Німді ерітінділерді қайта өңдеу
Арматура– негізгі қондырғының қалыпты жұмысы үшін қажет құралдар мен бұйымдар. Арматураға мысалдар: вентилдер, шүмектер, жапқыштар және т.с.с.
Барботаж – сұйықтық қабаты арқылы ауа немесе буды өткізу.
Декантация – оңай бөлінетін тұнбалары бар сұйықтықтан сұйықтықты төгу арқылы қатты заттарды бөліп алу.
Десорбция –металдың (уранның) ерітіндіде концентрленуі арқылы жүретін, қаныққан иониттен комплексті иондардың (күкіртті үрдісте – бисульфатты, трисульфатты уранил иондары) десорбирлеуші ерітіндідегі иондарға (әдетте нитрат иондар) иондық алмасудың технологиялық үрдісі.
Денитрлеу – ерітіндіде нитрат иондардың концентрленуі арқылы жүретін, иониттердегі иондардың (нитрат иондардың) денитрлеуші ерітіндідегі иондарға (сульфат-иондар) иондық алмасудың технологиялық үрдісі
Десорбирлеуші ерітінді– десорбция үрдісін жүргізуге арналған ерітінді; мұндай ерітіндінің құрамына қаныққан иониттегі комплексті уран иондарын алмастыра алатын иондар (әдетте нитрат иондар) кіреді.
Денитрилеуші ерітінді– денитрлеу үрдісін жүргізуге арналған ерітінді; мұндай ерітіндінің құрамына иониттегі нитрат иондарын алмастыра алатын сульфат иондар кіреді.
Сыры кек – тауарлық десорбаттан сутектің асқын тотығымен тұндырылатын уран тұзы («АППАК» руднигінің жағдайында). Дайын өнімді алудағы аралық өнім болып табылады.
Импеллер – реактордағы араластырғыштың жұмыс қалағы.
Иондық алмасу (ионит-ерітінді жүйесінде) – қатты фазаның (иониттің) құрылымында айтарлықтай өзгерістер болмайтын, қозғалғыш қарсы зарядталған иондардың қатты және сұйық фазалар арасында қайтымды эквивалентті алмасу.
Иониттер (ионалмастырғыш шайырлар, сорбент) – құрамына енген иондарды, тура сондай таңбасы бар ерітіндідегі иондарға қайтымды түрде алмастыратын, суда және органикалық ерітінділерде іс жүзінде ерімейтін үшөлшемді құрылымды жоғарымолекулалық органикалық қосылыстар Аниониттер – теріс таңбалы иондарды алмастыратын иониттер. Катиониттер – оң таңбалы иондарды алмастыратын иониттер.
Концентрация – ерітінді, қоспа, балқымада компоненттің салыстырмалы мөлшері.
Аналық сорбциясы– ионалмастырғыш шайырда сорбция әдісімен өнімді ерітіндіден уранды бөліп алудан кейін алынған ерітінді. Шаймалау ерітіндісін алу үшін қолданады.
Аналық фильтрациясы - пульпаны фильтрлеу нәтижесінде алынатын, басым түрде нитрат- және сульфат иондарынан тұратын сұйық фаза ( ерітінді).
Қаныққан ионит – аналық сорбциясындағы уранның максималды рұқсат етілген мөлшерін алуды қамтамасыздандыратын, сорбция үрдісінен өткен және максималды алмасу сыйымдылығы бар ионалмастырғыш шайыр.
Тұндыру -тауарлық десорбаттан уран тұздарының тұнуы.
Тұндырғыш -тауарлық десорбаттан уранды тұз түрінде тұндыруға арналған химиялық реагенттің (аммиакты су - NH4OH, каустикалық сода - NaOH, аммонийдің көмірқышқыл тұзы NH4HCO3, немесе сутектің асқын тотығы Н2О2) ерітіндісі.
Патрубок – құбырларды, бақылау-өлшеу құралдарын және т.б. жалғауға арналған ондырғыға пісірілген қысқа түтік.
Сынама – химиялық талдауға қажетті минималды мөлшерде алынған заттың қатты немесе сұйық күйіндегі максиалды түрде орташаландырылған мөлшері (көлемі, массасы).
Сынама сұрыптағыш– сыналатын материалдың сынамасын алуға арналған құрал.
Өнімді ерітінді– уранды шығаруға арналған цехқа қайта өңдеуге түсетін, гиотехнологиялық өрісте жерасты шаймалау кезінде алынатын, құрамында уранның еритін тұздары бар ерітінді.
Қыздыру– негізінен уранның аммоний немесе натрий (NН4)2UO2O7 – аммоний диуранаты, Na2UO2O7 – натрий диуранаты, (NH4)4[UO2(CO3)3] – тетра-аммонийдің уранил-трикарбонаты) тұздарынан құралған тұнбаны ТУ немесе техникалық құжатты қанағаттандыратындай уранның тотықтары алынғанша термиялық өңдеу үрдісі.
Пульпа– тауарлық десорбаттан уранды тұндыру нәтижесінде алынатын қатты (уранды тұздар) және сұйық (ерітінді) фазадан тұратын қоспа.
Ерігіштік– заттың басқа заттармен (еріткіш) ерітінді түзу қабілеті.
Ерітінді- бір заттың екінші затта біркелкі таралған біртекті жүйесі. Химиялық технологияның көптеген үрдістері ерітінділерде жүреді. Маңызды еріткіш – су.
Химиялық реакторлар– химиялық реакцияларды жүргізуге арналған қондырғылар. Реакцияны жүргізу әдісіне және конструкциясына байланысты әртүрлі реакторларды үздіксіз және периодты, автоклавтар, түтікті колонналы, механикалық араластырғыштары бар, т.с.с деп ажыратады.
Регенирленген ионит– десорбция (регенирация) процесінен өткен, технологиялық регламентпен рұқсат етілген минималды уран мөлшері бар, уран сорбциясы үшін дайындалған ионит.
Сорбция- металдың (уран) ионитте концентрленуі арқылы жүретін өнімді ерітінділерден қатты металдың ионит көмегімен селективті бөліп алудың технологиялық үрдісі.
Скрубберлер– сұйық жұтқыштың көмегімен газ қоспасын ұстаға арналған қондырғы. Құрылысына байланысты саптамасыз, саптаалы және механикалық араластырғышы бар деп бөлінеді.
Суспензиялар– қатты фаза бөлшектері мен сұйықтықтардан құралған дисперсті жүйелер.
Кептіру – буландыру арқылы қатты немесе пастатәрізді материалдардан сұйықтықты алыстату.
Тауарлы десорбат – иониттен уранның десорбциясы арқылы алынған уранды, әдетте 30 г/л-ден артық ерітінді (уранды концентрат).
Фильтрлеу –сұйықтықты өткізетін және қатты заттарды ұстап қалатын кеуекті сүзгіш жарғақшаның көмегімен суспензияларды бөлу.
Шлам – сұйықтықты фильтрлеу кезінде ұсақ бөшектер түрінде тұнба.
Эрлифт -(ағылш. air - ауа, lift - көтеру) сығылған ауа көмегімен жер астынан белгілі бір биіктікке көтеруге арналған қондырғы (сорғылардың бір түрі).
Геотехнологиялық өрістен келетін өнімді ерітінділер ӨЕ құмның майда бөлшектерi және лайлардың ерiтiндiлерiнен құм тұндырғыштарына бағытталады. Құбырлар бойынша бұдан әрi өнiмдi ерiтiндiлер сорап станциясының үрлегiштерiмен сору, СНК-3 колоннадағы операциясына цехтарға айдалады., Колоннанның жоғарғы бөлiгінде орналасқан дренажды таспаларға ерiтiндiнiң қысқан ағынымен колонналарда ерiтiндiлердi фильтрлеу ион алмасу шайырының жiгi арқылы жүргізіледі. Фильтрлеу кезінде колоннаның астынғы бөлігінде шайырының құмдар және лайларының ұстауы және шайырға уранның иондарының сорбциясы жүреді. Сорбция колоннасы арқылы өткен өнiмдi ерiтiндi (аналық сорбциясы деп аталатын), шаймалайтын ерiтiндiлердiң тұндырғышына құйылады. Шаймалайтын ерiтiндiлер сорғылар арқылы күкірт қышқылы көмегімен қышқылдағаннан кейін ГТА жер астындағы шаймалау үшiн қолдануға айдалады. Шайырдың қанығу жүрген сайын оның эрлифт арқылы КИ-2000 жуу колоннасына айдау жүргізіледі және оларды шлам тұндырғышта ерiтiндiлермен жуылады.
Жуып тасталған қаныққан сорбент сорбциялық - десорбциялық нобайдың (СДК) жүктеме контурына аударылады. Бұл аппаратта қанықтыру аймақтағы сорбенттiң толық қанығуы және десорбцияның аймағындағы қарсы ағатын нитратты десорбция болады. Нәтижесінде десорбциялаушы ерітінді сорбенттен уран алынады және СДК-дан шығарылатын ерітіндіге ауысады. Бұл ерiтiндi тауарлық десорбат деп аталады.
Бұдан кейін СДК-дан уран бойынша кедей шайыр КИ-2000 колоннаға аударылады. Осы жерде сорбенттің күкірт қышқыл ерітіндісімен денитрациясы жүргізіледі де, келесі КИ-2000 колоннасына аударылады. Ол жерде сорбентті қышқыл денитрлеуші ерітінділерден жуу жүреді.
Жуылған сорбент жаңадан цикл бастауға дайын. Ол үшiн сорбент үрдістің басына СНК-3 колонналарының қабылдау бункерлерiне аударылады.
Десорбция операциясында алынған тауарлық десорбат келесi шектер үшiн бастапқы шикiзат болып табылады: тұндыру - фильтрлеу - кептіру.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2033;