транссудациясын жасау. 6 страница

Рұқсат етілмейтіндер:саңырауқұлақтар, шпинат, қымыздық, лимон, дәмдегіштер, какао.

№ 6 диета

Тағайындалуы:Подагра ауруы.

№ 7 диета

Тағайындалуы:Бүйрек аурулары.

Сипаттамасы: бүйректі қорғау. Тұзды шектеу (1-5г), сұйықтықты шектеу (800-1000 мл), тәтті, экстрактты заттарды шектеу керек. Дайындалуы – қуыру, буға пісіру.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:тұзсыз нан, майлы ет, балық, пісірілген құс еті, макарон тағамдары. Жұмыртқаны шектеу, курага, өрік қант, бал, сүт және сүт өнімдерін кеңінен қолдану.

Рұқсат етілмейтіндер:бұршақтар, қаймақ.

№ 8 диета

Тағайындалуы:Семіздік.

Сипаттамасы: майлар мен көмірсулар есебінен тамақтың энергетикалық құндылығын шектеу. Соған сәйкес ақуыздың мөлшерін көбейту. Тұздықтарды, экстрактты заттарды, сұйықтықтарды шектеу. Көкөністерді көбейту. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:қара нан, пісірілген майсыз ет және балық. Қарамық ботқасы. Әр түрлі көкөністер (картоптан басқа) өсімдік майымен. Жеміс-жидектер. Майсыз сүт, сүт өнімдері, қант орнына ксилит қолдану.

Рұқсат етілмейтіндер:тәтті жемістер: құрма, жүзім, інжір; дәмдегіштер.

№ 9 диета

Тағайындалуы:қант диабеті.

Сипаттамасы:құрамында холестерині бар заттарды, рафинадталған көмірсуларды шектеу немесе мүлдем қолданбау. Дайындалуы – пісірілген, тағамдар, қуырылған тағамдар шектеледі.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:қара бидай наны, қара нан, көкөніс сорпалары. Ботқалар: қарамық, сұлы. Жемістер, қышқыл сүт өнімдері. Майсыз ет және балық.

Рұқсат етілмейтіндер:тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәтті жемістер. Қызылша, сәбіз, жасыл бұршақ картоп, жұмыртқа шектеледі.

№ 10 диета

Тағайындалуы:жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларында.

Сипаттамасы:ас тұзын, құрамында холестерині бар өнімдерді, жануар майларын шектеу. Дайындалуы – суға пісірілген. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:ірі үгітілмелі бидай ұны, ет сорпасынан сорпалар. Ет сорпасы аптасына 1 рет тағайындалады. Пісірілген балық, майсыз ет. Көкөністер өсімдік майымен қолданылады. Қарамық, сұлы, қышқыл сүт өнімдері кеңінен пайдаланылады. Тамақ дайындауда өсімдік майларын қолдану қажет.

Рұқсат етілмейтіндер:Қою шәй, кофе, какао, консерванттар, ауыр сіңетін майлар, алкоголь тиым салынады.

№ 11 диета

Тағайындалуы:өкпе туберкулезінде.

Сипаттамасы:дәрумені мен ақуызы көп май мен көмірсу шағындап көбейтілген калориялы тағам. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Сүт тағамдары. Тәулігіне 4-5 рет қабылдайды.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: дайындау – аспаздық өңдеу әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған. Дәрумендер көп мөлшерде. Белок 120-140г, 100-20г май, 500-550г көмірсу.

Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер.

№ 12 диета

Тағайындалуы:жүйке және психикалық аурулар.

Жүйке жүйесін қоздыратын заттар- кофе, шәй, алкогольді ішімдіктер, тұздықтар, тұздалған, ащы тағамдар шектеледі. Дәрілік шәй (жалбыз, мелисса т.б.) қолданылады.

№ 13 диета

Тағайындалуы:жұқпалы ауруларда, қызбада.

Сипаттамасы:белоктар қалыпты жағдайда болуы керек, май мен көмірсу калориясын шектеу. 70-80г белок, 70г май, 300г көмірсу, 2200 калория. Көп мөлшерде С және басқада витаминдер тағайындалады, тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:сусын, көп мөлшерде сұйық беру. Дайындалуы – тағамды үгіп немесе тартып беру, химиялық тітіркендіргіштер аз болуы керек.

Рұқсат етілмейтіндер:май, көмірсу калориясын шамалап беру.

№ 14 диета

Тағайындалуы:Несептің сілтілі реакциясы және фосфор-кальций

тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия

Сипаттамасы:несептегі реакцияны қышқыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2л. Дайындалуы – аспаздық өңдеуі әдеттегідей, тәулігіне 4-5 рет.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сүт, ірімшік, сыр, сұйықтық жалпы мөлшері 1,5-2л. 80-100г белок, 100г май, 400г сутегі, 2800калорий.

Рұқсат етілмейтіндер:сілтілендіретін әсері бар тағамдар.

№ 15 диета

Тағайындалуы:барлық пациенттер ауырған жағдайда яғни жалпы стол.

Сипаттамасы: дәрумендердің екі есе көбейген толыққұнарлы тағам, майлы ет тағамдары шектеледі.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері:қара бидай наны, көп мөлшерде жеміс жидектер, көкөніс өнімдері, сүт, ақ нан, картопты гарнир ретінде ұсынады, тәулігіне 4-5 рет қабылданады.

Рұқсат етілмейтіндер:майлы ет.

-Аурухана мекемелері үшін 4 рет тамақтандыру, науқастардың кейбір топтарын /жүрек, ішкі жара ауруларын/ 5-6 рет тамақтандыру белгіленген. Науқастың тамақ қабылдау санына және сол мекеменің күн режиміне қарай тамақтану уақыты анықталады. Тамақты дер кезінде ішу науқастың тамақ қабылдау уақытына шартты рефлексін дағдыландырып, тәбеті мен ас қорытуын жақсартуға көмектеседі.

Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады, тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог – дәрігер атқарады. Ол аурухана асханасын басқарады. Емдік тамақтанудың міндеттері – бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және ауру ағымына терапиялық әсер ету.

Диетаның қажеттілігі мен ұзақтығын дәрігер белгілейді және диета пациенттің ауруына, жағдайына, диетаны көтере алуына байланысты. Дәрігер диетаның мөлшерін медициналық картаға, тағайындау парағына белгілейді.

Бөлімшедегі мейірбике тағайындау парағын тексере отырып, күнделікті тамаққа талап қағазын (порционник) құрастырады. Тамаққа талап қағазында диеталық столдар, жеңілдену күндері және адамға арналған арнайы диеталардың саны туралы мәлімет болуы керек. Әр палатадағы диеталардың барлығы қосылып, жалпы тамаққа талап қағазын аға мейірбике құрастырады. Ол талап қағазына бөлім меңгерушісі қол қойып, сонан соң ғана ас дайындау бөлмесіне жіберіледі.

Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға міндетті.

15.Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру

Ауыр науқастарды күту мейірбикеден сабырлылықты, шеберлікті және мейірімділікті талап етеді. Әдетте ауыр науқастар ренжігіш, талап қойғыш, шыдамсыз болып келеді. Науқастың мұндай тәртібі оның өзінен емес, оның ауруының психикасына әсер етуінен болады. Мұны аурудың әсері деп қабылдау керек. Мұндай науқастар көбіне тамақ ішуден бас тартады. Мұндай тынышсыз науқасты тамақтандыру көптеген әдіс-тәсілді талап етеді. Бөлмені желдетіп, науқастың қолын жуғызу керек. Бұл кезде мейірбикеге кіші мейіркештің көмегі қажет. Науқастың жағдайы келсе, оның отырғызып не басын биіктеткен жөн. Науқастың отыруға жағдайы болмаса, науқасты бір қырымен жатқызу керек. Ауыр науқасты тамақтандыру үшін алдына кішкене стол орнатылған арнайы төсектер қолданылады. Ал мұндай арнайы төсек болмаса, оның орнына тумба қоюға болады. Тағам жартылай сұйық және жылы болуы шарт. Науқасты қасықпен не арнайы сусындатқышпен (поильник) тамақтандырады. Асықпай науқастың тағамды дұрыс қабылдауына жағдай жасау керек. Тағамды аз - аздап беріп тұру қажет. Тағам әр түрлі және тәбет ашатындай болуы қажет.

Ас қабылдағаннан кейін тағам қалдығын және ыдысты жинап алу керек. Науқастың ауыз қуысын қайнаған сумен шайғызады.

Халі ауыр пациенттерді тамақтандыру іс- әрекеттері

Мейірбике науқасты тамақтандыруға дейін, барлық емдеу жұмыстарын бітіріп, палаталарды желдетіп, төсекте жатқан науқастарды дәретке отырғызып тамақ қабылдауға дайындайды.

Дайындау қажет:

1. Жылы тамақты;

2. Табақты, ішінде суы бар ыдысты, орамалды, салфетканы, кереуеттің жанына қоятын столда таза қасықты, тамақты, су ішкізетін ыдысты (поильник).

Іс- әрекеттер:

1. Қолыңызды жуыңыз.

2. Пациентке қолын жууға көмектесіңіз.

3. Пациенттің жағдайының мүмкіншілігіне қарай, оны жоғары көтеріп

жатқызыңыз.

4. Пациенттің кеудесіне салфетка жайыңыз.

5. Тамақтың ыстықтығын тексеріңіз.

6. Тамақтандыру кезінде сөйлеуге рұқсат етілмейді, шашалып тамақ

тыныс жолдарына кетіп қалуы мүмкін.

6. Пациентті қасықпен асықпай тамақтандырыңыз.

7. Сусынды су ішкізетін ыдыспен (поильникпен) беріңіз.

8. Тамақтандырып болғаннан кейін пациенттің аузын шайдырып, сүртіңіз.

Аурухана мекемелері үшін 4 рет тамақтандыру, науқастардың кейбір топтарын /жүрек, ішкі жара ауруларын/ 5-6 рет тамақтандыру белгіленген. Науқастың тамақ қабылдау санына және сол мекеменің күн режиміне қарай тамақтану уақыты анықталады. Тамақты дер кезінде ішу науқастың тамақ қабылдау уақытына шартты рефлексін дағдыландырып, тәбеті мен ас қорытуын жақсартуға көмектеседі.

Науқасты жасанды тамақтандыру

Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды /ауыз қуысы аурулары, асқазан-ішек құрылысы, ес-түссіз жағдайларда т.б./. Мұндай жағдайларда жасанды жолмен тамақтандырады. Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентералды /веналық немесе тері асты/ жолымен қоректік заттар енгізу болып табылады. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады.

Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады:

  1. Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
  2. Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
  3. Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.

Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.

Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.

Науқасты мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген

зонд көмегімен тамақтандыру

Қажетті заттар: залалсыздандырылған жіңішке зонд (мұрын катетері), вазелин, воронка немесе Жане шприцы, 600-800 мл сұйытылған тағам.

Іс -әрекеттер:

1. Залалсыздандырылған асқазан зондын алыңыз.

2. Зондты (мұрын жолы арқылы енгізгенде) вазелинмен майлаймыз.

3. Зондты төменгі мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы енгізу керек

4. Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын

саусақпен баса отырып, көмейге дұрыс келуін қадағалау керек.

5. Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз, ақырындап

воронкаға дайын тамақты құямыз. Әзірлеген сұйық тамақты

Жане шприцімен сорып алып, ауасын шығарып беруге де болады.

6. Қоректік заттарды енгізіп болған соң, ондағы тағамның қалдықтарын

жуу үшін зондқа таза су құяды, кейін воронканы алып тастаймыз.

7. Зондтың ұшын науқастың бетіне лейкопластырмен оған кедергі

жасамайтындай етіп бекіту керек.

8. Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3

тәулікте ауыстырып тұру керек.

Есіңізде болсын!Зонд өңешке немесе асқазанға түссе пациенттің хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдырыңыз.

Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы қоректендіру

Асқазан тесігін жасап, ол арқылы тамақтандыру өңештен тамақ өтпейтіндіктен, қарын қалтқысының тарылуынан болады. Жылытылған тағамды шағындап /150-200мл/ күніне 5-6 рет құяды. Құятын тамақты біртіндеп 250-500мл дейін көбейтеді, бірақ жіберуді күніне 3-4 ретке дейін азайтады. Воронка арқылы ұнтақталған қатты тағамдарды, сұйық тағамдарды беруге болады. Воронкаға көп тамақ құюға болмайды, себебі қарын немесе ішек бұлшық еті тарылып, тамақ тесік арқылы сыртқа шығуы мүмкін.

Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру

Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).

Іс- әрекеттер:

1. Қолыңызды тазалап жуыңыз.

2. Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.

3. Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.

4. Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.

5. Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.

6. Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.

7. Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып, Лассар пастасымен майлаңыз.

8. Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.

Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу

Егер науқастың өңешінен ас өтпей қалса, өңешке немесе өңештің асқазанға құяр жеріне операция жасалса, қоректік заттарды клизма арқылы тік ішекке жібереді. Тік ішек арқылы қоректік заттар жіберу үшін бір сағат бұрын тазалау клизмасын жасау қажет.

Клизма арқылы жіберетін қоректік заттар: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид ерітіндісін, амин қышқылы ерітіндісін 37-38°С жылытып, 300-500мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды. Осы тәртіппен тәулігіне 3 -4 рет жібереді. Қоректендіру клизмасын жиі пайдалануға болмайды, себебі одан тік ішек сфинктері тітіркеніп, жара пайда болуы мүмкін. Осындай асқынулар болмау үшін тік ішекті ұқыпты жуып тұру керек.

Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу

Асқазанға жасалған операциядан кейін, ісік болғанда ас қорыту жүйесіндегі аурулар кезінде парентералдық тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісі, белокты препараттарды, дәрумендерді, минеральды тұздарды, жүйе /система/ арқылы тамшы күйінде жібереді. Қоректік заттарды қанға құяр алдында 37-38˚C –қа дейін жылыту керек. Қоректік ерітінділерді қанға тамшылатып жібергенде оның тамшылар жылдамдығына мұқият қараған жөн. Мысалы, гидролизин, гидролизат казеин ақуызы, фибринсол, полиаминдерді алғашқы 30 минут ішінде минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызу керек, осы аралықта науқас тарапынан ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамызуға болады.

Полиамин ерітіндісін алғашқы 30 мин ішінде минутына 10-20 тамшы, содан соң 1 минутта 25-35 тамшыдан тамызады. Липофундин S /10% ерітінді/ алғашқы 10-15 минут ішінде минутына 15-20 тамшыдан тамызылады, ал науқас тарапынан ешқандай өзгеріс болмаса, бірте-бірте тамшы жылдамдығын көбейтеміз, минутына 60 тамшыға дейін жіберуге болады. Мысалы, 500мл ерітіндіні құю 3-5 сағатқа созылады.

Ақуызды препараттар қанға жылдам кетсе, онда науқастың екі беті қызарып, денесі ысып, тынысы тарылады. Сол себепті қоректік заттарды қан тамыры арқылы жібергенде өте мұқият болған жөн.

16.

Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.

Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі.

Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау; ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек.

Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.

Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға болмайды.

Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді.

Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық қағидалары.

Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баяндаған дұрыс.

Кәсіптік этика мен деонтология

Этика – мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика - кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын философияның бір саласы деуге болады.

Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.

«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр:

1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.

2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.

3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.

4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.

Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет.

Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады.

Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет.

Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес.








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 1382;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.041 сек.