транссудациясын жасау. 14 страница

Қолғапты шешпей тұрып жарақаттағы қанды сығып алу керек. Қолғапты шешіп 1% лизоформин ерітіндісіне салып қою. Қобдишаның ішінен 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісін алу. Жарақаттанған жерді 70% спирт ерітіндісіне алынған мақталы шарикпен сүрту. Қан ағуды тоқтатпай сабынмен жуу, залалсыздандырылған мақталы шарикпен жарақаттанған жерді құрғату керек. Жарақаттанған жерді 70% спирт, 5% йод ерітіндісімен қайталап сүрту, жарақаттанған жерді бактериоцидті лейкопластырді жабыстыру. Саусаққа киюге арналған қапша, резиналық қолғапты кию. Күн сайын қолданылған құралдарды және таңу материалдарды санитарлық ережелер бойынша зарарсыздандыру керек. Қолданылған резиналық қолғаптарды 1% лизоформин ерітіндісіне 60 минутқа салып қою керек.

Есте сақтау керек!

Медициналық қолғап, шприцтің, системаның крафт пакеттерін (қауіпсіз қалдықтарды) «А» классын жинауға арналған ақ түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Таңу материалдарды, инъекцияға қолданған шприц инесімен, медициналық қолғап медицина қалдықтарын «Б» классын жинауға арналған сары түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Егу жасауға дайындалу

Парентеральдық енгізу әдісі асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені залалсыздандыру бұзылған жағдайда ағзаға ауыр асқынулар тудыратын патогенді микроағзалар түсуі мүмкін. Соны ескеріп құралдар әр уақытта залалсыздандырылған, ал мейірбикенің қолдары мұқият түрде өңделген болуы керек. Егу жасаудың алдында медбике қолдарын кран астында сабындап жуады, содан соң спирттелген мақта шаригімен қолдарын өңдейді.

Шприцті залалсыздандырылғаннан кейін толық суыған жағдайда жинайды. Шприцті залалсыздандырылған пинцетпен залалсыздандырылған астаушада, стерилизатордың қақпағының ішкі жағында, крафт-пакетті жыртып - оның ішкі жағында жинайды. Шприцтің және инелердің дәрімен шектескен жерлеріне қолдарын тигізуге болмайды.

Егуді ауруханада немесе емханада егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халі нашар емделушілерге төсекте жасайды.

Егу жасайтын бөлменің жұмыс үстелінде йод, спирт, ампуланы ашатын егеуіш, ішінде мақта шариктері бар бикс, дезерітіндіде залалсыздандырылған пинсеттер болуы керек. Одан басқа егу жасайтын бөлмеде залалсызданырылған үстел болуы керек, яғни залалсыздандырылған ақжайма төселген үстел. Ақжайманың арасында залалсыздандырылған шприцтер, инелер, астаушалар жайылып қойылады. Үстелді тек қана қысқыштармен ұстап ашуға болады.

Егу жасауға арналған дәрілерді залалсыздандырылған ампулаларда және флакондарда шығарады. Шприцке дәріні сорып алудың алдында дәрінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып, ерітіндінің мөлдірлігін тексеру керек. Әр инъекцияға 2 ине керек. Біреуі шприцке ампуладан дәріні сорып алу үшін, екіншісі егуді жасау үшін қажет. Бірінші иненің қуысы кең болғаны дұрыс. Инелердің ауыстырылуы залалсыздандыруды сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл талапқа ампуланың мойынын немесе флакон тығынын алдынғы өңделуі де жауап береді.

Егер майлы ерітінді енгізілсе, ампуланы жылы суға малып , 38 С дейін жылыту керек. Егу жасауға дайын шприцті палатаға ішінде залалсыздандырылған спиртке малынған мақта шариктері бар залалсыздандырылған астаушада науқасқа әкеледі.

Шприцті крафт- пакетте құрастыру

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Крафт-пакетті ашып, оның залалсыздандырылған ішкі жағын шприцті құрастыруға пайдаланыңыз.

2. Цилиндрді залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызға салыңыз.

3. Пинцетпен поршеньді алып цилиндрдің ішіне кіргізіп, қақпағын жалғаңыз.

4. Пинцетпен дәріні сорып алатын инені (бұл иненің диаметрі инъекция инесіне қарағанда үлкенірек) канюлядан алып, ине салатын конусқа иненің ұшына қолды тигізбей кигізіңіз.

5. Иненің канюлясын ине астындағы конусқа бағыттап саусақтарыңызбен жалғаңыз.

6. Шприцтен ауаны шығарып, иненің өтуін тексеріңіз.

7. Құрастырған шприцті пакеттің ішкі жағына салыңыз. Шприц дәріні сорып алуға дайын болды.

Залалсыздандырылған үстелден шприцті жинау

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Залалсыздандырылған ақжайманың бос шеттеріне бекітілген қысқыштардан ұстап залалсыздандырылған үстелді ашыңыз.

2. Залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызбен залалсыздандырылған үстелден астаушаны алып, сол қолыңызға қойыңыз.

3. Сол пинцетпен астаушаның ішіне поршень, цилиндр, екі ине салыңыз.

4. Шприці бар астаушаны жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз, пинцетті астаушаның ішіне салыңыз.

5. Залалсыздандырылған үстелді қысқыштардан ұстап жабыңыз.

6. Оң қолыңызбен пинцетпен цилиндрді алып, сол қолыңызға салыңыз.

7. Пинцетпен поршеньді алып, цилиндрге кіргізіңіз, шешілетін қақпағын бекітіңіз.

8. Дәріні сорып алатын инені канюлясынан ұстап, ине салатын конусқа

кигізіңіз.

9. Пинцетті және инелі шприцті астаушаға салыңыз. Шприц дәріні

сорып алуға дайын болды.

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі

Антибиотиктерді еріту

Мақсаты:дәрілік затты парентеральды енгізу.

Жабдықталуы:медициналық резеңке биялайды киіп, ішінде дәрі бар флаконды, еріткішті, бір рет қолданылатын шприц, астауша, мақта шаригін, 70' С спиртті, стерильді пинцет.

Міндетті шарттар:Флаконды алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін ұқыпты оқып, саңылаусыздығын тексер.

Пинцетпен алюминий қақпақтың орта бөлігін аш. Резеңке тығынды спиртке батырылған мақта шарикпен сүртіп тазала, шприцті құрастырып, антибиотикті еріту үшін конусқа инені кигіз. Шприцке қажетті мөлшердегі еріткіш алып, оны резеңке тығын арқылы флаконға құй. Антибиотиктерді еріту үшін келесі ерітінділер қолданылады:

  1. инъекция үшін су ампулада;
  2. 0,9% натрий хлорид ерітіндісі (изотониялық, физиологиялық) флаконда және ампулада:
  3. новокаин ерітіндісі 0,25 %- 0,5 % флаконда және ампулада;

1:1 тәсіл мен антибиотикті еріту:

100.000 ЕД - 1 мл еріткіш ал.

250.000 ЕД - 2,5 мл еріткіш ал.

500.000 ЕД - 5 мл еріткіш ал.

1.000.000 ЕД - 10 мл еріткіш ал.

Шприцтен флаконды инемен бірге шығарып алып, оның ішіндегі ұнтақ дәрі толық ерігенше флаконды шайқа, 5,0-10,0 шприцті құрастырып, оны флакондағы инеге кигіз, флаконның түбін жоғары көтеріп, қажет мөлшердегі ерітінді дәріні сорып ал. ЕД мөлшеріндегі антибиотикті граммға немесе милиграммға айналдыр: 100.000 ЕД - 0,1 г; 250.000 ЕД – 0,25 г; 500.000 ЕД - 0,5 г; 1.000.000 ЕД - 1,0 г.

Ерітінді дәріні сорып алғаннан кейін шприцті флакондағы инеден шығарып алып, оны инъекцияға арналған инемен ауыстыр, ине кигізетін конусқа жақсылап бекіт. Иненің өткізгіштігін инеден ерітінді мен ауаны шығарып тексер. Залалсыздандырылған астаушаға әзірлеген шприцті спиртке батырылған екі мақта шарикті сал. Еріткен антибиотиктің қалғанын

тоңазытқышта бір тәуліктің ішінде сақта.

Дәріні ампуладан (флаконнан) алу

Мақсаты:дәрілік затты парентеральды егу.

Жабдықталу:ампулада дәрілік зат, стерильді шприц инесімен, спирт 70 %, мақта шариктері, астауша, стерильді пинцет, бикс, стерильді салфеткалар.

Міндетті шарттар:

  1. Дәрігердің тағайындаған дәрілерді тексеру.
  2. Дәрінің алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқу.
  3. Егер майлы ерітінді болса су моншасында 37 ˚С жылыту қажет.

Процедура жүргізу:

  1. Қолды жуу, кептіру, антисептикалық ерітіндімен өңдеу.

Ескерту! Стерильді қолғапты инъекция алдында кию қажет

  1. Стерильды шприцті жинау.
  2. Ампуланы шамалы сілкіп, мойнын спиртпен өңдеу қажет.
  3. Ампуланың ұшын кесу, кескен жерді өңдеп содан соң ампуланың ұшын сындыру.
  4. Ампуланы соң қолдың 2-3 –ші саусақтары арасында ұстап, жаймен инені ампулаға енгізіп, қажет мөлшерде дәріні алу.
  5. Шприцты вертикалды ұстап ауасын шығару.
  6. Инені алып, тастап, инъекция салатын инені кигізу қажет.
  7. Ине қалпағын кигізіп, шприцты қағаз пакетке салу қажет.
  8. Астаушаға шприц, мақта шариктерін салу, бетін салфеткамен жабу (егер инъекция палатада жасалынатын болса)

5. Тері ішіне, тері астына егу алгоритмдері

Тері ішіне инъекция мақсаты, техникасы

Тері ішілік инъекция

Бұл ең «беткей» инъекция, ине аздаған тереңдікке кіргізіледі. Мысалы: Манту реакциясы, жергілікті ауырсыздандыру, аллергиялық сынақтар. Иненің ұзындығы 15 мм, кесілген жері - 0,4 мм. Инъекция жасайтын жер білектің алдыңғы жағы.

1) Инъекция жасайтын жерді спиртпен өндеңіз, бір- бағытта жағу керек;

2) Инъекция жасайтын жерді тартыңыз;

3) Тері кепкен кезде оған иненің кесілген жерін жоғары қаратып теріге параллельді дерлік ұстаған бетте ұшын 0,5 см тереңдікке кіргізіңіз;

4)Сол қолынызды поршеньге ауыстырып, поршеньге басыңқыраңыз да 1-2 тамшы енгзіңіз, сонда теріде лимон қабығы сияқты ақшыл дөңбешік пайда болады, біртіндеп инені жылжытып отырып, ерітіндіні бірнеше тамшыдан басып, тері астына барлық қажетті мөлшерді енгізеді;

5) Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басып, инені шығарыңыз.

Тері астылық инъекция

Біраз тереңірек, оны 15 мм тереңдікке жасайды. Тері астылық инъекция жасағанда ірі тамырлар мен жүйке жолдары жақын жерлерге жоламау керек. Инъекция жасауға неғұрлым ыңғайлы жерлер: сан мен иықтың сыртқы жағы, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы. Иненің ұзындығы - 20 мм, кесілген жері - 0,4 мм.

1) Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке матырылған екі домалақ мақтамен екі рет өңдеңіз, алдымен үлкен аймақты, содан кейін инъекция жасайтын жерді;

2) Сол колмен теріні түбі төмен қараған үшбұрышты қыртысқа жинайды;

3) Оң қолдың екінші саусағымен инені, бесінші саусақпен -поршеньді, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды,

4) Инені тез жылдамдықпен сол қолдын 1 және 2 саусақтарының арасынан үшбұрыштың табанына 45° бұрышпен кесілген жерін жоғары қаратып 1-2 см терендікке (иненің ұзындығының 2/3) кіргізеді. Сүк саусақпен иненін канюлясын ұстап тұрады:

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты ақырындап енгізіңіз. Шприцті бір қолдан бір қолға ауыстырмауға тырысыңыз:

6)Инені канюлясынан ұстап тұрып, шығарып алыңыз. Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басыңыз;

7) Мақтаны теріден алмай инъекцияның орнын сәл уқалаңыз.

Бұлшық еттік инъекциялар

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.

Мақсаты:

- Дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты (аллергологиялық сынама) анықтау;

- Ауруға қарсы иммунитеттің болуы немесе болмауын (профилактикалық егулер) анықтау;

- Жергілікті жансыздандыру.

Қарсы көрсетпелері:

Ине егетін орындағы тері асты май клетчаткасының ісінуі, ине егетін орындағы тері аурулар.

Ине егуге болатын орындар:

Білектің ішкі ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы бөлігі ( БЦЖ ны егу үшін)

Қажетті заттар:

1-2 мл 1-1,5 см қысқа инелер, залалсыздандырылған мақта шариктер, 70' спирт, дәрілік заттар, астауша қолданылған заттар үшін.

Іс-әрекеттер:

  1. Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.
  2. Ампула мойнын немесе флаконды спиртке малынған тампонмен сүртіңіз.
  3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
  4. Шприцты қағаз пакетке немесе стерильды астаушаға салыңыз.
  5. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу.
  6. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен 2-3 рет сүртіңіз.
  7. Шариктерді дез ерітіндіге тастаңыз. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстаңыз ( екінші саусақпен бойлай инені канюлядан, ал басқа саусақпен цилиндрді ұстаңыз)
  8. Инені теріге қатарластыра ұстап ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері арасынан көрініп тұруы керек) Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 -ші саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, бірінші саусақпен поршеньді итеріп дәріні жіберіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене (лимон тәрізді ) түйін пайда болса, сіз байқауды дұрыс жасағансыз.
  9. Спиртке батырылған мақта шаригімен ақырын басып инені теріден шығарып алыңыз.

Ескерту:мақтаны инъекция орнына қатты басуға болмайды. Егер инъекция диагностикалық мақсатта жүргізілген болса, науқасқа инъекция орнына су тигізбеуді ескерту қажет.

Тері астына егу әдісі, мақсаты, асқынулары

Мақсаты:

Дәрілік затты теріасты май қабатына егу. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 1-2 мл ден аспау керек.

Қарсы көрсетпелері:

Дәрілік заттарға аллергиялық реакция болғанда, ине егу орнындағы тері мен теріасты клетчатка жарақатының кез келген түрінде.

Ине егуге болатын орындар:

Иық пен санының сыртқы бөлігі, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы.

Қажетті заттар:

1-2 мл шприцтер, ұзындығы 4-5 см ойығы жіңішке ине, дәрі дәрмек заттар, 70' спирт, залалсыздандырылған мақта шариктері.

Іс- әрекеттер:

  1. Дәрінің атын, мөлшерін қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқып, сосын ашыңыз.
  2. Ампула мойнын спиртке малынған тампонмен өңдеп, сосын ашыңыз.
  3. Дәріні керекті мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
  4. Инеге қалпақты кигізіп пакет немесе астаушаға салыңыз.
  5. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртіңіз.
  6. Мақтаны дез ерітіндіге салыңыз. Сол қолмен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жиыстырыңыз.
  7. Шприцті оң қолыңа, екінші саусақпен инені канюлядан, бесінші саусақпен поршеньді, қалғанымен цилиндрді ұстаңыз. 45 градус үшбұрыштың түбіне иненің қиылысын жоғары қаратып 2-3 см тереңдікке салыңыз. Екінші саусақпен инені канюлядан ұстап тұрыңыз.
  8. Шприцті оң қолмен ұстап тұрып сол қолдың 2-3 саусақтарымен цилиндрдің жиегін ұстап, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп, дәріні жіберіңіз.
  9. Инъекция жасаған жерді спиртке батырылған шарикпен басып, тез қимылмен инені суырып ал да шарикті басып аздап уқалаңыз.

Ескерту:Майлы ерітіндіні қолданудың алдында 38'C жылы су моншасына қыздырып, сонан кейін ғана қолдану керек.

Асқынулары:Асептика ережесінің бұзылуы мен доғал инені қолданудың салдарынан жергілікті қабыну процесі және дене қызуының көтерілуі болуы мүмкін. Гипертониялық ерітіндіні қателесіп егу, тіндерінің өліеттенуіне ( некроз) әкеледі. Майлы ерітіндінің тамыр ішіне енуі дәрі эмболиясын тудыруы мүмкін. Шприц пен иненің залалсыздандыру және зарарсыздандыру жеткілікті болмаған жағдайда вирусты гепатит пен ЖҚТБ тің жұғуы мүмкін.

Бұлшық етке егу жасау техникасы

Мақсаты:дәрілік затты бұлшық етке егу. Дәрілік заттың емдік әсері 20-30 минут аралығында пайда болады. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 10 мл - ден аспауы керек.

Қарсы көрсетпелері:бұлшық еттің атрофиясы, ине егу орнындағы тері мен теріасты майлы клечатка жарақатының кез келген түрінде, дәрілік затқа аллергиялық реакциясы болғанда.

Қажетті заттар:5мл немесе 10мл шприцтер, дәрі дәрмек заттар, залалсыздандырылған мақта шариктері.

Іс- әрекеттер:

  1. Дәріні әзірлеп, оның атын, мөлшерін, қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқы, тазалаңыз.
  2. Асептика ережесімен шприцті жиыстыру әрекетін қолдана отырып, жиыстырыңыз.
  3. Пациентті етбетінен немесе қырынан жатқызыңыз.
  4. Дәріні қажет мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
  5. Мақта тампонын 70% спиртке сулаңыз.
  6. Инъекция жасайтын жоғарғы сыртқы квадрантты бір бағытта, жоғарыдан төмен қарай спиртке батырылғын мақта тампонымен 2-3 рет сүртіңіз.
  7. Әзірленген шприцті оң қолға алып поршенін екінші саусақпен, иненің канюлясын шынашақпен, қалған саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз.
  8. Сол қолмен инъекция жасайтын жердің терісін созып тартып тұрыңыз.
  9. Шприцті денеге тіке 90' та ұстап, иненің 2/3 бөлігін ырғақпен енгізіңіз. Шприцті сол қолмен ұстап, оң қолдың 2-ші, 3- ші саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп ерітіндіні жіберіңіз.
  10. Теріні спиртке батырылғын мақта шаригімен басып, тез инені шығарып алып, мақтамен инъекция жасалған жерді уқалаңыз.

Асқынулары:иненің сынуы, жүйке сабауының жарақаттануы, абсцесс, аллергиялық реакция, вирусты гепатит, дәрілік эмболия.

Көк тамырға дәріні жіберу, мақсаты, техникасы, асқынулары

Мақсаты:

Дәрілік ерітіндіні күре тамырға жіберу, дәрілік зат 1-2 минут ішінде әсер етеді. Нақты мөлшерде жіберу. Дәрінің мөлшері бір рет егілгенде 10-20 мл.

Қарсы көрсетпелері:

Дәрілік затқа аллергия, тері мен тері асты шел қабатының зақымдануы, күре тамырдың қабынуы.

Егілетін орны:

Шынтақ иіні, қол ұшының беткі күре тамырлары, аяқтың беткі күре тамырлары, бассүйек күмбезінің беткі күре тамырлары.

Жабдықталуы:шприц 10 немесе 20 мл, ине ұзындығы 40 мм, стерильді астауша, пинцет, стерильді салфетка, дәрілік зат, 70% спирт, мақта шариктері, бұрау, валик.

Іс- әрекеттер:

  1. Қажет заттарды дайындап, науқасқа манипуляция мақсатын түсіндіру.
  2. Бет перде, қолғап кию.
  3. Пакетті ашып, шприцты жинау, ампуланың мойнын спиртке малынған мақтамен 2 рет өңдеу.
  4. Қажет мөлшерде дәріні ампуладан алу, инені ауыстыру ауасын шығарып, иненің қалпағын кигіздіру. Шприцты астаушаға салу.
  5. Науқасты отырғызу немесе жатқызу.
  6. Иық пен шынтақ иінін ашамыз. Шынтақ иінің астына жастықша қоямыз.
  7. Иықтың үштен екі бөлігіне резиналық бұрау қойып, шынтақ иінін спиртке батырылған мақта шаригімен сүртеміз. Науқас қолын ашып жұмып жұмыс істеу керек.
  8. Сол қолдың екінші саусағымен тамырды бекітіп ұстаңыз. Иненің қиылысын жоғары қаратып, әуелі теріні, сосын көк тамырды тесеміз.
  9. Науқастың қолын былғамас үшін, иненің астына мақта шаригін қоямыз. Шприцтің поршенін жәй өзімізге қарай тартып көргенде, қан болса, онда көк тамырға түскеніміз.
  10. Ерітіндіні жәйлап жібер алдын резеңке бұрауды шешіп, жұдырығын ашып ерітіндіні жайлап жібереді.
  11. Дәріні жібергеннен соң спиртке малынған мақта шаригімен басып инені алу қажет. Науқастың қолын 1-2 минутқа бүгу керек.

Асқынулары:гематома күре тамырға дұрыс түспегенде, тері астына қанның ұюы, оған жартылай спиртпен компресс

қою керек. Некроз (тітіркендіргіш дәрі тері астына кеткенде) 10% кальций хлорид. Тромбофлебит ( күре тамырды қайта қайта тескеннен ). Ауа эмболиясы, асептика ережесі бұзылғанда сепсис

Көк тамырдан биохимиялық зерттеуге қан алған кездегі медбикенің атқаратын іс- әрекеттері:

1. Қолды сабындап жуу. Электроқұрғатқыш немесе орамалмен құрғату.

2. Қолды спиртке батырылған мақта шариктерімен өңдеу (біреуі алақанды, екіншісі алақанның сыртқы бетін). Қолды саусақтар ұшынан бастап білезікке қарай бағытта өңдеу.

3. Қолғапты киіп, емделушінің шынтақ сүйегінің астына жастықшаны

салыңыз.

4. Иық сүйегінің 3/1 бөлігіне салфетка үстіне бұрау салыңыз; қолғапты спиртпен өңдеңіз.

5. Емделушінің жұдырығын “ашып-жауып” жұмыс істеуін сұраңыз.

6. Теріні спиртке батырылған 2 мақта шаригімен өңдеңіз.

7. Шынтақ иінінің терісін сол қолмен тартып, көк тамырды бекіту керек. (бұл жағдайда емделушінің қолы жұдырыққа түюлі).








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2800;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.038 сек.