Уранды өндірудің жер асты скважиналық шаймалау әдісі

Идея болып АҚШ-та 50-жж пайда болған жер асты шаймалау қазіргі таңда уранды алудың белгілі әдісіне айналды, ол дәстүрлі тау-химиялық әдіспен салыстырғанда бәсекеге қабілетті.

Бірнеше жылдан бері уран кендерін жер асты скважиналық шаймалау әдісімен игеру және пайдалану саласында жетекші елдер АҚШ және ТМД кейбір елдері болып табылады, олардың ішінде өндіріс көлемдері бойынша жетекші рольге Қазақстан ие.

Жер асты скважиналық шаймалау – бұл пайдалу қазбалардың кен орындарын кен құрамындағы пайдалы қатты компоненттерді сұйық фазаға таңдамалы ауыстыру әдісімен өндіру.

Жер асты шаймалау – бұл гидрометаллургиялық процесс. Ол кендегі пайдалы компонентті кен орнында таңдамалы шаймалауға негізделеді. Таңдамалы шаймалау және кендерден пайдалы компоненттерді шығару айдағыш және дренажды құралдар жүйесі әсерінен кен пласты бойынша өтетін жасанды тегеурінді немесе тегеурінсіз еріткіш ағыны көмегімен жүзеге асырылады.

Жер бетіне кен емес, құрамында металл иондары бар химиялық ерітінді шы,арылады. Металл иондарын кейін сорбциялық әдіспен таңдамалы бөледі. Жер асты шаймалау барысында еріткіш қозғалысы кен пластының немесе құз монолитінің кеуектері мен капиллярлары арқылы реагенттің жасанды ағыны және айдаушы мен дренажды құралдардың арнайы жүйелерінің әчерінен жүзеге асырылады. Сулы борпылдақ шөгінділерде еріткіштің өтуі барлық кеуекті каналдар арқылы өтеді, жарықты сусыз кендерде – алдымен негізгі магистральді жарықтар арқылы, кейін аз жылдамдықпен майда капиллярларлы және субкапиллярларлы жарықтар мен кеуектер арқылы өтеді, бұл кеннің әркелкі шаймалауына әкеледі.

Жер асты шаймалауды тиімді өткізудің негізгі жағдайлары:

· металдарды ерітіндіге өткізу процесі жарамды жылдамдықпен өтуі тиіс;

· кенді массив ішінде ертікіштің қозғалуына жағдайлар болады, басқаша айтқанда, кендер еріткіштер үшін өткізгіш болуы тиіс;

· еріткіш өндірілетін металдың минералдарын таңдамалы ерітіп, басқа кендердге әсер етпейді;

· еріткіш және алынатын химиялық ерітінділер шаймалайтын кенде кеуектерді және капиллярларды толтырмайды;

· астыңғы және үстіңгі кендерге өту құбылыстары минималды болу керек;

· минералдарды ашу үшін кендерді алдын-ала бұзу тау жұмыстарының жоғары эффектифті жүйелерімен жүзеге асырылуы тиіс.

Осы талаптарға сәйкестік тау-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары бойынша, бастапқы кеннің заттық құрамы мәліметтері және арнайы технологиялық сынақ нәтижелері бойынша кен орындарын алдын-ала бағалау көмегімен анықталады. Жер асты шаймалаудың технологиялық сызбасын таңдау кендерден металдарды толық және рентабельді бөлу мүмкіндігімен анықталады. Бұл бөлінетін компоненттің кендік минерализациясына және кеннің физика-химияоық қасиеттеріне: кеуектілік, фильтрациялық коэффициент, кен беріктігі және т.б. тәуелді. Пайдалы қазбалардың кенді және сулы горизонттары біріккен кен орындарының көбі осы талаптарға жауап береді.

Әрбір технологиялық процесс сияқты жер асты шаймалау оңтайлы параметрлері және сәйкес техника-экономикалық көрсеткіштері бар белгілі бір сызба бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі кезде металдарды күкірт қышқылдық шаймалау әдісімен өндіру кендердің орналасуы 600 м тереңдіктен жүзеге асырылуда. Осы топтағы кен орындардың жер асты шаймалау арқылы өндіруге жарамдылығын анықтау үшін толық геологиялық разрезі және литологтық-фильтрациялық көсеткіштері бойынша қорларды бағалау қажетті.

Жер асты шаймалау әдісінің негізгі артықшылықтары:

- кенді өндірудің барлық сатыларында қажетті капиталды құрылыстардың болмауына байланысты қаржы жұмсалуының және құрылыс мерзімдерінің 2-3 есе қысқарылу;

- бірталай процестер мен шектердің болмауына байланысты еңбек өнімділігінің бірнеше есе жоғарлауы;

- жер асты шаймалау әдісімен өндірілген кендерде уран мөлшері аз болғанына қарамастан, өзіндің құнының 2,0-2,5 есе төмендеуі;

- уранның кендерден бөлінуінің жоғары дәрежесі (80-90 %);

- тау-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары күрделі кен орындарын пайдалану мүмкіндігі;

- уран өндіру циклында ең қымбат және қауіпті жер асты жұмыстары жер бетінен скважиналарды бұрғылаумен алмасуы;

- соңғы өнімді алуға дейін де уран құрамдас концентраттарды алу және өндеу процестерін толық автоматтандыру мүмкіндігі;

- жер қыртысына және қоршаған ортаға аяуғыш әсер ету.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.