транссудациясын жасау. 10 страница

клизманы дәрігер нұсқауы бойынша қою. Зәр қабылдағыш-

пен қамтамасыз ету;

7) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)

бақылауды қамтамасыз ету;

8) дәрігердің нұсқауы бойынша емделушіні және аспаптар-

ды абдоминалды пункцияға дайындау.

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Қызудың көтерілуі

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді: дене қызуын апта соңына

дейін қалыпқа түсіру.

II. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау;

2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу;

3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету;

4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру:

1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру;

2 кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық компресс, мұзды мұйық қолдану;

- емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс, шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету:

- ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу;

- сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп тамақтандыру;

- галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып, емделушіге жеке бақылауды қамтамасыз ету;

- тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді бақылау;

- дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету.

3 кезеңде - емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.

- іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету;

- дене қызуы күрт төмендеген кезде коллапс кезіндегі көмекті көрсету;

- дене қызуы литикалық төмендеген кезде емделушіні жылы жабу, көп

мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану.

МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Құрғақ жөтел

ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - емделушіде жөтелдің

жиілігі мен ұзақтығы аптанын соңында азаяды. Ұзақ мерзімді -

жетелдің ауруханадан шығар сәтте болмауы.

III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) кілегейді тітіркендірмейтін, жылы сұйықтықпен қамтамасыз ету (жөтелу кезінде ауырсыну азаяды);

2) дәрігердің тағайындауы бойынша қарапайым физиотерапиялық процедураларды (оңқа, қыша қағазы, компрестер, аяқ қыша ванналары) орындауды қамтамасыз ету;

3) емделушіге ингаляция жүргізуді қамтамасыз ету (майлы, эвкалипті, балды);

4) бөлмелерді күніне 3-4 рет желдетуді қамтамасыз ету;

5) дәрігердің тағайындауы бойынша жөтелге қарсы препараттар қабылдауды қамтамасыз ету.

 

I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Ылғалды жөтел

ІІ.МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді - емделуші аптаның соңында

какырық бөлінудің жеңілдегенін аңғарады. Ұзақ мерзімді -

емделуші ауруханадан шығу алдында жөтелдін сипаттамасы,

қақырықтың тұрып қалуының алдын-алу шаралары туралы білімін көрсетеді.

II. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) сілтіні көп мөлшерде қабылдауды қамтамасыз ету;

2) емделушіге позициялық дренажды қамтамасыз ету (күніне 2 рет 20 минуттан);

3) дәрігерің тағайындауы бойынша қарапайым физиопроцедуралармен қамтамасыз ету (дене температурасы 37°С-тан жоғары болғанда физиопроцедуралар жүргізуге тиым салынады);

4) емделушіге жөтелу тәртібін үйрету және жеке түкіргішпен қамтамасыз ету;

5) бөлмені желдету (күніне 20 минуттан 4 рет), бөлме температурасын 18-22°С- та ұстау, керек жағдайда оттегімен емдеуді өткізу;

6) дәрігердің тағайындауы бойынша бронхолитиктер, қақырык түсіретін дөрілерді кабылдауын қамтамасыз ету.

7) күнделікті қакырықты көзбен шалып тексеру.

8) қан мен лимфа айналымын жақсарту мақсатында кеуде торына уқалау жасау;

9) өкпе вентиляциясын жақсарту мақсатында тыныс гимнастикасын

жасау;

2.Дәрілік заттарды енгізу жолдары. Дәрілік заттардың негізгі

топтары. Жаздырып алу, тарату, сақтау, қолдану түрлері

Дәрілік заттардың негізгі түрлері және қолдану әдістері. Емдеу бөлімшелерінде дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, есебін жүргізу және үлестіру.

Дәрілік терапия емдік шаралардың ең маңыздысы болып табылады. Емнің жетістігі көп жағдайда мейірбикенің тағайындалған дәрілік затты науқасқа білікті және сауатты енгізуіне байланысты болады. Ауруханада емделіп жатқан науқастарға дәрілік заттарды жаздырып алу арнайы талап қағаздарына жазылады. Дәрігер күнделікті бөлімшедегі науқасты қарап, оған қажетті дәрілік заттарды және олардың мөлшерін, қабылдау реттілігі мен енгізу жолдарын медициналық картаға жазып отырады. Бақылаушы мейірбике күнделікті науқастың медициналық картасынан арнайы дәптерге немесе тағайындау парағына көшіріп жазып алады. Бақылаушы және емшара мейірбикелері әрбір науқасқа бөлек-бөлек барлық тағайындалған заттарды жазып белімшенің аға мейірбикесіне береді. Аға мейірбике бұл мәліметтерді жинастырып, белгілі бір форма бойынша жаздырып алады. Науқастарға жасалатын инъекция жайындағы мәліметтер инъекция жасайтын емшаралық мейірбикеге беріледі. Дәріханадан дәрілерді алу жөнінде талап тізімі болады. Бұл талап қағаздарында бөлімше меңгерушісінің колы болуы тиіс.

Бөлімшеде үш күнге жететін қажетті дәрілік заттар болуы тиіс. Улы және есірткі заттар мен этил спиртінің талап қағазы, штампы бар арнайы бланкте латын тілінде жазылып, емдік мекеменің басшысының немесе емдеу жөніндегі орынбасарының қолы мен мөрі қойылады. Бұл кағазда этил спиртінің концентрациясы мен препараттардың енгізу жолдары көрсетіледі. Улы және есірткі, аса тапшы. қымбат дәрілер бөлек жазылып, науқастың аты-жөні, сырқатнамасының нөмірі, диагнозы көрсетіледі. Дәріханадағы дайын дәрілік формаларды аға мейірбике күнделікті алып, ал дайындалуды қажет ететін дәрілерді келесі күні алады. Жедел керекті дәрілік затты дәріхана сол күні дайындап береді. Дәріханадан дәрілік затты алғанда аға мейірбике тапсырысқа сәйкестігін тексереді. Дәріханада дайындалған дәрілік формада препараттың нақты атауы, мөлшері, дайындалған күні және дәрілік затты жасаған фармацевттің қолы жазылған белгілі бір түсті этикеткасы болуы қажет.

Бақылаушы мейірбике түрлі дәрілік заттарды, керектісін тез табу үшін қалай реттеп салу керек? Жарықта бүлінетін, бөлме температурасында өз қасиетін жоғалтатын, буланып улшп кететін дәрілік заттарды қалай, кай жерде сақтау қажет?

Дәрілік заттарды енгізу тәсілдеріне байланысты бөлу қажет. Барлық ампуладағы және флакондағы стерильді ерітінділер емшара бөлмесінде: шыны шкафтың бір қатарында - антибиотиктер мен оның ерітінділері, келесі қатарында тамшылатып кұятын ерітінді флакондары 200-500 мл, қалған қатарларында А (улы) және Б (әсері күшті) тізіміне кірмейтш қораптағы ампулалар ( витамин, дибазол, папаверин, магний сульфат ерітінділері) тұрады.

А және Б тізіміне кіретін дәрілік заттар арнайы шкафтарда (сейфте) сақталады. Сейфтің ішкі жағында олардьщ тізімі көрсетіледі. А тізіміндегі дәрілік заттарды (наркотикалық аналгетиктер, атропин, және т.б.) және Б тізіміндегі заттарды (аминазин және т.б.) белек жабылатын бір сейфте сақтауға болады.

Дәріханада дайындалған залалсыз ерітінділердің сақталу мерзімі үш күн. Егер олар осы уақыт ішінде пайдаланылмаса, жарамсыздық белгілері (түсінің, мөлдірлігінің езгеруі) болмаса да оларды төгіп тастаған жөн.

Сыртқы және ішке енгізуге арналған дәрілік заттар бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнындағы шкафта «Сыртқы қолдануға арналған» және «Ішке қолдануға арналған» деген жазулары бар әртүрлі сөрелерде сақталады. Дәріханада дайындалған сыртқы қолдануға арналған дәрілік формалардын этикеткасы сары, ал ішке колдануга арналғандардың этикеткасы ақ болады.

Дәрілік заттар қажетті препаратты тез тауып алуға болатындай етіп орналастырылуы қажет. Бұл үшін тағайындалуына байланысты жүйелендіріп, жеке ыдыстарға салған жөн. Мысалы, антибиотиктср (ампициллин, оксациллин және т.б.) сыртына «Антибиотиктср» деп жазылған бір ыдысқа салынады; артериялық қысымды төмендететін заттар (папаверин, дибазол, раунатин және т.б.) басқа ыдысқа салынып, сыртына «Гипотензивті заттар» деп жазылады және т.б.

Жарықта ыдырайтын дәрілік заттар (сол себептен оларды күңгірт флаконда шығарады) жарьщтан корғалған жерде сакталады.

Күшті иісті дәрілік заттар жеке сақталынады.

Тез бұзылатын дәрілік заттар (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар), сондай-ақ майлар, вакциналар, сары сулар дәрілік заттарды сақтауға арналған тоңазытқышқа орналастырылады. Тұнбалар, қайнатпалар, және микстуралардың тоңазытқышта сақталу мерзімі үш күннен аспауы керек. Мұндай дәрілік заттардың жарамсыздык белгілері - лайлануы, түсінің өзіеруі және жағымсыз иістің пайда болуы. Майдың жарамсыздық белгілері - түсінің езгеруі, қабыршақтануы, көгерген иістің болуы.

Спиртте дайындалған тұнбалар, ерітінділер, экстрактар уақыт өткен сайын спирттің булануына байланысты қоюлана түсетінін ескерген жөн. Сондықтан бул дәрілік заттарды тығындары жақсы жабылатый флакондарда сақтаған жөн.

Сондай-ақ, өз түсін өзгерткен таблеткалар мен ұнтактар қолдануға жарамсыз.

Бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнында, емшаралық бөлмедегідей сыртқы және ішке қолдануга арналған А және Б топтағы, сондай-ақ тапшы және қымбат дәрілік заттарды сақтауға арналған сейф болуы керек. Сейфтің кілтін еткізу арнайы дәптерге тіркеледі. Сейфте сақталатын дәрілік заттардьщ шығынын есептеу үшін арнайы журналдар болуы керек. Бұл журналдар сейфте сақталады және белгілі бір форма бойынша толтырылады. А және Б топтағы дәрілік заттар шығынының жылдық есебін аға мейірбик жүргізеді.

Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілі :

1) жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконды. пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыныз;

2) науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің жанында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн

3) дәрілік заттарды науқас сіз жанында тұрғанда қабылдағаны жөн. Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы айқын.

Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады. Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тарату кезінде қателіктер болмайды.

Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні, палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.

Дәрілік заттарды таратудың мұндай жолының елеулі кемшілігі бар:

1) науқастың дәрілік затты қабылдағанын қадағалау мүмкін емес;

2) таратудың жекелей схемасы сақталынбайды (дәрілік заттардың барлығы тәулігіне үш рет кабылданбайды- кейде тәулігіне 4-6 рет, кейбіреуі асқа дейін, кейбіреуі - астан кейін немесе ас кезінде, ал үшіншілері - түнге қарай);

3) кателіктер болуы мүмкін (бір науқасқа тағайындалған дәрілер, мейірбикенің көңіл коймауынан, басқа науқасқа арналған торға салынып кетуі мүмкін);

4) тағайындалған дәрілік заттар туралы науқастың сұрағына жауап беру қиындайды, өйткені дәрілер астаушада дәріхананың қорабынсыз болады. Мейірбике дәріні және оның мөлшерін, әсіресе әсер етуін көбінесе айта алмайды да науқастың сенімсіздігін және өзіне белгісіз дәрілерді ішкісі келмеуін туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттарды тарату ережелері:

1) дәрінің сыртындағы этикетканы және тағайындау қағазындағы белгілеуді мұхият оқыңыз;

2) дәрілік заттарды тек науқастын төсегінің жанында ғана таратыңыз;

3) науқас дәрілік затты сіз тұрғанда қабылдауы қажет (ас кезінде қабылдайтын дәрілерден басқасын);

4) асқа дейін қабылдау белгіленген дәрілерді науқастар тамақ ішер алдында 15 минут бұрын қабылдауы керек; астан кейін қабылдау белгіленген дәрілер тамақ ішкеннен кейін 15 минуттан соң қабылдануы керек; аш қарынға қабылдауға белгіленген дәрілер таңертең таңғы асқа дейін 20 - 60 минут бұрын қабылдануы керек (кұртқа қарсы, босаңсытатын);

5) ұйықтататын дәрілерді науқастар ұйқыға дейін 30 минут бұрын қабылдауы керек;

6) нитроглицерин мен валидол үнемі науқастын төсегінің жанындағы үстелшеде болуы керек;

Мейірбикенің дәрілік заттарды тағайындауға немесе алып тастауға немесе басқа дәрілермен ауыстыруға кұкысы жоқ. Науқас шұғыл көмекті қажет ету немесе дәрілік заттарды көтере алмау жағдайы бұған жатпайды. Кез келген жағдайда тағайындауға енгізілген өзгерістер туралы дәрігерге ескерткен жөн. Егер дәрілік зат науқасқа қателесіп берілсе немесе оның бір реттік мөлшері асып кетсе, бұл туралы дәрігерге бірден айтылуы керек.

Дәрілік заттар резорбты (кан аркылы) және жергілікті әсер етуі мүмкін. Дәрілік заттардың әсер ету механизміне байланысты оларды енгізу жолдарын ажыратады.

Резорбты әсер ету энтеральды (асқорыту жолдары арқылы, мысалы, таблеткалар, микстуралар қабылдау) және парентеральды (асқорыту жолына соқпай, мысалы, бұлшық еттік инъекциялар) жолдар аркылы жүзеге асырылады.

Сыртқы қолдануға арналған дәрілік заттар жергілікті әсер етеді (мысалы, майлар, ингаляциялар).

Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді.

Қатты түрдегі дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.

Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.

Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға:майлар, паста мен ем балауыздар жатады.

Дәрі-дәрмекті пайдалану емдеу процесінің басты бөлігінің бірі болып табылады. Дәрі-дәрмектер ағзаға жергілікті, сонымен қатар жалпылай әсер етеді. Дәрі-дәрмектер адам ағзасына әртүрлі жолдармен енгізіледі. Ағзаға дәрі дәрмекті енгізу әртүрлі жағдайға байланысты:

  1. Әсердің басталу жылдамдығына;
  2. Әсердің көлеміне;
  3. Әсердің ұзақтығына;

Дәрі дәрмекті ағзаға енгізу жолдары:

Энтеральды жол:Ауыз арқылы, тіл асты, тік ішек арқылы.

Сыртқы жол:Теріге, көз, құлақ, мұрын, қынаптың кілегей қабықтарына

Аэрогенді жолмен:Тыныс жолдары арқылы.

Парентеральды жол:Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, тамырға, күре тамырға, қуыстарға, сүйек ішіне, субарахноидалдық кеңістікке.

Емдеу бөлімшесіне арналған дәрілерді жаздырып алу

Медбике дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды сақтауға жауапты. Рецепт жазғанда өте мұқият болу керек. Әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып бергенде қате жібермеу, дәрілерді дұрыс сақтау ережелерін білу керек. Дәрілерді күнде жаздырып алдыру қажет.

  1. Дәрігер бөлімшеде науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады.
  2. Палаталық медбике күнделікті нұсқауларды іріктеп, дәптеріне тағайындалған дәрілерді көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбикесіне береді.
  3. Постта немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілер болмаса олардың тізімі қажет жағдайда бөлімшенің аға медбикесіне беріледі.
  4. Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәрілерді дәріханадан алуға арналған талап ету құжатын аға медбике (қажет болған жағдайда) толтырады.
  5. Улы (мысалы: строфантин, атропин, прозерин,т.б) және есірткілік дәрілер (мысалы: промедол, омнопон, морфин), сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕПҰ-ның бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады.
  6. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.
  7. Аға медбике дәріханадан дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрілер көк түсті (стерильды ерітінділері бар флакондары). Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік формаларда фармацевттің қолы болуы керек.

«А» тізіміне кіретін кейбір (улы дәрілер) дәрілік заттар:

1. атропин 7. прозерин

2. кокаин 8. стрихнин

3. дикаин 9. строфантин

4. морфин 10. резерпин

5. омнопон

6. промедол

«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:

1. никотин қышқылы 11. нитроглицерин

2. адонизид 12. лобелин

3. амилнитрит 13. люминал

4. инсулин 14. эфедрин

5. мезатон 15. кордиамин

6. фталазол 16. кофеин

7. преднизолон 17. хлоралгидрат

8. эуфиллин 18. аминазин

9. дибазол

10. викасол

Бөлімшелерде дәрілерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар

1. Мейірбике бөлмесінде дәрі дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.

2. Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (стерильды, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар («сыртқы қолдануға арналған», «ішкі қолдануға арналған» және т.б.) болуы керек.

3. Парентеральды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге тағайындау бойынша (антибиотиктер, витаминдер, гипотензивті дәрілер т.б.) орналастырған жөн.

4. Артына үлкенірек, ал алдына кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді қойған жөн. Бұл кез-келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға мүмкіншілік береді.

5. Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі дәрмектермен бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.

6. «А» тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.

7. Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарады) сақтайды.

8. Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек сақтайды.

9. Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды.

10. Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.

11. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.

12. Жарамсыздық белгілеріне жатады:

· Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;

· Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;

· Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі.

Мейірбикенің құқығы жоқ :

· Дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;

· Түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;

· Дәрілердің этикеткасын ауыстыруға және жөндеуге;

· Дәрілерді этикеткасыз сақтауға.Науқастарға дәрілерді тарату

Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен таратады. Дәрілерді тағайындауға, тоқтатуға немесе басқасымен ауыстыруға мейірбикенің құқығы жоқ. Тек қана кейбір жағдайларда, мысалы - шұғыл көмек қажет болғанда немесе дәріге жоғары сезімталдық байқалғанда өздігінен дәрі беруге немесе дәріні тоқтатуға болады. Бұл жағдай жылдам дәрігерге хабарланады.

Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп дәрілерді лақтырады. Осы кезде мейірбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін байыппен түсіндіру керек. Мейірбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдағандығын мұқият қадағалауы керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрілік препараттар жөнінен көптеген сұрақтар туындайды, бұл жағдайда мейірбике өз деңгейінде толық жауап беруге (дәрінің көмегі, ерекшелігі) тиіс. Кейбір жағдайда науқастар дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді ұят деп ойлайды, сондықтан олар келіспейді. Мейірбике науқасқа бұл емнің дәрігердің тағайындауымен жүргізілетіндігін түсіндіре отырып, емді жеке бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1444;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.047 сек.