалар тобы

7. Аралас физикалық факторлар (АФФ) қолданатын медициналық техникалар тобы

8. IT және жоғары технологиялық факторлар (ITФ) қолданылатын күрделі медициналық құралдар тобы

Медицинада қолданылатын құралдарды қолдану мақсатына байланысты оларды: диагностикалық, терапевтік және зертханалық (клиникалық лаборатория) құралдар деген топтарға бөлеміз. Бұл құралдардың жұмыс принциптері физикалық құбылыстарға (факторларға) негізделгендігі туралы өткен тарауларда айтылған болатын. Диагностикалық мақсатта қолданылатын физикалық факторларды олардың физикалық қасиетіне байланысты таңдалған болса, терапевтік мақсаттарда қолданылатын физикалық факторлар биологиялық денелерге тигізетін әсеріне байланысты қолданылады, ал клиникалық зерттеуде қолданылатын құралдар мен қондырғылардың жұмыс принциптері физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға негізделген. Біз алғаш рет осы 3 бағытты бірге қарауды ұсынып отырмыз, өйткені бұл бағыттар практикалық медицинада бұрыннан бірге қызмет атқаратын.

Осы ұсынылған топтауды басшылыққа алып және өткен тараулардағы жинақталған мәліметтер негізінде медициналық құралдарды физикалық факторлар бойынша жіктеп, төмендегі кесте түрінде берейік.

 

ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
  I. М е х а н и к а және молекулалық физика ММФ   диагностикалық
ФКГ құралы
УДЗ, ЭхоКГ,ЭхоЭГ, доплерлік ЭхоКГ
аудиометрия құралы
спирометрия, пневмотахография, пикфлоуметрия
сфигмография
терапиялық
УДТ құралдары
Жылумен емдеу құралдары.
Криотерапия құралдары
Криохирургия. құралдары
зертханалық
Вискозиметр
Центрифуга
  II. Тұрақты электр және магнит өрістері және тоғы. ТЭМФ диагностикалық
ЭКГ құралы
Холтерлік ЭКГ
Векторкардиография (ВКГ) құралдары
Электроэнцефалограф (ЭЭГ) құралдары
Магниттік энцафалография (МЭГ) құралы
Газоразрядты визуализациялау құралы
Фолль құралы
терапиялық
Франклинизация
Аэроионотерапия, аэроионофорез. Аэрофито терапия, озонатор.
Галбвонизация, электрофорез, ультрафонофорез
Магниттік терапия құралдары
Электрлік тұрмыстық құралдар
зертханалық
Қағаздағы электрофорезді алу құралы
Целоскоп
    III. Импульсті (айнымалы) электромагниттік тербелістер мен толқындар ИЭМФ     диагностикалық
Реоэнцефалография (РЭГ)
Эндоскопиялық капсул
Дефибриллятор (монитролы, кереуеттік)
терапиялық
Амплипульстерапия, электроұйқы, диадинамо терапия құралдары
Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС
Дарсонвализация, индуктотермия құралдары
Электростимуляциялау құралдары (ЭС), өңеш арқылы ЭС жасау құралы, қарын-ішек ЭС,
Электрокардиостимуляция (ЭКС) құралдары
Транскраниалды электростимуляциялық терапия (ТКЭС) құралдары
Электрохирургия (ЭХ) құралдары,
Тұр мыстық ЭС құралдары
    IV. Оптика ОФ диагностикалық
ФГОС, бронхоскопия, гастроскопия, ларингоскопия, колоноскопия, кольпоскопия,
Гистероскопия
Талшықты жарық диодты цистоскоп
Авторефрактометр, рефрактометр , диоптриметр, тонометрия,
терапиялық
Лапроскопиялық құралдар
Фотоматрицалық терапия құралы,
УФ сәулемен биологиялық объектілерді емдеу құралы
Оптикалық тұрмыстық емдеу құралдары
зертханалық
  спектрофтометриялық құралдар
Фотоэлектроколориметрия құралдары
Поляриметрия құралдары
Рефрактометрия құралы
Интерференциялық микроскоп
  V. Атом және ядро физикасы АФ     диагностикалық
Рентген құралдары
Ангиография, флюография, құралдары
Томография, компьютерлік томография (КТ)
Магниттік резонанстық томография (МРТ)
Радиоизотопты сәулелік диагностика құралдары
терапиялық
Радиоизотопты сәулелік терапия құралдары
зертханалық
Радиобиохимиялық/радиоиммунологиялық талдау құралдары
  VI. Кванттық физика (квантық/ақпараттық медицина) КФ диагностикалық
Кванттық (толқындық-ақпараттық) диагностикалық құралдар.
терапиялық
Кванттық медицина құралдары.
Лазерлік хирургия құралдары
Лазерлік терапия құралдары
Тұрмыстық емдеу құралдары
    VII. IT және жоғары технология ІТФ диагностикалық
Жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйін тексеру кешені
Адамның психофизиологиялық күйін тексеру кешені
Адамның тірек-қимыл аппаратын тексеру кешені
ТВ медициналық кешен
терапиялық
Эндовидеохирургиялық кешен,
Қан айналысын жасанды жүргізу аппараты (АИК)
Өкпені жасанды желдету құралдары(ИВЛ)
Наркоз аппаратары
зертханалық
Биохимиялық талдау құралдары
Гемотомиялық талдау құралдары
         

 

 

       
   

 


 

Диагностикалық және емдеу физикалық факторларын жіктеу ғылыми және практикалық маңызы бар және оны одан ары дамыту әрқашанда ғалымдар мен дәрігерлердің назарларында тұрған проблемалардың қатарына жатады, сондықтан біздің ұсынып отырған жіктеу өз жалғасын табатындығына кәміл сенеміз.

 

 








Дата добавления: 2016-09-20; просмотров: 2135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.022 сек.