СДК-1500 сорбциялық-десорбциялық контурдың құрылысы мен жұмыс істеу принципі

СДК-1500 колонналардың жұмысы (сурет 8) барсында ион алмастырғыш шайыр келесі процестерге сәйкес келетін аймақтардан қатарынан өтеді (шайырдың қозғалысы бойынша):

қанығуға дейінгі І – тауарлы десорбат бөлігінен уран сорбциясы;

қанығуға дейінгі ІІ – тауарлы десорбат бөлігінен уран сорбциясы;

қанығуға дейінгі ІІІ – тауарлы десорбат бөлігінен уран сорбциясы;

шайырдан уранды нитратты сорбциялау.

Сәкес келетін аймақтардың СДК-1500 колонналардағы орналасуы десорбциялық концентрлеу процесінің материалды ағындарының сызбасында көрсетілген.

СДК-1500 колоннаның жұмысы барысында сорбция сатысына дейін уранмен қаныққан шайыр қанығуға дейінгі І аймаққа түседі. Осында ол тауарлы десорбаттан уран сорбциясы арқасында қосымша қанығады.

Қанығуға дейінгі І аймақ шайырдың көлемін арттыруға және десорбаттағы уран мөлшерін жоғарлатуға мүмкіндік береді де, сәйкесінше оның тауар бөлігінің шығымын төмендетеді.

Қанығуға дейінгі І аймақтан кейін шайыр ұанығуға дейінгі ІІ аймаққа тасымалданады. Бұл өтпелі аймақ болып табылады. Құрылысы жағынан осы аймақ аппараттың төменгі жағындағы тороидты бөлігіне сәйкес келеді. Осында шайыр және тауарлы десорбат уранның максималды концентрациясы нүктесінен өтеді. Осы нүктеден тауарлы десорбат шығарылуы жүзеге асырылады.

Колонна арқылы ары қарай өту барысында шайыр қатарынан нитратты десорбция аймақтарынан өтеді. Осында, сәйкесінше, уранның сорбаттан десорбциясы өтеді.

СДК-1500 колоннасы үздіксіз-периодты жұмыс істейді, ерітінділер сорбенттің қозғалмайтын қабаты арқылы сүзілу циклі бір мезгілде сорбенттің аппарат бойынша қозғалу циклімен қатарласады. Сорбент қозғалу жиілілігі сағатына 5-10 рет, сорбенттің қозғалу цикледерінің жалпы уақыты колоннаның жұмыс істеу уақытының 10-15% құрайды. Сорбенттің қозғалу режимі поршеньді, қабаттың тығыздығын және біркелкілігін бұзусыз. Қозғалу әдісі – гидравликалық. Аппарат жұмысы толығымен автоматтандырылған.

Колонна жұмысын басқару автоматты клапандар көмегімен жүзеге асырылады. Олардың жұмысының реті уақыттың программалық релелерімен анықталады.

 

СДК-1500 аппаратындағы десорбциялық концентрлеу процесінің материалды ағындарының сызбасы








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1642;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.