транссудациясын жасау. 8 страница

  • әлеуметтік оңашалану;
  • мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану;

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.

Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

 


Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

  1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
  2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

  1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
  2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

- Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.

Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:

  1. іс-қимыл;
  2. белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
  3. шарты – кімнің (ненің) көмегімен.
  4. Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

 


Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

  • тәуелді
  • тәуелсіз
  • өзара тәуелді

Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.

Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.

Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.

 


Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы:

  1. Медбикенің жауапкершілігі артады;
  2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік береді;
  3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
  4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкінді береді;
  5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Мейірбикелік сырқатнама. Науқасты бақылау.

Мейірбикелік үрдіс - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми тәсілі, екі жаққа бірдей тиімді күтім жоспарын орындау мақсатында науқас пен мейірбикені қоршаған жағдайды және бұл кезде пайда болатын мәселелерді анықтаудың жүйелі жолы.

Мейірбикелік үрдіс денсаулық сақтау тәжірибесіндегі мейірбикенің орнын түсінудегі жаңалық. Оның барлық қызметі науқастың күтім қажеттігін қанағаттандыруға, науқастың тәуелсіздігін демеуге және қалыптандыруға бағытталған болуы керек.

Мейірбике ісін үйретудегі негізгі аспектілер:

1. Науқас.

2. Мейірбкке ісі.

3. Қоршаған орта.

4. Денсаулық.

Еуропада ВОЗ қолданылатын аймақта мейірбике физиологиялық, психологиялық және әлеуметтікі қажетгіліктерді бағалайтын Вирджинии Хендерсон моделі ұсынылады.

Күнделікті қызмет түрлері (Хендерсон бойынша):

1. Қалыпты тыныс.

2. Адекватты су және ішу.

3. Қалыпты шығарылым.

4. Қимыл және түрлі қалып.

5. Ұйқы және дем алу.

6. Сәйкес киім таңдау, киіну, шешіну.

7. Дұрыс киімді таңдап, дене қызуын қалыпты деңгейде ұстау.

8. Денені күту жэне таза ұстау, сырқы әлпетті күту.

9. Айналадағы кауіпті факторларға жоламау және басқаға зиян келтірмеу.

10.Эмоциямен басқалармен қарым- қатынас жасау.

11.Рухани ойдың сақталуы.

12.Нәтиже алып келетін жұмыс.

13.Ойнау немесе демалу.

14.Тану, қызығу. бір нәрсені ашу қалыпты дамуға және денсаулықтың жақсы болуына алып келеді.

Мейірбикелік урдістің кезеңдері, олардың мазмұны және өз ара байланысы.

I кезеңі - мейірбикелік зерттеу әдісімен жағдайды бағалау. Ол мынандай сәттерден тұрады:

«науқас жайында, субъективті, объективті деректер туралы қажетті мәліметтерді жинау;

• науқасты қоршаған психоәлеуметтік жағдайды бағалау;

• денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын, қоршаған орта туралы деректерді анықтау;

науқастың күтімді қажет етуін анықтау мақсатында жиналған мәліметтерді талқылау.

Қажеттік - адамның өмір бойғы сезінген, санасында бейнеленген, жете түсінген бір нәрсенің психологиялық немесе физиологиялық жеткіліксіздігі.

А.Маслоу бойынша адамның негізгі

1. Тыныс алу

2. Тамақтану

3. Су ішу

4. Шығару

5. Ұйықтау, дем алу

6. Таза болу

7. Киіну, шешіну қажеттіктері

8. Дене температурасын сақтау 9. Дені сау болу

10. Қауіптерге жоламау

11. Қозғалу

12. Қарым-катынас жасау

13.Тұрмыстық және рухани

байлықтарының болуы

14. Ойнау, оқу, жұмыс істеу

II кезең - науқастын күтіміндегі мәселелерді анықтау немесе мейірбикелік диагностикалау. Оған кіретіндер:

«науқастың нағыз және жасырын мәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін анықтау;

• күтімнің маңызды мақсаттарын талдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды мәселелерді анықтау;

«науқаспен оның анықталған мәселелері, канағаттандырылмаған қажеттіктері және алдыға койылған мақсаттар туралы сұхбаттасу. Ш кезең - кажетті көмекті жоспарлау. Оған жататындар:

• мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді); » науқаспен бірге күтім нәтижелерін анықтау;

• науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара тәуелді, тәуелсіз);

• мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге

асыру ұсынылады:

1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.

3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай жасау.

4. Науқас пен оның жащясына психологиялық демеу жэне көмек көрсету.

5. Техникалык эрекеттер. ісшаралар жүргізу.

6. Денсаулықты нығайту жэне асқынулардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру.

7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сүхбатгасу.

«науқаспен күтім жоспарын талқылау:

«мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарымен таныстыру.

IV кезең - күтім жоспарын жүзеге асыру.

Бүл кезең мейірбикелік күтімді келісілген жоспарға сәйкес үйлестіруді, кез келген бір мэселелердің салдарьшан койылған мақсатқа жету мүмкін болмаған жағдайда шешім қабылдауды талап етеді.

Бұл кезеңді қисынды негіздеу наукастың қажетгігін қанағаттандыру бойынша көмек көрсетуге және жоспарды орындауға катысатъш мейірбике мен баска адамдардың біліміне, ептілігіне, дағдыларына жүгінеді.

Жоспарды жүзеге асыруда науқаспен және оның туыстарымен сұхбаттасу, оларды күтім жасауға үйрету ерекше орын алады.

V кезең - мейірбикелік күтімді қорытынды бағалау, нәтижелерін бағалау. Оған кіретіндер:

• кол жеткен нәтижелерді жоспарланған мақсатпен салыстыру;

• жоспарланған іс-әрекеттің нәтижелілігін бағалау;

• егер күткен нәтижеге қол жетпесе, онда бағалауды және жоспарлауды жалғастыру;

• мейірбикелік процестің барлық кезеңдерін сыншыл талдау және қажетті түзетулер енгізу.

Үйлестіруді тәжірибелі, жоғары мамандандырылған мейірбике орындауы қажет. Мейірбикелік процесс мейірбикелердің өздері анықтап, бекіткен мейірбикелік сырқатнамаға немесе мейірбикелік күтім мен бақылаудың картасына жазылады.

Мейірбикелік сырқатнама

Наукастың аты жөні...............

Бөлімше: ..............................

Палата:...............................

1 Тексеру: 1 Сұрау, қарау, бағалау, Қараған күндер

(күнді, сағатты, минутты көрсету)

 

қорытындылау.

1. Тексерген кездегі шағындары: ауру сезімі (орналасу орны, сипаты, ; ұзақтығы, науқастың ауру сезіміне 1 берген реакциясы)

2. Есі

3. Бет әлпеті

4. Эмоциональді статус (көңіл-күйі, көңіліне тез алу, тез ренжу және т.б жеке тұлғаның қасиеттері)

 

5.

Ұйқы 1 -күндіз ұйықтауға бейім

-ұйқының бұзылуы

6.

Тері мен кілегей қабаттың жағдайы -ісінудің болуы (орналасу орнын көрсету)

7. Дене қызуы - таңертең - кешке

8. Тыныс: өзіндік, дауыстың өзгеруі, тыныс алу жиілігі, тыныс сипаты, ентігу сипаты, қакырық сипаты, жетел сипаты, қан кақыру

9. Тамыр соғуы, оның 1 минуттағы сипаты, ырғағы, толымдылығы, қатаңдығы

10.

 

Екі қолдағы АҚҚ. - Сол: -Оң:

 

11.

 

Сезім мүшелері: -есту, - көру, -иіс сезу, - сипап сезу, - дәм сезу, - сөйлеу.

12 Ауыз қуысын қарау: - протез бар жоғын

 

13 Тағам қабылдау: -

№ емдәмдік мәзір,

– тәбет:(сақталған, жоғарылаған, төмендеген);

- сұйықтық ішу:

шектелген, көп мөлшерде, өзгеріссіз.

- өзі ішеді,

- ішкізетін кұрал арқылы ішеді,

- жұтынуы (еркін, қиындаған, өтпейді),

-басқа да мәліметтер.

14 Нәжістің сипаты

15 Несептің сипаты, зәр шығару

16 Қимыл белсенділігі: қолдың треморы, қимылының бұзылуы, парездер, параличтер

17 Зәр шығару:

өз еркімен,

зэәр ұстамау,

зәр қабылдағыш,

катетер

18 Нәжіс:

өз еркімен,

нәжіс ұстамау,

клизма көмегімен,

дәрет ыдысы,

нәжіс қабылдағыш,

колостома не басқа стома

19 Қимыл қабілеті:

өз еркімен жүру,

төсекте,

басқа адамның көмегімен қимылдайды,

қосымша зат қолданылады (сүйеніш, коляска, арба).

палата ішінде жүреді,

дәретханаға дейін бара алады, - сыртқа шығуға

20 келуін күтеді)

21. Науқастың жүйкелік-психикалык жағдайы: бақылаған жағдайды сипаттау: (өзін-езі ұстау, калпы, сөйлеуі, реакциясы, көңіл куйі, эмоционалді жағдайы, орналаскан орнын. уакытты, айналадағыларды және өзін-өзі тан

22. Қажеттіктердің бұзылуы:

- тыныс алу

- тамақтану

- су ішу

- шығару

- ұйыктау, дем алу

- таза болу

- киіну

- шешіну

- дені сау болу

- козғалу

- қауіптерге жоламау

- қарым-қатынас жасау

- дене температурасын сақтау

тұрмыстық және рухани байлықтарының болуы

24 Күтім кезіндегі науқастын тәуелсіздік дәрежесі Өзін өзі күту (тәуелсіздік дәрежесі) - өзін өзі куту, жартылай тәуелді,біреудің көмегімен, толығымен тәуелді

Мейірбикелік диагноз - бұл мейірбикенің араласуын қажет ететін және мейірбикенің тексеру нәтижесінде қойылатын науқастың денсаулығының жағдайы. Мейірбикелік диагноз дәрігерлік диагнозды айырмашылығы:

• дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік - ағзаның өзінің жағдайына берген реакциясын анықтауға мақсатталады;

дәрігерлік диагноз аурудың ағымында өзгермеуі де мүмкін. Мейірбикелік диагноз әр күн сайын өзгеруі мүмкін немесе ағзаның реакциясының өзгеруіне байланысты күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін;

• дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибе деңгейіндегі емді тағайындайды, ал мейірбикелік - мейірбикелік араласу онын компетенциясымен тәжірибесіне байланысты;

Дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістердін тууына байланысты болады. Мейірбикелік - көбіне науқастың жағдайына байланысты болады.

 

АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ

ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС

Тыныс алу жүйесінің қызметі бузылған науқастарды бақылау және күтім жүргізу

Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмір қышқыл газын шығару кызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 дан 20 - ға дейін болады, бұл адамның жасына, жынысына, дене бітіміне байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.

Тыныс алу мушелері ауруларының жалпы сипаттамасы

Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарыныңырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - корғаныш-физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орның толтырып, жиналған қышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай-ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға

Ентікпенің екі түрі бар - инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе ұзақ дем алумен сипатталады және ол дауыс I саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлык, ентікпе /қиналып дем алу/ ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңылауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.

Тыныс алу жүйесінің көптеген жедел және созылмалы ауруларында ентікпе кездеседі. Оның болуының себебі көбінесе қанның газ кұрамының шгеруіне байланысты - кұрамдағы көмірқышқыл газы жоғарлап, оттегі томендейді, қанның рН қышқылдығы жоғарлап, ол тыныс орталығындағы және шеткі хеморецепторлардың тітіркендіргенен тыныстың жиілігімен тереңдігі өзгереді.

Кенеттен пайда болған өте күшті демікпені - тұншығу деп атаймыз. Бронх өткізгіштігінің жедел бұзылудағы тұншығу (бронхтың спазмы, кілегей қабатының ісінуі, онда тұтқыр кақырықтың жиналуы) - бронх астмасының ұстамасы деп аталады. Бұл жағдайда науқастар ауа жетпей, көгеріп, тынымсыз, өзінің жағдайын жеңілдетуге тырысады.

Науқаста ентігу немесе тұншығу пайда болғанда мейірбикенің міндеті:

- бірден дәрігерге ентігу сипаты, тыныс алу жиілігі туралы өз бақылауын айту, сондай-ақ, науқастың жағдайын жеңілдету үшін шаралар қолдану;

- науқасқа биіктеу (жартылай отырғызу) қалып беру;

- тар киімнен және ауыр көрпеден босату;

- бөлмеге таза ауа ағынын арттыру;

- дәрігердің сәйкес тағайындауы болса, науқасқа қалталық ингалятор беріп, оны қалай қолдану туралы түсіндіру;

- қажет болса оксигенотерапия жүргізу.

Жөтел - бронхтардың және жоғарғы тыныс жолдарынан бөгде заттар, шараналар, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады. Жөтел рефлексі кақырынуға көмектеседі. Дауыс саңылауы жабулы кездекенеттен әрі шұғыл дем алу жөтелуге түрткі болады. Жөтел деген былайша шығады - адам терең демалады, содан кейін дауыс саңылауы, барлық тыныс алу бұлшық еттері, диафрагма мен төс етегі жабылады, екпедегі ауа қысымы көтеріледі. Дауыс саңылауын шұғыл ашқан кезде тыныс жолында жиналған ауа қақырықпен немесе басқа бөгде заттармен бірге күшпен ауыз арқылы ашылып шығады. Тыныс жолдарындағының бәрі мұрын арқылы шықпайды, себебі жөтел кезінде мұрын қуысы жұмсақтаңдаймен жабулы тұрады.

Сипатына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін дымқыл болады. Жөтел негізгі ауруды біршама ауырлатады. Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, кақырық түспейді. Дымқыл жөтелде кақырық түседі, онын үстіне неғұрлым сұйықтау болса, оңай қақырынады.

Жөтелі болса мейіркеш дәрігердің белгілеуін қатан орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып жылы сүт, қақырық түсіретін микстура беріп, оның тоңып қалмауы үшін сыркатты қымтап жабады.

Қақырық - өкпе мен тыныс жолдарынан жөтел кезінде бөлінетін патологиялық секрет. Қакырықтың мөлшері мен касиеттерін анықтаудың үлкен диагностикалық маңызы бар. Сипаты бойынша қақырық шырышты, серозды, іріңді, геморрагиялық, аралас болады. Оның тәуліктік мөлшері 10 мл - ден (созылмалы бронхит кезінде) 1 және одан да көп литрге дейін болуы мүмкін (өкпе абсцесі бронхқа жарып шыққанда, өкпе гангренасында немесе бронхоэктаз ауруында).

Құрғақ жөтелі бар науқастың күтімі - бұл негізгі аурудың емі, қақырық түсіретін препараттарды қолдану, көп мөлшерде жылы сілтілі сұйықтық ішуді ұсыну. Қақырық болғанда мейірбике қалталық ингалятордың тазалығын және уакытымен босатылуын бақылап, оларды хлораминнің, хлорлы эктің сұйық ерітінділерімен күнделікті зарарсыздандырып отыруы керек. Науқастың үнемі күніне бірнеше рет 30 минуттан дренажды қальш (қақырық ете жаксы шығатын қалып) қабылдауын қадагалау қажет.

Қақырық жақсы түсуі үшін сырқаттың неғү_рлым ыңғайлы қалпын табу қажет, яғни дренаж калыппеіі жатқызу. Біржакты процесс кезінде оны ауырмайтын бүйіріне келтіру. Дренаж қалыпты жатқызу 20-30 минут бойы күніне 2-3 рет қайталанады. Мейіркеш сырқаттың жүйелі түрде осының бәрін орындап отыруын қадагалауы тиіс. Сырқат күнгірт шыныдан жасалған, бұралмалы қақпағы бар түкіргішке түкіруі тиіс. Тәулік бойындағы қақырықты өлшеу үшін қалта түкіргішінен мөлдір ашық түсті шыныдан жасалған, қақпағы бар, бөлімдерге бөлінген ыдысқа кұяды да, қараңғы салқын жерде ұстайды.

Көп қақыратын сырқатқа жақсы бұралып жабатын, калтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған сырқатка жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды.

Қан тукіру - бұл біркелкі немесе жеке жолғалы қан араласқан (мысалы, өкпе ісігінде «таңқурай желесі» тәрізді) қақырықтың түсуі. Крупозды пневмонияда қақырық «тат басқан» болуы мүмкін. Тыныс жолдары арқылы қанның көп мелшерде бөлінуі (жөтелмен немесе үздіксіз ағынмен) өкпеден қан кету деп аталады. Оны асқазан қан кетуінен ажырата білу керек. Өкпеден қан кеткенде кан алқызыл түсті, көбікті, ұйымайды, сілтілі реакциялы, жөтелген кезде бөлінеді, ал асқазанннан қан кеткенде қан асказанның кышқыл сөлінің әсерінен және тұзқышқылды гематиннің құрылуы салдарынан қошкыл түсті, «кофе тұнбасы» сияқты, қышқылды реакциялы, тамақпен араласқан, құсқан кезде бөлінеді.

Қан түкіру және өкпеден қан кету шұғыл дәрігерлік әрекетті (диагностикалық рентгеноскопия. томография, бронхоскопияны) қажет счетін өте қауіпті симтомдар болып табылады.

Науқастын күтімі - толық тыныштықпен қамтамасыз ету, сол жақ өкпеге қанның түсуін болдырмас үшін науқасты зақымданған жағына қарай қисайтып жартылай отырғызу. Кеуде клеткасының зақымданған жағына мұзды қабық қойылады. Сонымен қатар мұзды жұтқызады, бұл тамырлардың рефлекторлы спазмына және өкпеге қан толудың азаюына әкеледі. Қатты жөтелгенде қан кету күшейеді, жөтелге қарсы заттар тағайындалады. Тамақ тек қана суық қоймалжың түрінде беріледі.

Кеуде клеткасына оңкалар, қышалар, компрестер қоюға болмайды! Егер сырқат өздігінен аузын шая алмайтын болса, мейіркеш шпательге оралған зарарсызданған салфеткамен жайлап онын ауыз қуысын сүртіп, аузында қалған қанды кақырық қалдықтарын шығаруы тиіс.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1477;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.075 сек.