Бейтараптандыру әдісі
Бейтараптандыру әдісі негізінде Н+ катиондарының ОН- аниондарымен әрекеттесіп әлсіз диссициацияланатын су молекуласын түсу жатады:
Н+ + ОН- = Н2О
Бұл әдіс қышқылдарды (HCI, HBr, HNO3, H2SO4, H3PO4, CH3COOH және т.б.) және негіздерді (КОН, NaOH, Ва(ОН)2 және т.б.) және сулы ерітіндіде гидролизденуге қабілетті тұздарды (Na2CO3, Na2B4O7, NH4CIжәне т.б.) сандық анықтауда қолданылады. Бейтараптандыру әдісінде индикаторлар қолданылуы тиіс. Өйткені индикаторлар қатыспаған жағдайда реакция сыртқы әсерсіз жүреді және реакцияның аяқталу кезін анықтау мүмкін емес.
8 кестеде бейтараптандыру әдісінде қолданылатын маңызды индикаторлар үшін қажетті мәліметтер келтірілген.
Кесте 8
Бейтараптандыру әдісінде қолданылатын индикаторлар
Индикатор | түсі | Индикаторлар-дың рНы өзгере-тін аумағы | Титрлеудің көрсе-ткіші, рТ | 20мл де индика-тор тамшы-сының саны | Индикатор концентрация-сы, % Еріткіш | |
Қыш-қылда | негізде | |||||
Метило-ранж | қызыл | сары | 3,1-4,4 | 1-2 | 0,05-0,1. Су | |
Метилрот | қызыл | сары | 4,4-6,2 | 5,5 | 1-2 | 0,2-60. Спирт |
Лакмус | қызыл | көк | 5,0-8,0 | 7,0 | 1-2 | 1. Су |
Фенолф-талеин | түссіз | Қызғылт | 8,0-10,0 | 9,0 | 2-3 | 1-79. Спирт |
Титрлеу үшін 20-25 мл ерітіндіні конус тәрізді колбаға немесе стаканға салады және аз мөлшердегі сумен сұйылтады, 2-3 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып, ыдысты ақ қағаздың бетіне қойғаннан соң жәйлеп қана қысқышты немесе моншақтар бюреткадан алдымен үлкен мөлшерде, ал соңында тамшылата сілті қоса отырып тұрақты түрде араластырады. Титрлеу алқызыл түске өзгергенше және бір минутқа жуық түсін сақтағанша жүргізеді. Есептеу төменгі мениск бойынша жүргізіледі [38].
Жемістер мен көкөністердің жалпы жәнетитрлеуқышқылдығын анықтау [40]
Майдаланған орташа үлгіден 20 г ға жуық анализденетін материалды алдын ала өлшенген ыдыспен бірге 0,01 г ға дейін дәлдікте өлшейді, массаны шығынсыз көлемі 200 мл болатын өлшегіш колбаға ауыстырады, ыдысты бірнеше рет дистилденген сумен шайып, сол өлшегіш колбаға құяды.
Колбаны сулы моншаға t=80° С температураға –німдердің агрегаттық күйіне қарай үшін 5-15 минутқа қояды. Колбаны суытады, ерітіндінің көлемін дистилденген сумен белгіге дейін келтіреді және жақсылап араластырады.
20 мл мөлдір сығынды пипеткамен алады. Қажет болған жағдайда оны алдын ала фильтрлейді, конус тәрізді колбаға ауыстырады, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып, 1 минутқа дейін жойылмайтын әлсіз алқызыл түс түзілгенше стандартталынған ерітіндімен титрлейді.
Өнімнің жалпы қышқылдығын пайызбен (X) келесі теңдеумен есептееледі:
X= ,
Мұндағы V1 – титрлеуге кеткенстандартталынған NaOH көлемі, мл; Т -0,1н NaОН ерітіндісінің титріне түзету түзетпе; V2- алынған сығындының жалпы көлемі, мл; m- анализденетін үлгінің массасы, г; V3- титрлеуге алынған сығындының көлемі, мл; К - 0,1 н Nа ОН ерітіндіні үлгіде түзілетін қышқылға түзететін қайта есептейтін коэффициент: алма - 0,0067 (дәнді тұқымды және дәнекті жемістер); лимон - 0,0064 ( цитрусты жемістер мен жидектер); құмырсқа - 0,0063 ( щавель, шпинат); сүт - 0,0090 ( тұздалған тұзды-ашытқанөнімдер); сірке - 0,0060 (маринадтар); шарап - 0,0075 (жүзімдік).
Сұйық өнімдерді анализдеу кезінде пипеткамен 10 - 25 мл шырын немесе ерітінді алады және келтірілген есептеу теңдеуінен масса мен сығындының жалпы көлемін алып тастайды.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 4723;