транссудациясын жасау. 12 страница
тітіркену мүмкіндігі.
Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.
Ингаляторды қолдану тәртібі:
- Баллонның қақпағын шешіп, төмен қаратыңыз.
- Аэрозолды баллонды жақсылап шайқаңыз.
- Мүштікті ауызға енгізу керек.
- Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу. Осы кезде аэрозолдың белгілі мөлшері бөлінеді.
- Бірнеше секунд (5-10ceк) тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығарыңыз.
- Баллон қақпағын жабу.
Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану. Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі. Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т.
Ысқылау
Сұйық зат немесе майлар түріндегі дәрілік заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек. Теріде қабыну өзгерістерінің болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді. Кейбір жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен жабады.
Май жағу
Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады.
Майды теріге уқалап енгізу
- Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
- Май жағатын тері аймағын қарап шығу.
- Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.
- Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.
Жабысқақ таңғышты қолдану
Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады.
Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.
Дәрі-дәрмектерді парентеральді жолмен енгізу
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.
Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:
- Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
- Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
- Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
- Субарахноидалдық кеңістікке.
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:
- енгізген дәрі тез әсер етеді;
- дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
- бауырдың кедергі ролі жойылады;
- жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.
Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.
ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.
Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.
Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.
Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.
Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.
Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.
Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.
Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.
Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.
Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 санының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең, 10-ды 5-ке бөлгенде 2 мл болады. Бөліктің деңгейі бағасы осы шприцте 2 мл.
Аз сыйымдылықпен арнайы шприцтер болады, ондағы бір-бірінің аралықтары 0,01 және 0,02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол ауыр әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сарысуларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді.
Барлық жұмыстарды процедуралық мейірбике өзі күнделікті арнайы киімде (халат, қалпақ, бет перде, аяқ киім, қолғап) жұмыс күннің басында келесі ретімен жүргізу керек:
v жұмысқа қажет зарарсыздандыру ерітінділерді: лизоформин, гипохлорид натрийді дайындау;
v жұмыс столдың бетін зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған стерильді матамен сүрту;
v Кварц лампасын 60 минутқа қосу;
v ыччЗалалсыздандырылмаған дәрілерге және құрал-саймандарға столды дайындау.
Дәрілік заттарды енгізу тісілдері. Дәрі-дәрмектерді енгізудің бірнеше тәсілдері бар: ішкі (энтеральды) – ауыз немесе тік ішек арқылы; сыртқы – тері беті, шырышты қабық немесе тыныс жолы арқылы – (парентеральды) - қарын-ішек жолына соқпай қабылдау.
Емдеудің ең кең тараған түріне дәріні ауыз арқылы ішкізу жатады. Ауыз арқылы берілетін дәрілердің түрі әртүрлі: ұнтақ, тұймедақ, пилюла, ерітінді, тұнба қайнатпа, экстракт, микстура. Дәріні ауыз арқылы беру оңай болғанымен, оның тиімді және тиімсіз жақтары да бар. Асқазанда тек майға аритін дәрілер ғана жақсы сіңеді де, ал көпшілік дәрілер аш ішекте жақсы сіңеді екен. Сондықтан да, майға ерімейтін дәрілер қанға өте баяу сіңеді. Оның үстіне асқазанның сөліндегі ферменттер мен ішкен тамағы, дәрілердің құрамына, сапасына, кері әсер етіп, оның емдік қасиетін төмендетуі мүмкін. Кейбір дәрілерді асқазанның сөлімен бұзылып, сапасын жоғалтып алмас үшін және ащы дәмі білінбес үшін, сыртын біртіндеп еритін қабықпен қаптап қояды.
Дәрілерді көпшілік жағдайда тамақ алдында, ал кейбіреулерін тіпті астың үстінде ішкізеді. Асқазанның шырышты қабығын қатты тітіркендіретін өткір дәрілерді (йодтан, бромнан, мышьяктан, темірден жасалған) тамақтан кейін ішкен тиімде. Іш өткізетін және арамтамақ құрттарға қарсы беретін дәрілерді аш құрсаққа ішкізген дұрыс.
Мейірбикештер үшін ең жауапты сәт ол дәрілерді тарату, ішкізу болып есептеледі. Ең әуелі дәрілерді дәрігердің ауру тарихында белгілеуі бойынша жылжымалы үстелдің үстіне, әр сырқатқа арнап жеке-дара ыдыстарға түймедағын, ұнтағын бөліп салып алады. Ал сұйық дәріні беруге тиісті мөлшерде мензуркаларға құйып дайындап қояды. Бұл жерде: 1 асхана қасығының мөлшері 15 мл дистилляцияланған судың мөлшеріндей, 1 бал қасық - 8-10 мл, 1 шәй қасық - 4-5 мл болатын есте сақтаған жөн.
Барлық дәріні науқас мейірбикеш көзінше ішуі керек. Кішкентай нәрестелер дәріні өздігінен немесе өз еркімен іше алмайды. Сондықтан оларға көмектесіп, сұйық дәрілер мен түймедақтарды, ұнтақтарды суға әбден езіп алады да, не шәй, не бал, не ас қасығымен баланың мұрнын қысып тұрып, аузына құяды. Бала тыныс алу үшін аузын ашқан кезде дәріні ықтиярсыз жұтады. Сол сәтте мұрнын босатады.
Өздігінен жұтына алмайтын, аузы мен көмекейі жарақаттанған, күйген балалардың асқазанына тамақтандыру үшін, мұрнының тесігі арқылы түтік қойып қойған болса, онда ішкізетін дәрілерді де сол түтік арқылы тікелей асқазанына құйып тұруға болады.
Дәріні көтен ішекке енгізу тәсілі де кеңінен тараған. Бала ес-түссіз, өн-бойы тырысып, (судорогасы), ұстамасы ұстап жатса немесе жұтқыншағы мен өңеші күйіп қалса, ауызы арқылы тамақ іше алмайтындықтан, онда дәрі-дәрмектерді көтен ішегіне енгізу арқылы емдеуге болады. Көтен ішекке енгізетін дәрілер, көбінесе шырағдан түрінде май қосып (какао майына) жасалынады. Шырағдандарды тоңазытқышта ұстамаса май еріп, пошымы бұзылып, көтен ішекке енгізуге жарамайды. Шырағданды көтен ішекке кіргізбес бұрын, үлкен дәріті болмаса, клизма жасап ампуласын босатып алған жөн. Егер көтен ішектің ампуласы нәжіске толып тұрған болса, шырағдан қойған соң оның үлкен дәреті жүріп кетуі мүмкін. Сөйтіп дәрі денеге сіңіп үлгерместен жатып сыртқа шығып кетеді.
Шырағданды көтен ішекке енгізу үшін, сыртқатты оң жамбасына, тізесін ішіне қарай бүгіп жатқызады. Мейірбике сол қолымен сырқаттың сол жақ бөлігін тартыңқырап, көтен саңылауын ажыратады да, оң қолымен шырағданның үшкір жағын көтеннің тесігіне жайлап енгізеді. Шырағдан сфинктердің ар жағына өтіп кеткенше бойлата беру керек. Өйтпейінше сфинктер жиырылып-жазылғанда, шырағданды сыртқа итеріп шығарып тастайды. Шырағданды көтен ішекке қойған соң, бала біраз уақыт жатпаса, дәрі қайта шығып кетуі ықтимал.
Қуық пен көтен ішектің ауырғанын азайтып, тырысуын жазу үшін атропин, анестезин, белладон қосып жасалған, немесе олардың қабынуына қарсы антибиотиктер қосып жасалған шырағдандарды пайдаланады.
Дәрілерді сыртқа пайдалану тәсілдерін мейірбикелер жақсы игерулері керек. Мұрынға және құлаққа дәрі тамызу үшін сырқатты жатқызып қойған дұрыс, ал көзге отырғызып қойып та тамыза беруге болады.
Мұрынына дәрі тамызу үшін бала алдымен сіңбіріп тастағаны дұрыс, сонан соң ауруды арқасына жастық қоймай жатқызады да, басын артқа қарай шалқайтады. Сөйтіп ең әуелі мұрынның бір тесігіне, содан соң екінші тесігіне дәрі тамызады.
Көзге дәріні зарарсыздандырылған пипеткамен тамызады. Ол үшін мейірбике сырқаттың жоғары қарауын сұрайды, сол қолындағы шаршымен астыңғы қабағын төмен тартыңқырап тұрып 1-2 тамшы дәріні тамызады. Науқас көзін жұмған соң сыртындағы суын шаршымен сүртіп құрғатады.
Құлаққа дәріні жылытып тамызған абзал. Тері мен теріасты майы дүмпіп іскенде, талаурап қабынғанда, мойындағы, қолтықтағы, шаптағы бездер қабынғанда, жеңіл-желпі жарақаттар алғанда, ұмасы ме жұмыртқалары қабынып ісінгенде, сыртынан дәрі жағып булауға тура келеді. Жас нәрестелердің шабы, қолтығы, мойыны базданып қабынғанда әртүрлі дәрі жағып емдейді.
Ингаляция – дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолдарымен ішке дем тарту арқылы енгізетін әдіс. Бұған газдарды, тез ұшатын заттарды бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына арналған ұсақ бүркілетін заттарды жатқызуға болады.
Дәрі-дәрмсек заттарды парентеральды енгізу. Тері ішіне, теріастына, етке, тамырға шприцпен дәрі енгізу-инъекция деп аталып, оны мейрбикелер мен дәрігерлер іске асырады. Ол үшін “Рекорд”, “Люэр” деп аталатын шприцтермен инелерді пайдаланады. Соңғы кездері ел арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың шприц арқылы тарай бастауына байланысты (жүре пайда болған иммунды жетіспеушілік нышандары бар кесел, сары ауру) бір мәрте пайдаланатын шприцтерді кеңінен қолдануда.
Шприц пен инелерін қайнатып зарарсыздандырардың алдыңда кеңерелерінде қан мен плазманың ізін қалдырмастан жақсылап тұрып жуу керек. Зарарсыздандырғышқа шприцтің әр бөлшегін жеке-жеке орап салып қайнатқан жөн.
Иъекция алдында мейірбике қолын сабындап жуып, спиртпен сүртіп алуы тиіс. Содан соң шприцті жинайды. Теріастына, етке, көк тамырға енгізетін дәрілік заттарды ампуладан сорғызып алмас бұрын, оның не дәрі екендігін ыдысының бүтіндігін, оның ішіндегі сұйықтықтың тұнықтығын, дәрінің сапалылығына, көз жеткізіп алуы керек. Ампуланың мойнын спиртпен сүртіп, кескішпен кесіп, шприцтің инесімен сорып алады. Ішіндегі ауасын шығару үшін шприцті тік ұстап, поршенін ақырындап жылжытса болғаны.
Антибиотиктерді ұнтақ күйінше, аузын резеңке тығынмен, темір қалпақпен жапқан флакондарды шығарады. Оны иъекция үшін былай дайындайды: алдымен қалпақшасын ашып, резеңке тығынын спиртпен сүртеді. Шприцке ұзын, қуысы кең инені кигізіп, антибиотикке ерітінді (0,5 новокаин, физиологиялық ерітінді, дистилляцияланған су т.б.) сорғызады да, флаконның резеңке тығынына тік шаншып кіргізеді. Сөйтеді де, шприцтегі ерітіндіні поршеньді баса отырып, флаконға жайлап жіберіп, дәрі ерігенше күту қажет. Кейдң дәрінің еруін тездету үшін, әрі-бері шайқап, содан соң шприцке сорғызып алады. Дайын болған шприцті дәрісімен зарарсызданған астаушаға салып, бетін зарарсызданған дәкемен жауып, палатаға барады. Кейде мейірбике ішінде дәрісі бар шприц инесін, спиртке малынған дәкемен ғана жауып алып, бүкіл бөлімді аралап жүргенін көруге болады. Бұл барып тұрған өрескелдік. Мұндай инъекция жасаған жерде іріңді соқта дамуы мүмкін. Сондықтан да кез келген мейірбике инъекция кезінде асептиканың заңдарын қатал сақтауы тиіс.
Сырқат сәбилерге инъекция жасаған кезде өте сақ болған абзал. Себебі олар инъекция мәнін әлі жете түсінбейтіндіктен, ине шаншар кезде қатты тынышсызданып, жылап мазалары кетеді. Тыпырлап, жұлқынып жылап жатқан балаға ине шаншуға болмайды, себебі ине сынып немесе оның ұшы сырқат денесінде қалуы мүмкін, болмаса тамырын, нервісін т.б. зақымдап алу ықтимал.
4.Ем шаралар бөлмесі мейірбикесінің жұмыс тәртібі
Мейірбикенің емшара бөлмесіндегі жұмыс реті.
Емшара бөлмесіндегі санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.
Емшара бөлмесіндегі медициналық құжаттар. Мейірбикелердің кәсіптік ауруларының алдын алу
Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған. Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі. Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.
Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.
Қолды өңдеу
Көрсеткіші: колғапты киюдің алдында немесе қолғапты шешкен соң, биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда (микробтық жұғуға қауіп төнгенде), иммунитеті төмен науқасқа күтім жасағанда.
Кажетті заттар: шаруа сабыны, секунды бар сағат, жылы су, заласызданған пинцет, мақта тампондары мен сулгілер, дез ерітіндісі бар ыдыс.
Кажетті жагдай: қолда жарақат болмауы тиіс. Қолдан сақинаны шешу, сағатты шешіп, халаттың білегін 2/3 түру, құбырды ашу, қолдың саусақтарын және саусақ аралығын, білектің 2/3 сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы жуу, сүлгімен қолды кұрғату.
Казіргі кезде тәжірибемізде бір рет қолданатын кұрал жабдықтар (шприцтер, инелер, көк тамырға тамшылатып кұятын жүйе, ұштықтар) кеңінен қолданылады. Бір рет қолданатын кұрал жабдықтармен жұмыс істегенде оларды жоймастан бұрын арнайы дез ерітінділермен (жуу, сонан соң 30 - 60 минутка дез ерітіндіге салып кою) өңдеу қажет. Бір рет қолданатын құрал жабдықтар өңделгеннен соң іріктелінеді, жинақтап салып жойылуға жіберіледі. Көп қолданылатын құрал жабдықтармен жұмыс істегенде бірнеше ережелерді білу қажет. Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды (көк тамырдан кан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау - қан аркылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирус гепатиттері және т.б.) негізгі алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Іс шараны орындап болган соң мейірбике міндетті:
І.Келесі көрсетілген ерітіндінің бірімен құрал жабдықтарды зарарсыздандыру:
3% хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;
1,5 % кальций гипохлорид ерітіндісіне - 60 мин экспозиция;
4% сутек асқын тотығында -60 мин экспозиция.
2. Жұмыс үстелін іс шара аяқталған соң ыскышпен 3% хлорамин ерітіндісімен немесе көрсетілген ерітіндінің бірімен өңдеу қажет.
3. Дез ерітіндімен өңдеп болған соң резеңке қолғапты шешу керек.
4. Резеңке қолғапты дез ерітіндісі бар ыдысқа салу.
5. Халатты, масканы шешіп, кір салатын қапқа салу қажет.
6. Ағынды суға қолды 2 рет сабынмен жуып, бір рет қолданылатын сүлгімен кұрғату қажет.
Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және терісіне тиген кезде жасалынатын шаралар:
Былғанған киімді сыртқы жағын ішке қаратып шешу.
3% хлорамин ерітіндісіне - 1 сағатқа салып қою.
3% хлорамин ерітіндісіне батырылған сүлгіні киімнің былғанған жеріне 60 мин қойып, сонан соң ыстық сумен жуу керек.
70 % этил спиртіне батырылған тампонмен қан немесе биологиялық сұйықтык тиген жерді сүрту қажет.
Тампонды қолданғаннан кейін тастайтьш ыдысқа салу қажет.
Қолды сабынмен жуу керек.
Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2029;